Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Еңбекшіқазақ ауданында өрімдей қыз автокөліктің астына түсіп көз жұмды

25.06.2022
КҮЛТӨБЕ
Еңбекшіқазақ ауданында өрімдей қыз автокөліктің астына түсіп көз жұмды
WhatsAppTelegramFacebook

Еңбекшіқазақ ауданындағы Бәйтерек ауылында өрімдей қыз автокөліктің астына түсіп көз жұмды. Қайғылы оқиға 19 маусым күні таңғы сағат 10 шамасында болған. «Бастау» саяжайынан шыққан жеткіншек жол ережесін сақтап, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан…

Жас қыздың қазасы көпшілікті тағы шошытты. Ашуға булыққан топ оқиға болған жерге жиналды. Жергілікті билік өкілдерін шақырды. Жанайқайын жеткізбек.  Бір апта бұрын «Бастаудың» тағы бір тұрғыны осындай халде көлік апатына түсіпті. Әйтеуір аман қалған. Ал Гүлнара Әкімханова басынан өткен жайды әлі ұмыта қоймаған.
– 2017 жылы мен де күре жолда зулаған автокөліктен зардап шектім. Қол-аяғым сынып, омыртқама зақым келді. Біраз уақыт төсек тартып жаттым. Әлі де толық оңала қойған жоқпын. Жүргізушілер арнайы белгіге пысқырып та қарамайды. Соның салдарынан айдың-күннің аманында адамдар ажал құшады. Осылай өле береміз бе? Бұл мәселенің  шешімі тез арада табылуға тиіс. Меніңше, көлік нөпірінен көпір ғана құтқарады. Көпір керек! – дейді ол. 
Бір жылдың ішінде осындай көлік қаққан адамдардың саны 10-15-ке жеткенін зар жылаған жұрт жасырмай айтты. 
– Бәйтеректің Алматыдан кіреберіс жағында 8 саяжай бар. Біздікі «Бастау» деп аталады. Тұрғындар осы жолақ арқылы жолдың арғы бетіне өтеді. Ең қауіптісі де – осы кіреберістегі тұс. Өйткені, Құлжа күре жолымен жүйткіп келе жатқан көліктер жылдамдығын азайтуға асықпайды. Әсіресе, мектепке баратын балаларға қиын. Олар үйге келгенше жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. Бізге бағдаршамның да, басқаның да керегі жоқ. Тек жаяу адам өтетін көпір салып берсе болды, – дейді саяжай тұрғыны Серікбай Райсов.
Көп кешікпей осында Бәйтерек ауылының басшылары да жетті. Әкім еңбек демалысында екен. Оның міндетін орынбасары Ринат Сарғожанов атқарып жүр. Тұрғындар «көпір салынса» деп қол қойған арыз-шағымын оның қолына ұстатты. 
– Құлжа күре жолы республикалық «Қазавтожол» мекемесіне қарайды. Арыздарыңызды тіркеп, аудандық автомобиль жолдары бөліміне апарып береміз. Олар ары қарай әрекет жасайды. Жұмыс осындай ретпен ғана шешіледі, – деді Ринат   Сарғожанов.
Жиналғандардың арасында кеше ғана өмірі қиылған Іңкәрдің туысы да жүр. 
– Іңкәрдің ата-анасы үйде қайғыдан қан жұтып отыр. Қызымыз биыл 5-сыныпты тәмамдаған. Арманы көп еді. Әпкесінің туған күні болатын. Оған сыйлығымды табыстаймын деп үйден шыққан. Алайда жолдың ар жағына жетіп үлгере  алмады… – деп жылап жіберді Меруерт.
Қызды қаққан жолақтан біз де өттік. Асфальтқа сызылған бояу өшуге шақ қалыпты. Жылдамдықты 40-қа дейін түсір дейтін арнайы белгіні көре алмадық. Есесіне МАИ автокөлігі бейнеленген тақтайша тұр. Бірақ оны елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. 
Автокөліктер тежеуішін шиқылдатып барып әрең дегенде тоқтады. Әсіресе, жүк көліктерінің нөпірі өте көп. Себебі ауыл маңында тас-құм шығаратын зауыт жұмыс істеп тұр. Жан-жағымызға жалтақ-жалтақ қарап әрең өттік. Шынымен де қорқынышты…

Жұрт жетіскеннен көшеге шықпайды. Оның себептері жоғарыда баяндалды. Ауыл басшылары көпшіліктің ашына хат жазуын күтпей-ақ, көзі көрген оқиғаларға ден қойып, өздерінің тарапынан жіті қимылдап, тиісті орындардың назарын аудартуға міндетті. Олардың халық алдындағы бір қызметі осымен өлшенеді. Ендігі жерде ауданға және «Қазавтожолға» ресми қатынастар жіберумен шектелмей, жоғары орындардың қандай шешім қабылдайтынына жанкүйерлікпен құлақ түріп, ауыл тұрғындары талабының жүзеге асуы үшін жүгіреді деп сенеміз. Өйткені көпір салу адамның өмірінен қымбат емес. 
 

Болат МӘЖИТ,
Еңбекшіқазақ ауданы,
 Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026
Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.