Мен Камолданова Жазира Ғылымханқызы.
25 маусым 1973 жылы Талдықорған облысы, бүгінгі Жетісу облысы, Ақсу ауданында дүниеге келдім.
1981-1988 жылдары Қарашілік 8-жылдық мектебінде білім алып шықтым.
1988-1992 жылдары Панфилов педагогикалық училищесіне оқуға түсіп ,бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алып шықтым.
1992 -2014 жылдары ұстаздық қызмет атқардым.
2014 -2023
«Айша бибі» аналар Қоғамдық Бірлестігі, « Әділет TLD» Жергілікті кәсіподақ» ҚБ,
«Жылы-ұя» қоғамдық қоры , «Жетісу тәуелсіз бақылаушылары» ҚБ және «Жетісу қоғамдық палатасы» Қоғамдық Бірлестіктерінің төрайымы қызметін атқарамын.
2009 жылы ҚР Президентінің жарлығымен ,,Алтын алқа” және ,, Күміс алқа “ ордендерімен марапатталдым.
Әрбір Отбасының баспаналы болуы ,мемлекетіміздің негізгі міндеті.
Қазақстанымыздың барлық баласына жәрдемақы 70000-нан тағайындалып,бөлінбей төленсін.
Жоғары оқу орнындары мен колледждер әлеуметтік осал топтатағы отбасылардың балаларына тегін болсын.
Жер алу үшін кезекке тұру міндетін алып тастап, өтініш білдерген азаматтарға үй салуға жер телімі қолма-қол берілсін, кезек деген әңгіме болмау керек, кезекке тұрғызу ол жемқорлықтың нағыз көзі, ауылдық жерде жер телімі аз дегенде 50 шаршы метрден кем болмау керек.
Аналардың әлеуметтік жағдайларын мемлекет тарапынан көтеру үшін,ықпал жасау менің мақсатым.
Маған сенім артыңыздар!
Халқым үшін қызмет етуге дайынмын!
Байқағаным ауыл тұрғындарын жер мәселесі алаңдатады. Жайылым жетіспейді. Малы егісіткке түсіп, көп қиындық тудыратын көрінеді. Бос жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, нағыз шаруашылықпен айналысатын халыққа беру керек-ті.
Тапсырыс беруші: Камолданова Жазира Ғылымханқызы.
Жетісу облыстық маслихат депутаттығына өзін-өзі ұсынушы кандидаттың Республикалық бюджет қаражатынан төленді.





