Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ЕЛ СПОРТЫНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ АУЫЛ СПОРТЫНДА

29 маусым 2022
КҮЛТӨБЕ
ЕЛ СПОРТЫНЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ АУЫЛ СПОРТЫНДА
WhatsAppTelegramFacebook

Жуырда Жер жаннаты  Жетсуға жол түсіп барып қайтқан едік. Кезінде  Іляс Жансүгіров өз жырларына арқау болып кестелеген Жетісу өлкесінің тұмса табиғатына сүйсініп өзіңнің де көмейіңнен жыр суырлып шығатындай күйде боласың. Алланың нұры қонған жердің бір жаннаты дерсің. Көлікпен желдей есіп бара жатып, қазағымның кең байтақ даласына көзің тоймай тамсана қарай бересің. Бұл бір ғажап әсерлі көрініс. Талдықорған қаласына келіп табан тірегеннен кейін, грек-рим, күресінен олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Алматы облысы спорт басқармасының бастығы, өңір спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген дарабоз балуан Нұрбақыт Теңізбаепен бір тамаша нұрлы кездесу болды.

Мен келгенде  облыс орталығындағы бірнеше спорт кешендерінде Алматы облысы мемлекеттік қызметкерлерінің арасында спорттың 7 түрінен спартакиада жүріп жатыр екен. Әр ауданның мықтылары жеңіс үшін жан аямай кәсіби спортшылардай шеберліктерін салып-ақ жатыр. Әсіресе, орталықта барлық халықаралық стандартқа сай  су жаңадан салынған  суалабында ұзақтыққа жүзу, шалқалай малтау секілді түрлерден сынға түскен аудан, ауылдағы тұратын қызметкерлердің шеберлігіне көз алмай қарап үлкен әсер алдым. Ия, елдегі ағайындардың мұндай жақсы көрсеткіштерді көрсетуі өңірлерде спортқа деген зор көңіл бөлінудің арқасында деп айтуға толықтай негіз бар. Өйткені, қазір Алматы облысының әр ауданында тіпті кейбір ауылдарда спорт кешендері былай тұрсын, өзен суы жоқ аймақтардың өзінде су спортына бар жағдай жасалғанын байқайсыз. Ендеше, ел спортының алтын діңгегі ауыл спортында екенін облыс спортының тізгінін ұстаған Нұрбақыт Теңізбаев жақсы біледі. Сол үшін де білікті маман ауыл спортын дамыту арқылы ауылдарда спорт кешендерін салуға бар күш-жігерін сарп етуде. Ауылда туып өскен адам ғана ауыл тұрмысын, ауыл жағдайын жақсы біледі. Менімше, кезінде облыс әкімі болған Амандық Ғаббасұлы Баталов пен облыс спортының қазанында қайнап ауыл жастарына қамқорлық қолдауын аямай жүрген білікті басшы, білгір маман, даңқты балуан Нұрбақыт Молдахметұлы Теңізбаевтың ерен еңбектерінің жемісі бүгінгі күні көз алдыңа көріне бастағанының куәсі боласыз. Хош, сонымен Жетісу жеріне келген сапарымда өңір спортының тынымсыз қарқын алып жатқанына көз жеткізіп, ерекше әсерде қалдым. Бүгінгі күні спорттың әр түрінен Олимпиада, әлем, еуропа жарыстарында еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген Алматы облысының сптртшыларының толағай табыстары өңірлерде жасалған жақсы жағдайдың нәтижесі екеніне көз жеткізесіз. Осындай қасиетті мекендегі спортшылардың аяқ алысы туралы БАҚ көздерінен жазған жазбаларым ескерусіз қалмаған екен. Облыс спортының басшысы, белгілі балуан Нұрбақыт Молдахметұлы құрметпен маған диплом табыс етті. Азғана жазбамды елеп, ескеріп берген құрметіне балуанға зор алғысымды білдірдім.  Қазақы дәстүрмен менде өз тарапымнан осы жылы жарыққа шыққан «Ізгілікпен өрілген өмір» атты қазақ спортының  қайраткерлері туралы 30 жылдық жиып терген еңбегім туралы жазған энциклопедиялық кітабымды даңқты балуанға  тарту еттім. Сосын бұл кездесуде есте қалар деген оймен естелік суретіне түстік. Өңір спортының жаршысы Нұрбақыт Молдахметұлымен осылайша қоштасып шыққан кейін, осы Жетісу өңірінің тумасы аты барша қазаққа мәлім әйгілі балуан еркін күрестен аты айшықты балуан, қазақ жастары арасынан тұңғыш рет Атланта олимпиадасының қола жүлдегері сонымен қатар, қандастарымыздың арасынан Азия ойындарынының алғаш рет алтын алтын жүлдесін жеңіп алған аты барша елге машқұр балуан, Алматы облысы олимпиадалық резевтерді даярлау орталығының директоры тағы бір алаштың асыл ері Мәулен Сатымбайұлы Мамыровпен кездесіп, шығармашылық кітабымды аса құрметпен табыс еттім. Өйткені, Мәулен Сатымбайұлы кітаптағы басты бір кейіпкерлердің бірі болатын. Осылайша Жер жаннаты Жетісуға барып қайтқан сапарым мен үшін ерекше тартымды әрі әсерлі  болды. Бұл аймақтан Нұрбақыт Теңізбаев, Мәулен Мамыров сынды шоқтығы биік әйгілі балуандардың ізін басар әлі жарық жұлдыздардың шығатынына бек сенімдімін. Ол үшін нақты жағдайлар жасалынып жатқаны көзді алып тұр. Ал, жағдай жасалған жерде жастарымызда жарқын жеңісімен жемісін беретіні сөзсіз.

 

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Бүгін, 16:30
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Бүгін, 14:39
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін, 14:36
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

Бүгін, 13:30
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Бүгін, 12:30

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.