Талдықорған: +9°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Ел тірегі – Айбынды ер

07.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Ел тірегі – Айбынды ер
WhatsAppTelegramFacebook

Тәуелсіздік. Кез келген халықтың ұмтылатын, қол жеткізуге жан алысып, жан берісетін, қол жеткен соң әспеттеп, құныға қорғайтын қасиетті құндылығы. Тарихтың саф алтындай сарғайған парақшасы екі кейіпкермен жазылады: бірі – бағындырушы, екіншісі – тәуелсіздікке ұмтылушы. Осы әфсана әлі күнге бағдарынан жаңылған емес, жаңылмайды да. Себебі, еркін өмір сүру, азат болу адамның тамырындағы қанмен біте қайнасып жатыр. Қазір заман бөлек, қоғам бөлек. Дейтұрғанмен, адам әу бастағы болмысынан айныған жоқ. Бағындыруға, тәуелді етуге құштар жұрттар бар. Сондай тұста егемен елдің шекарасын бүтін, шаңырағын биік етер тек қорғанысқа негізделген Қарулы Күштер.

Тәуелсіздік пен ел тыныштығының қалқаны саналатын әскер қашанда айбынды болуы тиіс. Олай болмағанда ел амандығын қанша сауғаласаң да көз алартқандар шығады. Ал, әскер қалай айбынды болмақ? Заңды сұрақ! Оған да заңды жауап – әскер қаруымен, оқ-дәрісімен айбынын асырмайды, ондағы отаншыл, ел мен жердің қадір-қасиетін түсінетін сарбаз ғана айбынды қылмақ. Дейтұрғанмен, қазіргі жастар арасында Отан алдындағы қасиетті борышты өтеуден жалтаратындар баршылық. Ондайлар медициналық тексерісте жалған диагноз қойдырып, есебін тауып, бір жылдық парызды өтеуден қашып жүреді. Олар әскерден қашу арқылы мемлекеттің қауіпсіздігіне зиянын тигізіп жатқанын ескерер ме екен?!

Кеңес дәуірінде әскерге бармау жігіттікке сын еді. Отан қорғау борыш һәм парыз тәмсілінің құны аспандап тұрған. Қазір ше, қазір тәуелсіз Қазақстанның тың тарихы 3 онжылдыққа басқанда жастардың әскерге бармау үрдісі «қалыпты жағдай» деңгейінде бағаланып жүр. Көп жұрт мұны патриотизмнің төмендігімен бағамдайды. Теңгенің екі бетіндей дүниенің тағы бір мысалы – үрей. Себебі, бейбіт күнде әскерге барып, қайтқан табыт көп. Мәселен, ресми деректерге сүйенсек: 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде елімізде әскери қызметтегі 270 азамат қаза тапқан. 2020 жылы 78, 2021 жылы 96 адам, 2022 жылы 85, ал 2023 жылы 11 адам. Солардың 36%-ы ауру салдарынан, 24%-ы жол апатынан, 20%-ы өз- өзіне қол жұмсау (суицид). Мысалы, 2022 жылы жарияланған дерекке сәйкес сол уақытта 10 жыл ішінде 220 әскери адам өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл дәйек те ертеңіне алаңдаған жастың миының мың қатпарында үрей синдромын сілкінтеді.

Дейтұрғанмен, тәртіп талаппен шыңдалады. Ал әскерде талаптың қаталдығы жастардың сағын сындыруы мүмкін. Шектен тыс еркіндікке үйренген адамның қағида мен тәртіпке бірден мойынсұна қоюы оңай болмайды. Әскердегі «дедовщина» қай дәуірде де болған. Шыңғысханның әскерінің күллі Азия мен күллі Еуропаны тізерлетуі де сондай қатал тәртіп екенін еске түсірген де абзал. Қызыл империяның тұсында да қанша қазақ жасы арғысы Балтық елдері, Сібірде, тіпті, қақтығыс орын алған елдерде әскери борышын өтеді. Сол уақытта да «дедовщина» болмады дей алмаймыз. Бірақ, тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Қарулы Күштерін жиі жаңғыртып, заң үстемдік құрған құрылымға айналдырып келеді. Әскери әлімжеттік азайған. Дейтұрғанмен, әскердегі сарбаздардың қазасы кімді болмасын ойландырады. Дана қазақ дүниеге ұл келгенде «елімнің қорғаны, халқымның қалқаны келді» деп атойламаушы ма еді?! «Ұлды ұлша тәрбиелесең ұл болады, құлша тәрбиелесең құл болады» тәмсілі де бар. Демек, әскердегі суицид мәселесін тек Қарулы Күштердегі әлімжеттікке ғана тіреп қоймаған абзал. Қоғамдағы «ұлды ұлша тәрбиелеу» жайының төмендігін де саралаған жөн. Қисық бұта уақытында түзелмесе, қисық ағаш болып өсерін ескерген абзал.

Шыны керек, жастарға керегі – жаман ойдан арылып, болашағына жауапкершілікпен қарау. Әскер – тек қару ұстап, қатар шебінде тұру емес, тәртіпке үйретіп, мінезді шыңдайтын, жігерді жанитын азаматтық мектеп. Тәртіп бар жерде – сенім, сенім бар жерде – тұғыры биік, мықты ел бар. Ал мықты елдің тірегі – рухы биік, жауапкершілігі жоғары ер-азамат!

Ақбота ӘЗІМБАЕВА

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.