Талдықорған: +11°C
$ 471.46
€ 555.38
₽ 6.18
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Халық талабы – қолайлы өмір

Әр өңірдің жетістігі облыстың нақты көрсетікшін көрсетеді. Экономикалық өрлеу, әлеуметтің әлеуеті, жерге деген сұраныс, баспана бақытына бөлену, халық денсаулығы, ауыл шаруашылығының тынысы, мәдениет пен руханият аймақ басшысының басты назарында екені даусыз. Осы мақсатта облыс әкімі Бейбіт исабаев Ақсау ауданына арнайы іссапармен барды. Тұрғындармен кездесті, сан сауалдарына жауап берді, түйткілді мәселелердің ретімен шешіліп жатқанын жеткізіп, жалпы облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды да хабардар етті. Ашық әңгіме айтылып, ортақ ой ортаға салынды.

06.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Халық талабы – қолайлы өмір

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

ЖҰМЫСЫ СЫЛБЫР,
ҚАРЕКЕТІ ӘЛСІЗ

«Халық қаласа, хан түйесін сояды» – деген бар. Асылы, қандай билік болмасын, бастауы халықтан дегенді аңғартса керек. Алайда қазір заман басқа, заң басқа. Қандай қоғам болмасын, биліктің шексіз де, шетсіз де иесі халық болып қала береді. Демек, құзырет тізгіндегендер бұқара үшін жұмыс істеуі керек. Бюрократиялық түлкі бұлаңға салмай, заң талаптары шеңберінде халықтың сұранысын қанағаттандыруы қажет. Мәселен, қазір әрбір қазақстандықтың ең басты сұранысы баспана. Бізге дейінгілер «Баспана – бас қайғы» деп тегін айтпаса керек. Жетісу облысы құрылғалы жергілікті атқарушы органның негізгі миссиясының бірі – баспана кезегіндегілердің санын азайту болды. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев халықпен әрбір кездесуінде кезектің азайып келе жатқанын ақжолтайлап жүрген. 3 жылда мыңдаған пәтер иесін тауып та жүрді. Алайда тұрғындарға шаршы метр үлестіру биыл мамыр айынан бастап «Otbasy bank-тің» құзыретіне өтті. Сол-ақ екен, бұл мәселе «алты ай бойы берілмеген Отырардың» күйін кешуде. Кезектегі бірде-бір тұрғынға баспана кілті табысталмаған.

Осы уақытқа дейін атқарушы билік шашасына шаң жұқтырмай келген баспана кезегі байлаулы аттай қазықта тұр. «Otbasy bank» облыстық филиалының жұмысы сылбыр, қарекеті әлсіз. Жұма күні Ақсу ауданының тұрғындарымен есепті кездесу өткізген облыс әкімі жүйелі шешіліп жатқан мәселені қайта көгендеп қойған тиісті құрылымның жұмысын айыптады. Құзыретті құрылым өкілдеріне осы уақытқа дейін әкімдік үйлестірген істі қайта жандандыруды нығырлай тапсырды.

ТИІМДІ ТӘСІЛ –
МОЛ ӨНІМ КЕПІЛІ

Кезекті кездесуде аймақ басшысы облыс әкімдігінің жүйелі қолдауымен өркендеп жатқан Ақсу ауданында атқарылған жұмыстарды саралап, алда атқарылуы тиіс жоспарларға тоқталды. Жергілікті атқарушы билік өкілдеріне нақты тапсырмаларды да жүктеді. Қалай дегенмен, аграрлы ауданның тұрғындары қолайлы ортада өмір сүруі тиіс. Жалпы, бұл өлкенің экономикалық тірегі – ауыл шаруашылығы. Саланы дамыту арқылы тұрғындардың тұрмысын түзеуге жергілікті билік те күш салуы керек. Былтыр ауданда сала бойынша жалпы өнім көлемі 45,2 млрд. теңгеге жетті. Бұл облыс үлесінің 10,4 пайызын құрайды.

Ал, биыл өткен 10 айда аудан шаруалары 48,5 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Оның 20 млрд. теңгесі мал шаруашылығына, қалғаны егін шаруашылығына тиесілі. Ақсулық шаруалар 62 мың гектардан нәпақа жиып отыр. Мұнда тәліми егіннің үлесі басым, суармалы егістік бар-жоғы 26,4 мың гектар. Соған қарамастан аудан диқандары қамбаға 67,9 мың тонна астық құйды. Қант қызылшасы өңір үшін стратегиялық маңызға ие. Биыл аудан 2,4 гектар алқапқа тәтті түбір егіп, 70 мың тонна өнім алды. Орташа өнімділік гектарына 263 центнерді құрайды. Ал облыстағы нәтиже 400 центнер. Яғни Ақсу ауданындағы көрсеткіш өңір бойынша ең төмені.

– Елімізде адал еңбекпен нан тапқандар қашан да құрметке ие. Жер-Ана көзін тауып, жұмыс істегенді табыссыз қалдырмайды. Көпшілік білетіндей облысымызда қант қызылшасын егу қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта Ақсу қант зауытының жылдық әлеуеті 500 мың тоннаға, Көксу қант зауытының қуаты 450 мың тоннаға жетеді. Демек, әлі де тәтті түбір егу көлемі ұлғаяды. Қазір аудан облыстағы төмен көрсеткішті қалыптастырып отыр. Жерді бейберекет, ысыраппен пайдалануға болмайтынын түсінетін уақыт жетті. Аудан шаруаларының мол өнім алудың тиімді тәсілдерін меңгеруіне жергілікті әкімдік атсалысуы тиіс. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру – бірінші кезекте заманауи агротехнологияларды пайдалануға, минералды тыңайтқыштарды кеңінен қолдану, терең сүдігер көтеру, ауыспалы егістің тәсілдерін қолдану, тұқымның сапасына баса назар аударып, уақытылы зертханадан өткізуге байланысты. Сонымен қатар, су үнемдеу технологиялары да мол өнім алудың көзі. 2026-2028 жылдары жаңбырлатып суару тәсілін пайдаланатын шаруаларға берілетін субсидия көлемі ұлғаяды. Мұны да аудан әкімдігі шаруаларға жете түсіндіруі тиіс, – деді облыс әкімі.

Аудан шаруаларының еңбегі өнімді болуына заманауи техникаларды тұтыну да септеседі. Жыл басынан бері диқандар 1,2 млрд. теңгеге 107 техника сатып алып, қолданыстағы техника 9,8 пайызға жаңарған. Өнімділікке ауыл шаруашылық өнімдерді қайта өңдеу де әсерсіз емес. Ауданда бұл бағытта жұмыс істеп жатқан 6 кәсіпорын бар. Бесеуі наубайхана, біреуі қант зауыты. Тәтті түбір өңдейтін зауыт 2023-2024 жылдары күрделі жөндеуден өткен соң толық қуатында жұмыс істеуге көшті. Айта кететін жайт, қазір зауыт толығымен «Samal Export» ЖШС-ның меншігіне өтті. Өндірістік қуаттылығын арттыру мақсатында инвестор 25 млрд. теңгеге дейін қосымша инвестиция салады. Аймақ басшысы аудан әкіміне алдағы уақытта зауыт басшылығымен бірлесіп, қант қызылшасымен айналысатын шаруашылықтарды техника, минералды тыңайтқыштармен, тұқыммен қамтамасыз ету мәселесін және қант қызылшасын өткізу, қабылдау шарттарын пысықтап, 3 ауданда өндірілген өнімді өңдеу бойынша нақты жұмыс істеуді тапсырды.

Аграрлы ауданның тың тынысын ашу бағытында істеліп жатқан жұмыстардың бірі – суару желілеріне реконструкция жасау. 2019 жылы Ислам Даму банкі қаражаты есебінен суару желілеріне реконструкциялау жұмыстары «Тамас» серіктестігімен басталған еді. Алайда, қарқынды басталған жұмыс 2023 жылы тоқтап қалған. Мердігер жоспарлы жұмыстың небәрі 43 пайызын игерген. Осы жылы облыс әкімдігі Су ресурстары министрлігімен тікелей жұмыс істеп, жаңа мердігер анықтады. «АСПМК-519» ЖШС сақалды құрылысты келер жылы толық аяқтап, 11,5 мың гектар алқапты сумен қамту оңтайландырылады. Сонымен қатар, 2023 жылы басталған Қызылағаш суару массивіне жаңа суару желілерін салу жұмыстары келер жылы аяқталады. Қазір бұл жұмыстың 82 пайызы орындалған. Толық аяқталғанда жаңадан 3,2 мың гектар жер қосылып, 1,4 мың гектар алқаптың суару жайы жақсарады.

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

Ауданның тағы бір әлеуеті – төрт түлік. Шыны керек, облыстағы мал санының 19 пайызы Ақсу ауданына тиесілі. Мал басы өткен 10 айда 5,4 пайызға өскені байқалады. Мұндағы шаруалар 7,3 мың тонна ет, 24,5 мың тонна сүт өндірген. Төрт түліктен өнім өндіруді арттыруға бағытталған 9 бордақылау алаңы бар. Әу баста мұнда 4 550 бас бордақылануы тиіс-тін. Қазіргі жүктемесі небәрі 25 пайыз. Биыл «Nat AGRO» ЖШС-і 2200 басқа арналған бордақылау алаңының құрылысын жүргізуде. 1,5 млрд. теңгенің жобасы келер жылы іске қосылып, жылына 1500 тонна ет өндіріледі. Ауыл шаруашылығындағы өнімділікті артқа тартып отырған тағы бір жайт бар. Ауданда сүт бағытындағы 13 мыңнан аса бас мал бар. Бірақ одан алынған шикі затты өңдейтін кәсіпорын атымен жоқ. Аймақ басшысы мемлекет тарапынан мал шаруашылығы, қайта өңдеу саласына жеңілдетілген кредит беру бойынша жаңа бағдарламалар іске қосылып жатқанын аудан әкімінің есіне салып, шаруалардың сүт өңдеудегі үлесін арттыруды тапсырды.

Облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы «Төрт түлік саулығы адам денсаулығының кепілі» екенін ескеру керегін, сол бағытта ауданда былтыр Көшкентал, Суықсай, Есеболатов ауылдарында, биыл Қапал, Ойтоған ауылдарына модульді ветеринариялық пункт салынғанын, 4 автокөлік сатып алынғанын алға тартты. Дейтұрғанмен, ауданда ветеринария саласында ауқымды мәселе барын да тілге тиек етті.

– Ветеринариялық қызметке жан-жақты қолдау көрсетіліп отыр. Дегенмен, аудандағы ветеринариялық зертхана жұмыс істемейді, ветеринарлар алынған биоматериалды Сарқан ауданына алып баруға мәжбүр. Аудан әкімі бұл мәселені шұғыл шешуі тиіс, – деді Бейбіт Исабаев.

Ауылдағы төрт түлік өсірген ағайын үшін жайылым мәселесі аса өзекті. Соңғы төрт жылда жергілікті әкімдік пайдаланылмай жатқан 142 мың гектар жерді мемлекет меншігіне қайтарған. 73 мың гектары айналымға қосылған. Оның 57 мың гектары конкурс арқылы фермерлерге беріліп, 16 мың гектары қоғамдық жайылым ретінде бекітілген. Биыл аудан әкімдігі 3,1 мың гектар жерді конкурспен берген. Жыл соңына дейін тағы 29 мың гектар жайылым жер конкурс арқылы бермек. Ал, қалған 69 мың гектар жерді 2026 жылдың І жартыжылдығында шаруаларға конкурспен беруі тиіс.

– Қазір өңірімізде пайдаланылмай жатқан жерлерді қайта анықтау жүргізілуде. Алғаш Сарқан ауданынан бастадық. Бұл ауданнан тағы да игерілмей жатқан 140 мың гектардан астам жер анықталды. Кей пысықай тексеріс кезінде меншігіндегі игерімсіз жерге не техника, не төрт түлік апарып қояды. Тексеріс кеткен соң, мал мен техниканы алып кетеді. Бұлай болмауы тиіс. Пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтаруда және қайта айналымға қосуда ырғалып-жырғалып жүруге уақыт жоқ. Жерді шаруаларға беруде бармақ басты, көз қысты тірлік орын алмауы қажет. Ашықтық пен әділдік болуы тиіс, – деді аймақ басшысы.

ТҮТІН ТҮЗУ, ТҰРМЫС ТҮЗЕЛУДЕ

Облыс әкімі тұрғындармен кездесуде Ақсу ауданының «депрессивный» статусы барын жасырмады. Бұл дегеніңіз – өндірістің төмендеуімен, жұмыссыздықтың өсуімен, халықтың нақты кірістерінің азаюымен сипатталатын тұрақты экономикалық құлдырауды бастан кешіріп жатқан аумақ дегенді білдіреді. Сол статустан айыру үшін ауданға ерекше қамқорлық барын да ашық айтты. Аймақ басшысының сөзінше, тұрмысы түзу, халықтың инфрақұрылымға қолжетімділігі болса, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы түзелсе бұл статус та жойылады.

Әуелі халықтың денсаулық нысандарға қолжетімділігі артуда. Мәселен, былтыр Құрақсу, Қопа және Еңбек ауылдарында блокты-модульді медициналық пункт орнатылған. Биыл Қаракөз, Көкжайдақ, Жаңалық ауылдарына фельдшерлік-акушерлік пункт және Ащыбұлақ, Көлтабанда медициналық пункт салынған. Сондай-ақ, Көшкентал ауылындағы дәрігерлік амбулатория жыл соңына дейін аяқталады. Дейтұрғанмен, ауданның медицина саласында шешілмеген мәселе бар. Ол – аудандық аурухана. Көптің шымбайына батқан аурухананы жөндеуге бюджеттен 1,8 млрд. теңге қаралған. Мердігер ретінде қарағандылық «RAKADA GROUP» серіктестігі анықталған. Алайда, серіктестік сенімнен шығып отыр. Жаңғырту жұмысын 60 пайызға орындап, аяқсыз қалдырған. Жұмысы сын көтермеген соң, бірнеше рет айыппұл салынып, лицензиясынан да айрылған.

– Серіктестік жыл соңына дейін жұмыс аяқтамаса, мердігермен келісімшартты тоқтатып, басқа мердігерді қарастыруды тапсырамын. 2026 жылдың мамыр-маусым айларында бітіру керек. Жөндеуден өтіп жатқан аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтуға биыл бюджеттен 218,6 млн. теңге бөлінді. Жұмыстары аяқталғаннан кейін жаңа медициналық жабдықтар қойылады, – деді облыс әкімі.

Мұнан бөлек, медицина саласын әлеуеттендіру үшін соңғы 2 жылда 6 санитарлық көлік сатып алынған. Алайда осы ретте маман тапшылығы деген мәселе құлақ көрсетеді. Биыл осы мәселені шешу үшін 8 дәрігер тартылып, 10 млн. теңге көтерме жәрдемақы төленген. Дейтұрғанмен, әлі де 11 маманға сұраныс бар. Облыс басшысы жергілікті атқарушы билік өкілдеріне мәселені шешуге білек сыбана кірісуді тапсырды.

Ауданда білім беру, мәдениет, спорт саласында да ауыз толтырып айтар тірлік бар. Мәселен, былтыр Көшкентал ауылындағы мектеп жаңадан салынса, Көлтабан ауылындағы 120 орынды мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Облыс әкімі ауыл оқушылары 3-тоқсанда жаңа мектептің табалдырығын аттайтынын сүйіншіледі. Көптен мәселе болған Қ. Сәтбаев орта мектебі күрделі жөндеуден өткені тағы бар. Ал, мәдениет саласы бойынша, ауданда 3 Мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Ол үшін бюджет қоржынынан 3,1 млрд. теңге қаралған. Сонымен қатар, Қапал ауылындағы Мәдениет үйі ағымдағы жөндеуден өтіп, көптің қуанышына айналды.

– 2024-2025 жылдары ауданға инфрақұрылымдық, әлеуметтік нысандарды салуға, қайта жаңғыртуға және жобалау жұмыстарына бюджеттен 25,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл аз қаражат емес. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын тауып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға арналған нақты және жүйелі шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұл шараның барлығы аудан халқының әл-ауқатын арттыруға және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, – деді Бейбіт Өксікбайұлы.

Осынша қаражатқа аудандағы 20 балалар және спорт алаңы жөнделді. Матай, Сағабүйен ауылдарынң көшелеріне жарық шамдар орнатылды. 7 елді мекеннің екі кіреберіс автожолы мен 16 көшесі қайта жаңғыртылды. Жалпы бөлінген қаражаттың қомақты бөлігі тұрғын үймен қамтамасыз етуге, су, жылу, электр желілерін жаңғыртуға, абаттандыруға, мәдениет, денсаулық сақтау, білім саласындағы нысандарды салуға, жаңалауға бағытталған. Осындай ауқымды жұмыстардан соң аудан «депрессивный» статусынан айрылады.

– Халықтың қолайлы ортада өмір сүруін қамтамасыз ету – басты мақсат. Осы ретте Жансүгіров ауылындағы орталық саябақ бойынша тұрғындар жиі шағымданады. Уақытында көлемді қаржы бөлінсе де, тиісінше жұмыстар жүргізілмеді. Жалпы алаңы 21 гектар алқапты алған саябақты екіге бөлуге шешім қабылдадық. 10 гектарын демалыс орнына қалдырып, қалған 11 гектарға аудан тұрғындарына, оның ішінде, «спортпен шұғылданамын» дейтін жастарға арнап стадион салуды жоспарлап отырмыз, – деді облыс әкімі.

КӨКЕЙДЕГІ КӨП САУАЛ

Келелі кездесуде тұрғындар сауалсыз болмады. Бір тұрғын Қаракөз ауылы мен Ақсу ауылын жалғаған 25 шақырымға жуық жолдың жайын базыналады. Облыс әкімі бұл жолдың жобалық-сметалық құжаты жасалғанын, жөндеу жұмыстары алдағы уақытта жөнделетінін жеткізді. Тағы бір тұрғын Жансүгіровтегі электр желілерінің тозғандығына шағымданды. Жел «үп» етсе, жарықтың «жалп» ететінін ашына жеткізді. Шыны керек, аудан орталығындағы желілердің тозу деңгейі 75 пайызға жеткен. Ал, облыстағы ахуал да оңып тұрған жоқ. Дейтұрғанмен, қарқынды жұмыстардың нәтижесінде ескірген желілер 80 пайыздан 72 пайызға төмендеген. Облыс басшысы бұл бағытта кешенді жұмыстар жүргізілетінін, жауапты құрылым тарапынан да кемшіліктер қалыпқа келтірілетінін сөз етті. Қарашілік ауылының тұрғыны тозығы жеткен медициналық пунктті жаңалауға септесуін өтінді. Себебі, нысан 1960 жылы салынған, бұрын мектеп болған ғимаратта орналасқан. Облыс әкімі 700 тұрғынға арналған нысанды жаңадан салуды аудан әкіміне тапсырды. Ал, Жансүгіров ауылындағы 2 қабатты апатты үйде тұратын Айгүл Мәукенова қашан жаңа баспанаға қол жеткізетінін сұрады. Қазір аудан орталығында апатты 88 пәтер бар. Облыс әкімі мамыр айынан бері баспана беру құзіретін «Otbasy bank» иемденгенін, бірақ екі тараптың уағдаласуымен апатты үйлердегі тұрғындарды баспанамен қамту мәселесін жергілікті әкімдікке өткізу керегін алға тартты. І топ мүгедегі Гүлмира Оспанова баспана алу мәселесін көтерді. Осы ретте «Otbasy bank» баспана беру құзіретін мойнына алғанымен, облыс әкімдігі тарапынан салынған үйлер осы құрылымға өткізгенімен әлі үй кілті табысталмағаны қылаң берді. Мәселені шешуде банк баяу қарекет етуде. Әрі бұрын әлеуметтік жағдайына сай санаттарға бөлінген үй кезегіндегілер бір тізімге біріктірілгені де үлкен мәселе екені айтылды. Себебі, 2017 жылы үй кезегіне тұрған Гүлмира Оспанова әкімдіктің жүйелі жоспарымен биыл баспаналы болатын мүмкіндігі бар еді. Облыс әкімі «Otbasy bank-тің» сылбыр жұмысын сынға алып, қарқынды жұмысты баяулатпауға шақырды.

АЙТЫЛДЫ – ОРЫНДАЛДЫ

Облыс әкімінің Ақсу ауданының тұрғындарымен былтырғы кездесуінде Гүлмира Оспанова 2 мәселе көтерген еді. Бірі – Жансүгіров ауылындағы Халыққа қызмет көрсету орталығына талапқа сай пандус орнату. Ол үшін бюджеттен 6,6 млн. теңге қаралып, арбаға таңылған жандарға арналған көтермелі пандус орнатылды. Екінші мәселесі – мүдегек азаматтарға біржолғы жәрдемақы төлеу. 2024 жылы 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға біржолғы жәрдемақы төленді, алдағы уақытта ересек адамдарға да осындай төлемдерді қарастыру туралы өтініш түскен. Аталған бағыттағы біржолғы жәрдемақы төлеу шығынының мөлшері 589 млн. теңгені құрап отыр. Өңірде 25 мыңнан астам мүгедек азамат бар. Облыс әкімі бұл мәселенің де алдағы уақытта шешімі табылатынын жеткізді.

Дастанбек САДЫҚ
Ақсу ауданы

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

Мемлекет басшысы Ердоғанның шақыруымен Түркияға барады

16.04.2026
Елімізде алтын бағасы күрт өсті

Елімізде алтын бағасы күрт өсті

16.04.2026
Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

Жаңа Құрылтайдан кейін вице-президент тағайындау мәселесі шешімін табады

16.04.2026
Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

Талдықорғанда мүгедектер арбасын жөндейтін жоба іске асуда

16.04.2026
Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

Бейбіт Исабаев еліміздегі ең титулды команданы қабылдады

16.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.