Талдықорған: +17°C
$ 476.97
€ 562.59
₽ 6.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Инвестиция мен инновация: Панфилов ауданының жаңа белестері

13.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Инвестиция мен инновация: Панфилов ауданының жаңа белестері
WhatsAppTelegramFacebook

Панфилов ауданы – өңірдің экономикалық локомотиві. Инфрақұрылымның жаңаруы, инвестициялық жобалардың көбеюі және халықаралық сауда байланысының кеңеюі ауданның экономикалық әлеуетін бұрынғыдан да арттырып отыр. Соңғы 10 айдың қорытындысы бойынша негізгі экономикалық көрсеткіштерді толығымен орындады. Бұл жайында Панфилов ауданының әкімі Марат Сағымбек Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, негізгі экономикалық көрсеткіш жоғары, тұрақты өсім бар. Ауыл шаруашылығының өнім көлемі 100,9 пайыз, өнеркәсіп өнімі 112,7 пайызды негізгі капиталға тартылған инвестиция 147,4 пайызды құраған. Құрылыс жұмыстары бойынша да ілкімді істер жүзеге асып, көрсеткіш 140,6 пайызға өскен. Сонымен қатар 78,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көтерме және бөлшек сауда көлемдері сәйкесінше 122,7 және 106,4 пайыздық көрсеткішке жетті. Биыл жалпы 41978 гектар алқапқа егін егілсе, соның ішінде 23100 гектарға жүгері, 720 гектарға картоп, 554 гектарға көкөніс, 464 гектарға майлы дақылдар орналастырылған. Нәтижесінде 187,9 мың тонна өнім жиналып, оның басым бөлігін 182,5 мың тонна жүгері құрады. Қысқы мал азығын дайындау жоспары толық орындалып, шөп, пішендеме, сүрлем және жем толық қамтамасыз етілген. Өнімді сақтау мақсатында ауданда жалпы сыйымдылығы 8460 тонна болатын сегіз көкөніс және жеміс қоймасы жұмыс істеп тұр.

Спикер аудандағы төрт негізгі экономикалық даму нүктесі бар «Қорғас» торабына кеңінен тоқталды.

– Алтынкөл теміржол стансысы жаңа экспорттық парк пен қосымша жолдардың салынуы арқылы жаңғыртылып, келер жылы тәуліктік өткізу қабілеті 20-дан 33 пойызға дейін көбейеді. «Нұр Жолы» өткізу пунктінде көлік ағынын оңтайландыру мақсатында ұзындығы 2,4 шақырым айналма жол салынды. Сондай-ақ, жеңіл көліктерді Халықаралық орталыққа бағыттау есебінен бекетке түсетін жүктемені 40-45% қысқарту жоспарда бар. Сонымен бірге, «SARENS» халықаралық компаниясы 8 млрд. теңге көлемінде екінші айналма жол мен жүк көлігіне арналған сақтау қоймасын салуды бастады. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында» толық цифрландыру жүргізіліп, инженерлік инфрақұрылым жаңартылды. Соның нәтижесінде келушілер саны екі есеге өсіп, бюджетке түсетін төлемдер былтыр 79 млн.-нан 3,6 млрд.-қа дейін көбейген. «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағында 63 млрд. теңге көлемінде 32 жоба іске қосылып, екі мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Алдағы уақытта 855 млрд. теңге көлеміндегі тағы 34 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде Қазақстан – Қытай өнеркәсіптік қаласы, жел генераторын шығаратын зауыт, халықаралық жүк және жолаушылар әуежайы сияқты ірі жобалар жоспарда бар, – деді аудан әкімі Марат Сағымбек.

Жетісу өлкесінің экономикасына айтарлықтай әсер етіп отырған Панфилов ауданында ауыз толтырып айтатын жаңалық көп екен. Мәселен, «Шығыс қақпасы» серіктестігінің 22 млрд. теңге көлемдегі логистикалық жоба, сұйытылған газ өндіру зауыты, құс фабрикасы сияқты маңызды бастамалар іске асқан. Бюджетке 79,3 млрд. теңге салық түсіп, жоспардың 85%-ы орындалған. Шағын және орта бизнесте де ілгерілеу бар.

Мемлекет басшысының негізгі тапсырмаларының бірі – халықты көгілдір отынмен қамту. Бұл ретте Жаркент қаласындағы 9782 абоненттің 7130-ы газ жүйесіне қосылып, табиғи газбен қамтылған. Қазіргі уақытта қаладағы 5 көпқабатты тұрғын үй ауласына газбен жанатын блокты-модульді қазандық орнату үшін 354,3 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жоспарға сай атқарылуда. Сонымен қатар, 25 ауылда газ желілерін тарту және газ тарату жүйелерінің құрылысын бастауға 5,4 млрд. теңге қарастырылып, оның ішінде 13 ауылда жұмыстар аяқталуға жақын. Бұған қоса, Тұрпан, Садыр, Сарыбел және Басқұншы ауылдарына газ жеткізу жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, осы жобалар толық іске асқанда, 61 мыңға жуық ауыл тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізеді деп отыр.

Әкімнің айтуынша, білім саласында да маңызды жобалар жүзеге асқан. Талды ауылында 300 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілсе, Сүптай ауылында 120 орынды жалпы білім беретін мектептің құрылысы жүргізілуде. Ал Әулиеағаш орта мектебінде 954,9 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары толықтай бітті. Сонымен қатар, бірқатар мектептің жылу қазандықтары ауыстырылған.

Осындай ауқымды істерді мәлімдеген аудан басшысы алдағы жоспарлармен де ой бөлісіп, тілшілердің сауалына тұшымды жауап қатты.

Мақпал ӘДІЛХАНҚЫЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтарға қосымша зейнетақы төленеді

Қазақстандықтарға қосымша зейнетақы төленеді

15.04.2026
Енді камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды

Енді камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды

15.04.2026
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

15.04.2026
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15.04.2026
Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

15.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.