Талдықорған: +11°C
$ 444.16
€ 487.29
₽ 5.40
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЙҒЫР ХАЛҚЫНЫҢ КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ

22 маусым 2021
КҮЛТӨБЕ
ҰЙҒЫР ХАЛҚЫНЫҢ КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Панфилов ауданында болып, ұйғыр, славян және дүнген этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.


«Ормандағы жұмбақ» саяжай кешенінде Марат Әзілханов алдымен ұйғыр халқының тағамдары, қолөнері және ұлттық аспаптары қойылған көрмені тамашалады. Көрмеге қойылған әр заттың тарихымен облыстық және аудандық ұйғыр этномәдени орталығының қызметкерлері таныстырды. 

Шегаралы өңірде 1989 жылдан бері ұйғыр мәдениетінің орталығы жұмыс істеп келеді. Бүгінде бірлестікті Азат Гаитов басқарады. Ардагерлер алқасы және әйелдер кеңесінің белсенді жұмысының нәтижесінде жастар өз ұлтын құрметтеп, дәріптейді. Одан бөлек, мемлекеттік тілді үйрене отырып Қазақстанның мәдениеті, тарихымен танысып, етене жақын бола түсуде. Бұл туралы ұйғыр этномәдени орталығының ғимаратында өткен жиында қоғам өкілдері, ұйғыр, славян және дүнген этностарының өкілдері баяндады. 

Жиынға ҚХА Төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты, ұйғыр этномәдени орталығының облыстық филиалының төрағасы Зәкіржан Кузиев, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА Кеңесінің мүшесі Шаймардан Нұрымов, облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов қатысты.

– Көпұлтты Қазақстан халқын ортақ тарих, тағдыр мен ұлы мақсат біріктіреді. Барлығымыз бір әкенің баласындай болып кеттік, – деп атап өтті Марат Әзілханов. – Татулықты ту еткен мемлекеттің басты құндылығының бірі – ұлт татулығы мен бірлігі. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы сынды ерекше институттың құрылуы дәлел бола алады. Егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен өркендеуінде, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуда және ұлтаралық келісімді сақтауда Ассамблеяның рөлі туралы шексіз айтуға болады. Құрметті ақсақалдардың өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесін атап өткен жөн. Тәуелсіздік жылдарында олар жас елдің лайықты азаматтарын өсірді. Олар бүгінде өз халқына, тәуелсіз мемлекетке белсене қызмет етуде. Олардың әрқайсының ана тілін, мәдениетін, өнерін дамытуға мүмкіндігі бар.

Марат Алмасұлының айтуынша, жастарға дұрыс тәрбие беру – елдің жарқын болашағының кепілі. Өйткені, халық бірлігіне іріткі салып, кез келген жанжалға ұлттық сипат бергісі келетіндер де бар. Сондықтан жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту қажет. Бұл тұрғыда ол Қазақстан ұйғырларының ортақ іске қосқан үлесін айтып, белгілі меценат Зәкіржан Кузиевке алғысын білдірді.

Диалог алаңының модераторы З. Кузиев қазақ халқына мықты мемлекет құру жолында бірлесе еңбек етуге мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, бір шаңырақ астында елді нығайтып, экономиканы дамытып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды. 

Демократиялық даму бағытын қолдай отырып, славян, ұйғыр және дүнген этномәдени бірлестіктері Панфилов ауданының және жалпы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосуда. Аға буынның бай мәдени мұрасын сақтап, арттыра отырып, өз халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін жаңғыртып, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу басты бағдар болып отыр. 

– Қазақстан – сүйіспеншілік, қайырымдылық, өзара сыйластық үндескен ортақ үйіміз. Біз бір елдің баласымыз. Қазақ халқымен бірге аянбай еңбек етіп, елдің гүлденуі, тыныштығы мен татулығының шайқалмауы бағытында жұмыс істейміз, – деді қорытынды сөзінде Көктал ауылы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сайлау Сұлтанқұлов. Ұйғыр этномәдени орталағының төрағасы Азат Гаитов, Панфилов ауданының Құрметті азаматы Рехимжан Тохтахуновтар да осы тұжырымға тоқтады. 

Өз кезегінде құрметті құрылысшы Тұрсын Семятов қадірменді қонақтың қарапайымдығы мен адамгершілігін айтып, Еңбекші орта мектебіне Социалистік Еңбек Ері Мариям Ниязованың есімін беру жөніндегі ұсынысын жеткізді. М. Әзілханов сұраққа тез арада жауап беріп, аудан тұрғындары мен қарияның өтінішін облыс басшылығына жеткізетінін айтты. 

Еңлік АРЫҚБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қағазбастылық пен мектептегі тәртіп мәселесі қалай шешіледі?

Маңызы зор марафон

Бүгін, 15:00
«Қызылтас» иен дала ма?

«Қызылтас» иен дала ма?

Бүгін, 14:30
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Абақов Берік Нұртілеуұлы

Бүгін, 14:20
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбенова Толқын Төлегенқызы

Бүгін, 14:14
Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Кандидат в депутаты маслихата Астраханцева Ольга Викторовна

Бүгін, 14:07

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.