Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КЕЛІМСЕККЕ БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫ ТӨЛЕНБЕЙДІ

01.12.2024
КҮЛТӨБЕ
КЕЛІМСЕККЕ БЮДЖЕТТЕН ҚАРЖЫ ТӨЛЕНБЕЙДІ

Елімізде кең қолдауға ие болып, есепсіз ақша бөлініп, тиісті межеге жетпестен жол ортада бюджет бітіп, «ермекке» айналып жатқан саланың бірі – спорт.  Түрлі әдіс-айла арқылы қағаз жүзінде «заңды» түрде орындалып, іс жүзінде айрықша жүзеге асып жатыр. Бір «қазанның» түбін қырып бітіруге дайындар, «спортты дамытуға» деп бөлінген қаражаттан жыл соңына дейін түк қалдырмауға тырысады. Қызметіне кіріскеніне көп болмаған спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов осы бағыт бойынша бірнеше жұмысты қолға алып, енді бөлінген ақшаның әр тиыны саналмақ. Әсіресе, легионерлерге (шет елден келетін спортшы) енді мемлекет қаржысынан мүлде жалақы төленбейді.


Үлкен футболды көріп жүргендер сапасыз легионерлердің ойынына сын көп айтатын. Бұл бір ерекше әдіс әрі «жегір» үшін майлы шелпек еді. Мәселен, шет елден ортаңқол (футбол нарығындағы бағасына  ойыны сай емес) футболшыны командаға шақырту арқылы, қағаз жүзінде жалақысын ойланбастан есепсіз көрсетіп, ал ай сайын белгіленген жалақысы қолға тигенде жартысын өздеріне алып отыру айласы қатты белең алғаны бәрімізге аян. Бұл құйтырқы жолды көбісі жақсы білетін және дәлелге келгенде тілін тістеп қалатын.    Өйткені қағаз жүзінде бәрі дұп-дұрыс. Қандайда бір спорт болмасын елімізге келген легионерлердің бәрі бірдей сапалы болып, қағазда көрсетілген құнына сай ойынын көрсетіп, жанкүйерлер көңілінен тегіс шықты деу қиын. Легионердің мақсаты – жергілікті ойыншыдан үш бас жоғары ойнап, өсіп келе жатқан жастарға бағыт-бағдар көрсету, үйрету. Негізгі мақсаттың орындалмай жатқанына да қанша болды? Еліміздегі спортшылардан сәл асса асты-үстіне түсіп, жарнамасын арттырып, «бұл табысты әрі мықты спортшы» деп қолпаштаған легионерлеріміз қаншама? Мәселен, футболдан ел чемпионатында Мұрат Тілешовтен кейін (2009 жылы «Ақтөбе» сапында 20 гол салды) қазақ баласы маусымның бас мергені болған емес. Бұған есепсіз ақшаның да, кейінгі жылдары ойланбастан қосуға бола беретін легионерлердің әсері бар. Өткен жылы елімізде күніне 383 мың теңге алатын легионер жөнінде спорт журналисі Аслан Қаженов «Қостанайлық «Тобылда» осындай легионер бар. Ол – өзбекстандық Игорь Сергеев. Негізі бұндай ақпараттар өте құпия сақталады. Бірақ, дәл осы жігіттің жалақысы байқаусызда жарияланып кетті және ол 300 мың доллар. Ұлттық валютаға шаққанда 138 миллион теңге. Яғни, ай сайын 11,5 миллион, ал, күн сайын 383 мың теңге алады деген сөз. Өкініштісі ойнап жатсын, ойнамай жатсын, демалып-ұйықтап, білгенін істесін, осындай жалақы жүре береді. Қостанайда басқа проблема жоқ. Мәселенің бәрі реттеліп, тек келімсектерге ақша шашу ғана қалыпты» деп жазған еді. Жақында ғана өткен жиындардың бірінде «Қазақстанның ақшасын асауды білгенмен, алаңда үлкен жетістік жасауды білмеген легионерлерге мемлекеттің бюджеті есебінен де, квазимемлекеттік сектордың бюджеті есебінен де қаржы бөлуді тоқтату туралы норма қабылданды. Оған қоса бюджет қаржысының нақты қайда жұмсалуы керектігі айқын жазылды» деді депутат Нартай Сәрсенғалиев. Ал осыған дейін шамадан тыс ақша бөлініп келген легионерлерге деген қаржы балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту, төрешілер мен мамандардың біліктілігін арттыру, федерациялардың жұмысын жақсарту сынды негізгі бағытқа жұмсалатынын Ербол Мырзабосынов журналистерге берген сұхбаттарында айтты. 

Былтыр күзде арнайы іссапармен келген сол кездегі ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек: «Азия ойындарындағы сәтсіздік бәрімізге сабақ болуы керек. Бұл ақшаның жоқтығынан емес, көптігінен. Сондықтан да әр спортты қаржыландыру, оны дамыту бойынша жүргізілетін жоспарлы қаражатты мөлшерлеуіміз қажет. Спортшыларды Ұлттық құрамаға қабылдау ережесі қайта жасалады. Ал спортшыларды енді Әлемдік жарысқа тек бір жерден жіберуді көздеп отырмыз. Ел ішіндегі жарыстарға әр өңірдегі басқармалар жауапты» деген еді өз баяндамасында. Одан бөлек «Бірінші болға» арнайы келген белгілі әртіс, режиссер Нұрлан Қоянбаев «Облыстардағы стадионда футбол кезінде небәрі 500-1000 адам ғана отырады. Ал ол клуб облыстың бюджетінен қаржыландыратын команда. Сол аймақта сіздің анаңыз я әжеңіз тұруы мүмкін. Олардың футболға қатысы болмаса да салық төлеп, сол футбол клубын қаржыландырып отырғанын білмейді. Және анаңыз ол ойынды мүлдем көрмейді. Сонда біз стадионға баратын 500 адамға бола миллиондаған доллар жаратамыз ба?» деген еді. 

Бұл мәселе Жетісу облысында да қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілмек. Облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев фейсбук әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында «Спорт саласына жұмсалатын қаржы қатаң қадағаланады. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап  облыстық білім басқармасының бухгалтериясы толық «Фаворит» ақпараттық жүйесіне енгізілген болатын, есесіне 11 айдың өзінде 2,7 млрд. қаржы үнемделіп, көптеген заңбұзушылықтарға жол берілмей алды алынды. Бірыңғай жүйеде жалақыны есептеу процесінің барлық тізбегі: оқытушылардың жүктемесін есепке алудан және қызметкерлерді табельдеуден бастап, жалақыны есептеуге және төлеуге дейін қарастырылған (соның ішінде барлық кадрлық есептері де меңгерілді). Бүгін облыстық барлық спорт мекемелерінің басшылары мен бухгалтерлерін шақырып, аталған жобаны спорт саласына енгізу бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін пилоттық жоба іске асырылатынын жеткіздім және 2025 жылдан бастап, барлық спорт мекемелеріне енгізілетінін келістік» деп жазды. Дәл осындай қадамға бармаса көз алдымызда көптеген оқиғаның куәсі болып жатырмыз. Мәселен, жазда ақпарат құралдарында «Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаевтың 2022-2023 жылдарға арналған оқу-жаттығу жиынынан 85,4 миллион теңге сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы бюджеттен ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Келесі жылдан бастап спорттағы әр жанның жалақысы жіті бақылауда болмақ. Қаржыға молынан «малшынғандар» енді айылын тыйып, әр адымын ойланып басатын болады. Балалар спорты арқылы да «табыс» тапқан пысықайлар да жауапсыз қалмайды.

Серік ҚАНТАЙ

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.