Талдықорған: +17°C
$ 462.87
€ 540.72
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Киелі мекен – Ақсуым

«Jetіsý» газеті тілшілерінің бұл жолғы сапары Ақсу ауданының тамаша табиғаты талайды тамсандырған, заңғар таулары көк тіреген Қапал өңірінде жалғасты. Киелі аймаққа табанымыз тиген бетте әйгілі Тамшыбұлақтың суын қанып ішіп, ел мен жердің, аудандағы тыныс-тіршілікті білуге Қапал ауылының әкімдігіне бас сұқтық. «Тілшілер келеді» дегенді естіген аудан әкімінің орынбасары Амандос Сабырбаев таңмен таласып Қапалға келіпті. Үнемі журналистермен тығыз байланыс орнатып, аудандағы жағымды жаңалығын бөлісіп жүретін Амандос Ақышұлы жылы қарсы алды. Орайы келгенде аудан әкімінің орынбасарымен әңгімелесіп, біраз мәселемен ой бөлістік.

15.11.2025
КҮЛТӨБЕ
Киелі мекен – Ақсуым

Ашық дереккөздерден

WhatsAppTelegramFacebook

– Амандос Ақышұлы, Мемлекет басшысының тапсырмасында өңірлерге инвестиция тартуды басты назарға алу қажет деген болатын. Осы орайда бұл жұмыстар қалай атқарылып жатыр?

– Оныңыз рас, ел экономикасын көтерудің негізгі тетігі инвестицияға байланысты. Ал бұл жағынан Ақсу ауданы кенжелеп отырған жоқ. Ауыз толтырып айтатын жаңалықтарымыз бар. Мәселен, жалпы, ауданға 5% өсіммен 26,1 млрд. теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде жеке инвестициялар 18,3 млрд. теңгені құрап, 139%-ға артты. Сонымен қатар, тағы да 4 инвестициялық жоба іске асырылды, жалпы сомасы 765 млн. теңге. Ең негізгісі, 12 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ақсу ауданы аграрлы аймақ болғасын инвесторларымыздың басым көпшілігі ауыл шаруашылық саласына бағытталған. Одан кейін тау-кен өндірісін де қолға алып жатқан инвесторлар бар. Бір сөзбен айтқанда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын жүзеге асыруда ауқымды іс атқарылып жатыр десем болады. 

7-su.kz/ Аяулым Шынгаева

– Жаңа өзіңіз аграрлы аймақ деп айтып қалдыңыз. Осы орайда егістік, оның ішінде қызылшаның өнімділігі қалай?

– Иә, өңір экономикасын дамыту бағытында екі мақсатқа қол жеткізу қарастырылған. Біріншісі, ауыл шаруашылығын дамыту – ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 100,2%-ды құрады. Жалпы егіс алқабы 62,0 мың гектарға жетті. Бүгінгі күнге 26 мың гектар масақты дәнді дақылдар орылып, 45 мың тонна астық бастырылды, орташа өнімділігі гектарына 17 центнерден болды. Ал өзіңіз айтып отырған қант қызылшасы алқабы 2,4 мың гектарға жеткізілді. Дәл қазіргі уақытта 1824 гектар жерден 58 мың тонна өнім жиналып, 30 мың тоннасы Ақсу қант зауытына өткізілуде, орташа өнімділігі гектарына 318 центнерден айналды. Бұл жоғары көрсеткіш. Өзіңіз білесіз, биыл құрғақшылық орын алды. Жаңбырсыз жаз шаруаларға кедергісін тигізді. Бірқатар шаруашылық тамшылатып суару технологиясын қолданды, оның сыртында үздіксіз сумен қамтамасыз етудің арқасында еңбектері еш кетпеді.

– Өндіріс ошақтарын ашу жұмыстары қаншалықты қолға алынды?

– Біздегі негізгі өндіріс ошағы – Ақсу қант зауыты. Бастапқыда үш мың тонна қант өңдейтін, жаңғырту жұмысынан кейін төрт мың тоннаға жетті. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен өнімді өңдеу көлемі кеңейе береді деп жоспарлап отырмыз. Одан кейін Ақсу, Бүйен өзеніне ГЭС салуды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, гранит тасын шығару кәсіпорны жұмыс істеп тұр. Осы инвесторымыздың болашақта бізден өндіріс ошағын ашамыз деген жоспары бар. Қазір бұл жайында келіссөздер жүріп жатыр. Шағын өндіріс ашып жатқан жеке кәсіп иелері баршылық.

– Ақсу ауданының бір жақ бөлігі таулы аймаққа жатады. Сондай-ақ, Тамшыбұлақ пен Қапал-Арасанды қоссаңыз нағыз туризмнің отанына айналатын жер. Бұл тұрғыда қандай жаңалық айтасыз?

– Оныңыз рас, келген адам тау мен суға тамсанып кетеді. «Қапал-Арасан» шипажайы қазір жеке инвесторлардың қолында. Келер жылдан бастап жобалық-сметалық құжаттарына кіріседі. Қалған іске асу жұмысы алдағы уақыттың еншісінде. Ал Тамшыбұлаққа қазір 360 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжатын дайындап қойдық. Алдағы уақытта «Визит Жетісу» ашсақ па деген ойымыз бар. Егер осы ісіміз жүзеге асып кететін болса, Тамшыбұлақ туристердің келетін бір нысанына айналмақ.

– Әңгімеңізге рахмет. 

 

Ришад ТҰРҒАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Достықтың бастауы

Достықтың бастауы

24.04.2026
Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

Мемлекет басшысы күзде халықаралық маңызды іс-шара өтетінін айтты

24.04.2026
Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

Жалақы кешіктірілсе, өтемақы төлеу міндетті – заңгер

24.04.2026
«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

«AMANAT» көмегі: Талдықорғанда тұрғын үйге газ тартылды

24.04.2026
Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

Сайлаушылармен кездесу: Сарыбұлақтағы маңызды мәселелер көтерілді

24.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.