Талдықорған: +21°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КИІКТІҢ ДЕ КИЕСІ БАР

12.06.2020
КҮЛТӨБЕ
КИІКТІҢ ДЕ КИЕСІ БАР
WhatsAppTelegramFacebook

Шетсіз, шексіз қазақ даласының баурайын ежелден мекен ететін өте сирек кездесетін жабайы жануарларды, аң-құстарды көздің қарашығындай сақтап, оның тұқымын көбейту мақсатында қыруар іс-шаралар атқарылып жатқанынан жалпақ жұртты хабардар ету мақсатында «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» Алматы өңірлік филиалына арнайы ат басын бұрдық. Сайын даланың сайып қырандары тәрізді бір сапта бой түзеп, сымдай тартылған жасыл жағалы инспекторлардың бүгінгі және келешектегі жоспарлы міндеттері жайында Алматы өңірлік филиалының басшысы Ролан Тілеулесовпен аз-кем пікірлескен едік.

– Ролан Январбекұлы, сөз басын құрылғанына аса көп уақыт өте қоймаған өзіңіз басшылық жасайтын «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесіне қарасты Алматы филиалының негізгі мақсат-міндеттерінен бастасаңыз.
– Мақсатымыз – ұшқан құстың қанаты талатын, тұлпардың тұяғы тозатын ен дала мен зеңгір көкпен таласқан тау-тасты мекен еткен аң-құстарды, соның ішінде, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жан-жануарларды қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығына сәйкес «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесі құрылып, сирек кездесетін немесе жойылып кетуге жақын жан-жануарларды, аң-құстарды, балықтар мен өсімдіктерді қорғау мәселелері қолға алынды. Соның негізінде жаңа концепция әзірлеу тәртібі бекітілген болатын. Сондағы басты талаптардың бірі – сирек кездесетін және жойылып бара жатқан тұяқты жабайы жануарлардың түрлері мен киіктер популяцияларының қазіргі жай-күйін талдай отырып, олардың азып-тозуына себепші болған факторлар негізінде жануарлардың әрбір түрінің антропогендік осалдығын анықтайтын биологиялық ерекшеліктерін бөліп көрсету қажеттігімен түйінделеді. Алайда, жылма- жыл сұлу да көркем киік санының кемуіне қарлы қыс пен аурулардың жиі қайталануы өзіндік кері әсерін тигізуде. Бұдан бөлек, браконьерліктің етек алуы сирек кездесетін аң-құстың сиреуіне басты себепші. Осының салдарынан киік санының төмендеуі байқалады. Сонау 80 жылдардың соңында киіктің мүйізіне деген сұраныс артып, контрабандалық жолмен шетке шығару кең етек алса, бұл үрдіс әлі күнге жалғасып келеді. Дәрілік шикізат ретінде қолданылатын киіктің мүйізі үшін аяусыз қырып, етін далаға тастау факторлары жиі ұшырасады.
Тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін және киіктерге жаппай браконьерлік жасауды болдырмауды қамтамасыз ететін деңгейге дейін қорғауды ұйымдастыру жоғарыда аталған концепцияның негізгі міндеттеріне жатады. Сондықтан да, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін және киіктерді сақтау жөніндегі заңнамалық шараларды күшейту көзделген.
– Табиғаттың төсін емген, кең далаға көрік берген жабайы жануарларды сақтап, қорғауда, сондай-ақ, браконьерлердің жолына тосқауыл болуда қанша инспектор жұмыс істейді? Жалпы, қанша аумақты қамтамасыз ете аласыздар? 
– Біздің филиалдың қарамағына кіретін аумақтың жалпы көлемі Алматы мен Жамбыл облыстары бойынша 15 млн. гектар жерді алып жатыр. Бүгінгі күнге Жамбыл және Алматы жедел топтары 14 автокөлік, оның ішінде 11-і жол талғамайтын, жылдамдығы жоғары көліктер санатында. Сонымен бірге, 3 Камаз (КУНГ) және арнайы радио, жер серігі байланыстары бар, табельдік қарумен арнайы жабдықталған техникалар бөлінді. Камаз көлігі 15 күндік вахталық ауысымда жұмыс істейтін инспекторлардың ас-суын, жатын орындарын тасымалдауға пайдаланылады. Олардың баратын жерлері шөлейтті дала, таулы өңір болғандықтан қажетті барлық тұрмыстық заттарды тиеп алып кетеді. Бұл инспекторлардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауына, кедергісіз жұмыс істеуіне жасалған қамқорлық. Осының арқасында Қызыл кітапқа кіретін аң-құстарды, соның ішінде киіктерді қорғаудың мүмкіншілігі молайып келеді. Табиғат байлығына айналып, сирек кездесетіндіктен Қызыл кітапқа енген аңдар мен балыққа, құстар мен өсімдіктерді бақылауға алудамыз. Даланың еркесіне айналған аң-құстар көліктің гүрілінен немесе мылтықтың гүрсілінен шошымауы керек. Еркін өскенде ғана өсім болады. Жер шарында киік төрт-ақ мемлекетте барын, соның бірі – біздің еліміз екендігін ескерер болсақ, оған жасалар қамқорлық пен қорғау шараларының шексіз болуы орынды. 
– Дей тұрғанмен, соңғы жылдары қандықол қарақшылар қолынан қаза тапқан инспекторлардың тағдыры алаңдаушылық тудырмай қоймайды. Бұл орайда, олардың қорғаныс құралдармен қамтамасыз етілуімен қатар қорғану тәсілдерін меңгерулеріне назар аударыла ма?
– Адам өмірі бәрінен қымбат. Сондықтан, ұжымдағы әр азаматтың аң-құстарды қарауылдаудағы міндетін абыройлы атқарып, отбасына дін аман оралуы басты қуаныш. Өз ісіне қырағылық танытатын тәжірибелі инспекторларға арнайы формалар, бронежилеттер, резіңкелі дубинкалар мен кісендер (наручник) берілді. Автокөліктерге техникалық қауіпсіздікті сақтау ережелері ілініп, дәріс өткізіледі. Соған сай жұмыс істеуге жұмылдырылады. Алайда, браконьерлер қолынан қаза тапқан инспекторлар болды. Осындай орны толмас өкінішті жайттар қайталанбас үшін инспекторларды оқытып, олар физикалық, психологиялық оқу-жаттығулардан өтеді. Оқыс жағдай орын алғанда қорғану тәсілдері оқытылады. Соңында аттестациядан өткізіледі.
Себебі, дала мен тау-таста, өзен-көлде браконьерлерге тосқауыл жасау оңай емес. Олардың көліктерінің қуаты мемлекеттік стандарттардан асып түсіп жатады. Жылдамдықтары жоғары, кедергіге қарамай жүйткігенде шаңына ілестірмейтіндері жоқ емес. Қару-жарақтарының да артықшылығы бар. Жуырда Іленің бойынан 450 келі балық тонаған браконьерді тәжірибелі инспектор Саят Әкімбаев бар айла-әдісін қолданып жатып, әрең қолға түсірді. Мұндай жағдайларды көптеп кездестіруге болады. 
– Дәл осы тұста, төрт айлық жұмыстың қорытындысына тоқтала кетсеңіз?
– Қысқа мерзім ішінде филиал қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді қалтқысыз орындады. Қырағылық танытуларының арқасында түз тағыларына қастандық жасағысы келген қарақшылардың жолын кесті. Нәтижесінде 7 қылмыстық іс сотқа жолданып, 30 әкімшілік құқықбұзушылық орын алды. Осы орайда, Еуропа елдерінің іс-тәжірибесі ойландырмай қоймайды. Шетелдерде қылмыстық оқиға санының кемуіне қарай сыйақы тағайындалатын болса, бізде керісінше, қылмыстық істі әшкере етуіне қарай сыйақы тағайындалады. Қылмыстық іс азая беретін болса, ол біздің жұмысымыздың жанданғандығын, нәтижелі екендігін аңғартар еді. Ал егер көбейер болса, ол олқылық саналуы керек. Жалпы, жаңа концепцияда көрсетілгендей, киіктерді қорғау мен көбейтуде озық елдермен іс-тәжірибе алмасу жұмыстарын ширата түсуіміз керек.
Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан СИТЕС Конвенциясына қосылғаннан кейін мемлекетімізде Конвенцияның басқа қатысушыларымен бірге киік өнімдерін сатуды реттеу және бақылау мүмкіндігі пайда болған. Бірінші кезектегі шаралардың қатарында елден заңсыз олжаланған киіктердің бөліктері мен өнімдерін контрабандалық әкету арналарын жабу мақсатында кедендік және шекаралық бақылаудың күшейтілуі тиіс. Сонымен қатар, концепцияда атап көрсетілгендей, мемлекетаралық деңгейде шешуді талап ететін проблема – киіктерді бірлесіп қорғауды ұйымдастыру болмақ. Бұл тұрғыда жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге, дуадақтың жұмыртқаларын инкубациялық әдіспен көбейту жоспарда бар. Яғни, Қызыл кітапқа енетін жабайы жануарлар мен аң-құстарды қорғап қана қоймай, оның сақталуы мен көбеюіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
– Қызыл кітапқа кіретін арқар мен қарақұйрықта, ақбөкенде өсім байқала ма?
– Қазақстанның Қызыл кітабына 40-қа жуық жануар кіреді екен. Олардың қатарындағы арқардың бес түрі бар елімізде. Атап айтсақ, Тянь-Шань арқары, Қызылқұм арқары, Үстірт арқары, Қаратау арқары, Қазақстан арқары және Алтай арқары бар. Сондай-ақ, 1930 жылдардың ортасында жалпы саны 200 мыңға жуық болған, өкінішке қарай, осы күнге небәрі Қазақстанда 30-50 мыңнан аспайтын қарақұйрықты да кезіктіруге болады. Қар барысы, тоғай бұғысы, құлан да біздің мақтанышымыз. Бұл жануарлардың қаншаға өскені қара күзде белгілі болады. Ал ақбөкеннің саны 340 мыңға жуықтайды. Осы сирек кездесетін жануарларды көздің қарашығындай сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуде біздің филиалдың қырағы сақшылары – иықты инспекторларымыз бар күш-қуаттарын жұмылдырып келеді. Биылғы жылы біздің ұжымның жігерлі жігіттері нәтижелі жұмыс істеді деп айта аламыз. Оған еліміздегі карантиндік режимнің де пайдасы тигені анық.
– Осы сирек кездесетін жануарларды, құстарды қорғауда ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізілетін болар.
– Әрине. Қоршаған ортаны қорғау және сирек кездесетін жабайы жануарларды, аң-құстарды сақтауға байланысты жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Осы уақыт аралығында 30-ға жуық дәріс оқылды. Кең ауқымды үгіт-насихаттық акциясы ұйымдастырылды. Белсене қатысушыларға арнайы дайындалған буклеттер, футболкалар, рюкзактар, бейсболка, жабайы жануарлар бейнеленген күнтізбелер мен плакаттар үлестірілді.
Мұндай іс-шаралар алдағы уақыттарда да жалғаса беретін болады.
– Әңгімеңізге рахмет! 

Ұлбосын ИСАБЕК
Алматы қаласы

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.