Талдықорған: +39°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН КӨРКЕМ ТУЫНДЫ

09.04.2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Жазу аса қиын, күрделі үрдіс. Ол жан-жақты ізденісті, кемел біліктілікті, қорыта келгенде хас талантты керек етеді. Жазудағы біржақтылық тезінен тұйыққа тірейді, ойың тарылады, қанатың қайырылғандай болады, ал жазудағы жан- жақтылық қиялыңды қырық құбылтады, сан тарау жолға кезіккендей боласың. Біржақтылық негізінен жалаң, жұтаң ойға құрылған шығармаларға арқау болады. А деп оқығанда арты шолтаң етіп көрініп тұратын, не демегі белгілі, етегі қысқа әдеби шығармалар бүгінде жиі кездеседі…


Бір қуанарлығы, кейінгі кезде жарыққа шығып жатқан әңгімелерде осындай жазудағы біржақтылық азайып барады. Оған 2019 жылы «Адырна» журналының №10 санында жарық көрген танымал жазушы Дәурен Қуаттың «Көрдемше» деп аталатын әңгімесі толық айғақ болады. 

Қаламгердің таяуда «Бөрісоқпақ» деген кітабын қалың оқырман жылы қабылдаған болатын. Кезінде бұл кітап турасындағы ой-пікірімізді де білдірген болатынбыз. Оқырман неге жылы қабылдады деген ой туындайды. Негесі сол, жинаққа енген дүниелерде жаңағы айтқанымыздай біржақтылық, жұтаңдық жоқтың қасы. Қайсы әңгімесін алып қарасаңыз да терең ой, құпия құбылыс, тосын иірімдер молынан ұшырасады. Ал, біз сөз еткелі отырған әңгімеде жазушы осы концепцияны тіптен арылата түскен. Әңгіме алуан түрлі ойға құрылған. Оқи бастағанда шығарманың арты неге апарып соғары, әңгіменің қалай аяқталары мүлдем белгісіз. Ойды ой жетелеп, енді не болар екен деген дәмемен бас алмай оқи бересіз. Тегінде әңгіме оқылып бітпейінше ешбір ойдың ұшығын ұстай алмай дал боласыз. Әңгімедегі бұлтарыс ой, қиялап келген тосын жағдайлар сізді мүлдем белгісіз жаққа жетелегендей болады. Болуға тиесілі оқиға демнің арасында түсін өзгертіп, құбылып шыға келеді. Алдыңыздан осындай болуға тиіс қой деген ойдан түрі өзге жаңа тірлік әлпеті шыға келеді. 

Шығарманың бас кейіпкері – Жолбасар. Қаламгер а дегеннен кейіпкердің бейнесін жарқ еткізіп алдыңа тартады. «Сылыңғыр қара жігіт екен. Аузы сөгілген сөзшең. Екі езуі құлағының сырғалығын еміп, ертелі-кеш сөзден тыйылмайды. Сөйлеп тұрып, ақша санай береді…».

 Саудада жолы болған оның сөзі де өктем. Үлкен болсын, кіші болсын «сен» деп сөйлей береді. Адам талғамайды. «Опа-далапқа көмілген қаланың кемпір-сампырын көрсе, қағындысы ұстап, сүйкене тіл қатады. «…Тух, ерніңді қарашы езілген, езіліп, үзіліп сүйіс тілейтін еріндер ғой мынау!», – дейді. Ол кейде серіктесі Дінасылға Жолбасар емес, жолбарыс секілді де көрінеді. «…сен жемтігін желкесінен басатын жолбарысқа ұқсайсың. Есімің туу туралы куәлігіңе қате жазылып кеткен болар» деп қағытады. Жолбасар ренжіген кейіп танытады. «…менің жазушы ағам сияқты сөз қуалаған пәле екенсің ғой…». 

Осы арада жазушы сөзі асқақтай түседі. Белгілі жазушы Ерқабат Байғызов туралы сөз өрбиді. «…Білсең мен соның інісі боламын», – деп әңгімені шолақ қайырады. Ал, бұл Дінасылдың ең сүйікті жазушыларының бірі еді. Бала кезден жазуды, жазушы болуды мансұқ етіп, дүниенің бергі жағын, жарық жағын ойлаған Дінасыл өзгеше күй кешеді. Арманы жазушы болу еді. Осы арман жетектеген ол қала келеді. Әйткенмен оқуға түсе алмайды. Іргесі бекем, баянды болашақтың қашанда оңайлықпен өлмейтіні, жаныңды қинап, алуан қилы азапқа салатыны бешенеден белгілі жай. Тезінен келген дүние тұрақсыздық күй кешеді. Еріген қар сықылды жылт етеді де жоқ болады. Өйткені, ол тірліктің іргетасы жоқ. Келуі де оңай, кетуі де тез. Осы үрдіс арман қуған жас шәкіртті де соғып өтеді. Оқуға түсе алмаған бала сағы сынып, сансырап та қалады. Бірде жалдап алған пәтеріне кештетіп келеді. Пәтердің есігі ашылмай, қара желке кемпір қаһарына мініп, мұны үйінен айдап шығады. Дінасыл далада қалады. Ақыры, алабай төбеттің үйшігінің артындағы тоған ішінен түнеп шығады. Үміті өшкендей болған ол тірліктің өзге сорабына түседі. «…Ертең Жолбасарға жолыққан бетте соның етегіне жармасамын. Жолбасардың жолына түсемін. Сосын жаңа өмір бастаймын..» деген түйінге келеді. 

Енді Дінасыл осы мақсат жолында тірлік етеді. Бұл ешбір аярлығы, қулығы жоқ, адал тірліктің ықпалы еді. Адам өз дегеніне жету үшін өзге соқпаққа да түсуіне тура келеді. Бұл – тірлік заңы. Бала Жолбасарды табады. Оған іні әрі көмекші болады. 

Оның сауда жолындағы тірлігі жаман болмайды. Машина да алады. Ортақ табыс екеуіне де мол олжа әкелгендей болған. Дәніккеннен құныққан жаман. Тосын олжаға кенелмек болған олар ақыры қылмысқа да барады. Жеке пәтер аламыз деген оймен түн қараңғылығында жол тосып тұрып, қоймашыны сұлатып салады. Қоймашыны сұлатып салады да, қапшық толы ақшаны белгілі жерге көміп кетеді.

Әңгімеде оқиғалар алуан түрлі аунақшиды. Жолбасардың жазушы ағасын жек көретін де жөні жоқ еді. Бірақ олай емес. Жолбасар ағасы десе, әсіресе, оның жазушылығы еске түссе қаны басына шауып, жау тигендей болады да қалады. 

Дінасыл оның ағасына деген қатыгездігіне қайран қалады. Қанша дегенмен бір қап, бір саптан шыққан емшектес бауыры ғой. Оны неге сонша жек көреді. Асықпаңыз, ол туралы да айтылады. Саудасы жүріп, өзінше қоңайып алған Жолбасар енді өзін ағасынан қалайда биік ұстайды. «…Дінасыл, – дейді кейде лепіріп, – айтшы, менің қасымда Ерқабат кім? Саусағын сорған біреу. О, сол кешеге дейін кісімсіп, алдымды орап келді емес пе? Ойбай, кім жақсы? – Ерқабат жақсы. Кім білгір? – Ерқабат білгір». Кейде ағасы туралы бұдан да асқан сорақылықтарға барады. «Дінас, – дейтін ызадан булығып, – бұл жазушы, ақын дегендерің бар ма, тасбауыр, сұмпайы адамдар шетінен. Дүниеде тек өзім ғана болсам дейді…».

Бұл жалпы қаламгер атаулының үкімет жағынан теперіш көріп, соры қайнап отырған кезі еді. «…Менің жазушыларға айтарым, – дейді теледидарда сөз алған үкімет басшысы ызбарланып, – «Жазуыңды жаз да жат. Үкіметтен ештеме сұрама. Американың жазушылары күндіз көше сыпырып, түнде жазады. Сендер де сөйтіңдер…». Міне, жаңалық деген осы. Мұны естігенде Жолбасар ырқ-ырқ күледі.

– Әне, көрдің бе, Үкімет адамы да бізбен бірге екен. Жазушылар – жатыпішер арамтамақтар ғой. Дұрыс, оларға көше сыпырту керек. Әсіресе, біздің Ерқабатқа! Шіркін, Ерқабаттың емпеңдеп көше сыпырып жүргенін көрер ме едім бір!». Тұп-тура осы араға дейінгі Жолбасар әрекетіне толығымен сенесіз, бәріне иланасыз. Ол фәниде тек өзім ғана байысам, өзім ғана жетсем дейтін тоғышар адамдардың толық бейнесін танытады. Саудасына да, жазушы туралы пікіріне де, бет алысы да, бәрі-бәрі айқындала түседі. Алайда Жолбасар тек қана осы саланың адамы деп топшылайтын шығарсыз. Жоқ, әсте бұлай емес. Адам қиялы қырық қатпарлы дейді ғой. Бұл Жолбасардың қырық құбылған қиялының бір шегі ғана. Ал, әлгі қатпардың арғы жағында не жатқаны аздан соң алдыңыздан шығады. Түптеп айтқанда нағыз Жолбасардың өзімен кезігесіз. Дүниенің арғы бетін ойлаған және өзінше ой түйіндеген ол келе-келе бет пердесін сыпырады да, өзінің шын мәнінде кім екенін көрсетеді…

Түннің бір уағы еді. Әлдекім Дінасылдың сыртқа шығуын өтінеді. Ол далаға шыққан. Қараса өзін сойып қаптап қойғандай біреу тұр. Тұп-тура өзін көргендей болады. Бұл адалдықтың жаршысы періште – елес еді.
– Сен кімсің, – деп сұрағаны.
– Дінасылмын.
– Жоқ, Дінасыл менмін.
– Дінасыл менмін, мен. Ешкімнің құжатын ұрлап, қалтаға басқан емеспін.
– Сен қайбір жылы Жолбасар екеуің ұрлап ұраға тыққан ақшаны иесіне қайтарар ма едің? Мен бәрін де білемін… Мен – менмін. Ал, сен менің кейпіме еніп, адасып жүрген пендесің… Сорлы-ау, ортақ үлесің қара сөмкедегі ақша ма? Оны Жолбасар баяғыда жаратып үлгірген… Олар үй салып жатыр. Үй біткеннен кейін Жолбасар сенен мәңгі құтылады. Ерқабатты «мемлекетіміздің қауіпті элементі» деп неге газетке жаздың?
– Жазған емеспін. Мен қазір жазу дегенді ұмытқанмын…

Бұл Жолбасардың өзгелерді алдаусыратып, әдейі көз қылып айтқан қырық қисынды әңгімелерінің бірі еді. Болмаса осы шақта ол Дінасылға да, жазушыға да, өзгелерге де қолынан келген қиямпұрыстың бәрін жасырын түрде іске асырып жатқан. Бірақ қашанда сақ, қашанда қырағы ол өзі істеген істің ізін де сездірмейді. Бергі жағынан қашанда жазушыларға, қала берді Дінасылға жай ғана өш секілді көрінеді, ал арғы жағында ит ұлып жатқандай еді…

Періште – елестің келуі әңгімені тіптен ширықтыра түседі. Елес – Дінасыл кәдімгі Дінасылдың алдында адал еңбектің үлгісін көрсетеді. Кәдімгі Дінасыл болса, баяғыша базарда ұн сатады. Ал, Елес – Дінасыл арба сүйрейді. «Аяқ-аяқ» деп зар қағады. Кәрістің аяғын басып кетіп, таяқ та жейді. Арбадан бір затты түсіріп алғаны үшін саудагердің қаһарына да ілігеді. «…Түс әлетінде ол қойманың көлеңкесінде қара нан талмап, қара су ішіп отырды» Ол елестің араласуымен талай кемшіліктің беті ашылады. Елес – Дінасыл бұны жаңа өмірге, адами кәсіпке қайта жетелегендей еді. Елестің әсері болар, ол көп ұзамай Жолбасардан іргесін алыс салады. Соның арқасында Дінасыл өзі күтпеген тұстан жазуға отырады. Алайда жазғандары желге ұшып, жоғала береді. Неше түрлі тақырыпқа жазылған әдеби дүниелер ұрланады. Ал, жоғалғаны еш табылмайды. Біздің үйде ұры жоқ, қазір қойған қазір жоқтың кебі болады. Тек «Жылан әйел хикаяты» ғана аман қалады… Әңгіме газетке басылады. Алайда дүрмек осы әңгімеден кейін басталады. Дінасылдың бұл дүниесі біреудікі немесе ұрланған, «жиендік жасаған хикаят» деген шу шығады. 

Дінасыл болса басқа түскен бұл пәледен зорға дегенде басын арашалап алады. Оған редакцияға келген салауатты жазушы Ерқабат Байғызұлы мұрындық болады. Ол тебірене сөйлеп, болып өткен тірліктің барша шындығын жайып салады. Дәл осы тектес әрекеттердің сонау ықылым замандардан бері әдебиет майданында болып келе жатқанын және бола да беретінін айтады. Жолда туғандарды Жолдыбай деп атайтынын, ал көрдемшелер де олармен қатар тірлік ететінін айтады. 

Жазушының айтуына қарағанда, көрдемшелер өзгелерге аса қауіпті көрінеді. Олар тым қызғаншақ, ішмерез, қорқау болатын сияқты. Әсіресе, әдебиеттегі көрдемшелердің жөні бөлек екен. «Олардың қорқаулығы сол – қаламгер атаулыны жек көре тұрып, қаламгер бейнесінде өмір сүріп, қаламгер бейнесінде өлгенді армандайды».

Нағыз көрдемше Жолбасар еді. Ол Дінасылдың бар жазғандарын ұрлап алып, ойына келгенін істеп отырған. Өзі тым каллиграфист еді. Біреудің қолын айнытпай қойып, жазуын да аудармай түсірген Жолбасар Дінасылға жазба деп тілек етті. Мұнысы жалған, көзбояу еді. Ал, ішкі дүниесі Дінасылдың жаза беруін тілеген. Сауда жолында жолы болған неме енді сол қарадүрсін жолмен әдебиетте де алдым ашық деп жобалаған. Сөз өнері мен қарапайым тірліктің аражігін ажырата алмаған. Ол Дінасылға ғана емес, кезінде Ерқабат Байғызұлына да қиянат жасаған. Жазушы атанғысы келген. Дегенмен бір кем дүние оны өз биігіне жеткізбеген. Сөйтіп әдебиетші де емес, жазушы да емес, көрдемше атанып, жұртқа күлкі болып қала берген. 

«Сөз өнері дертпен тең» деп ұлы Абай тегін айтпаған ғой. Қуанарлығы сол, қаламы қарымды жазушы Дәурен Қуат сөз өнеріндегі осы қиын дертті өзіне тән табандылықпен, өзіне тән шеберлікпен шеше білген. Тынымсыз тірліктің арқасында өзінше көркем шешім, жаңа тұрпатты әдеби болмыс жасаған. Айта кетерлігі сол, жазушының тілі кестелі, нәрлі. Сөзбен сурет салуға, айтар ойын құбылтып, аунатып айтуға шебер. 

«…Жылдармен жағаласып, тақасы тозған біз тұмсық, кәрі туфлилер, төбесінің ойығы ішіне батқан бір кездегі сәнді шляпалар, тоқ мықындардан арылған ескі юбкалар көлбеңдеп, Жолбасардың ләпкесін жағалайды…».

«…Алғаш ғашық болған аяулы күндерім, бала ғашығымның жүзінен болашақ жар келбетін көріп тамсанған іңкәр кездерім, табиғаттың сұлулығын танып, таңғажайып күйге бөленген сәулелі сәттерім…», «Қоймашы шиқан қабақ, ит жігіт еді…», «…Табанымның астына сарғайған сар жолақ сәулелер төселіп барып үзіледі…», «…Омырауы адамды қол созым жерден тоқтатады екен…», «Базардағы көңіл күйін ол үйіне жетелей келетін көрінеді…». «Міне, тізе берсек шағын ғана әңгіме бойынан осындай суретті сөздер молынан кезігеді. 

«Әдебиет – ардың ісі» деп ғұламалар бекер айтпаған ғой. Сөз өнерінің ешқандай қулық пен сұмдықты көтермейтіні, қу тіршілікке алданбайтыны бесенеден белгілі. Әдебиет – таза адами сезім мен таланттың жемісі.

Әдебиеттегі көрдемшелердің жұлдызы қайтып, көкте жарқырай қойсын. Дей тұрғанмен көрдемше атаулының бағзы замандардан тартып, күні бүгінге дейін бар екенін және бұдан былай да бола беретінін естен шығармағанымыз жөн. 

 Дәнеш Ахметұлы, 
        жазушы

Қатысты жаңалықтар

Қадірлей білер қазынамыз

Қадірлей білер қазынамыз

27.06.2026
Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

27.06.2026
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

27.06.2026
Ақпаратқа сенім неге азайды?

Ақпаратқа сенім неге азайды?

27.06.2026
Арпа, бидай ас екен

Арпа, бидай ас екен

27.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.