Талдықорған: +37°C
$ 486.47
€ 554.77
₽ 6.26
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮНДЕРЕК

Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

27.06.2026
КҮНДЕРЕК
Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?
WhatsAppTelegramFacebook

Газет – қоғам өмірінің айнасы. Уақыт қанша өзгерсе де оның ақпарат таратудағы, ой қалыптастырудағы және қоғамдық пікірді бағыттаудағы орны ерекше. Дейтұрғанмен, соңғы он бес-жиырма жылда «газет өледі», «баспа журналистикасының дәуірі аяқталды» деген пікір жиі айтылып келеді. Әсіресе әлеуметтік желілер қарқын алған кезеңде бұл болжамға сенетіндер көп. Кейбіреулер тіпті газет атаулының ғұмыры санаулы қалды деп кесіп айтып жүр. Шыны керек, қазір ақпараттың таралуы жарықтың жылдамдығымен бәсекелесетін заман туды. Бір оқиға болса, бірнеше секундтан кейін әлеуметтік желіде жаңалық желдей еседі. Бірі видео түсіреді, бірі пікір жазады, енді бірі сарапшыға айналып шыға келеді. Бірақ осы жылдамдықтың ішінде шындық бар ма? Кеше ғана әлемді шулатқан ақпарат бүгін жоқ. Бір апта бұрын ел талқылаған тақырыпты ешкім есіне алмайды. Әлеуметтік желінің табиғаты осындай. Ол – толқын. Келеді, соғады, кетеді. Ал газет ше? Оның тағдыры қандай болмақ? Шынында газеттің дәурені өтіп кетті ме? Осындай сауалды медиа саланың өкілдерінен сұрап көрдік. Пікір сарапшыдан, ой түю сізден болсын, көзі қарақты оқырман… 

Ар-ұятты журналистер газетті «өлтірмейді»

Қайнар ОЛЖАЙ, ардагер-журналист:

– Қазір көп талқыға түсетін тақырып осы. Газеттің дәурені өтіп, сайт пен әлеуметтік желі «қайраттана» түсті дегенге қосыла алмаймын. Қазіргі әлеуметтік желідегі жай ғана жазатын адамдармен, белсенділермен, блогерлермен бәсекеге түсіп, сол бәсекеде сәл кемшін тартуы мүмкін. Бірақ бұл журналистиканың, оның ішінде газеттің «өлгенін» білдірмейді. Бүгінде оны бәсекеге қабілетті ету маңызды. Дегенмен, көптеген блогермен салыстырғанда журналистер ресми түрде тіркелген тұлға және олар бірнеше шарттарға сай болуы керек. Біріншіден, журналистер сауатты болуы тиіс. Ал блогерлер бұл жағынан ақсап жатады. Халық осыны ажырата алмайды. Негізі оқырманға сауатты материал керек. Бұл жағдайда журналистер блогерлерден жоғары тұр. Екінші жағдай бар. Шындықты айту, халықтың жанайқайын жеткізу жағынан блогерлерге оңай. Өйткені олардың ешқандай жауапкершілігі жоқ. Журналистер заң алдында, қоғам алдында да жауапкершілігі бар. Блогерлерден ұтылатын жері осында. Үшіншіден, жылдамдық, жеделдік мәселесінде тағы ұтылады. Журналистер материал дайындаса, келесі күні немесе белгілі бір уақытта шығады. Ал әлеуметтік желіде сол сәтте жарияланады. Бірақ бұл жерде де журналист сапа жағынан ұтуы керек.

Газеттің дәурені өткен жоқ. Бәсеке болғаны дұрыс. Бұрын газетке бәсеке болған жоқ. Радио мен телеарналар бәсекелес болмайтын. Ал сайттар мен әлеуметтік желі газетке бәсекелес. Бірақ газеттің артықшылығы көп. Сайттың қағаз нұсқасы жоқ. Ал газеттердің сайты да, қағаз нұсқасы да бар. Демек, басылымдар сақталады. Қазір кейбір сайттар газеттерден көшіріп басады. Көшіріп деп жұмсартып айтып отырмын, шындығына келсек, тақырыбын айқайлатып қояды да материалды ұрлайды.

Жалпы, қазақ газетін бірнеше жайт тұқыртуда. Біріншісі – орысшадан тікелей аударма. Біз орысшадан тікелей аударамыз деп сөздік байлығымызды құрттық. Екіншісі – пресс-релиз. Пресс-релиз ойлау жүйемізге әсер етті. Журналистер өздері ойлаудан қалды. Бізде көріп келетін ғана журналистика пайда болды да ойланып жазатын журналист қазір жоғалды. Пресс-релиз соған «кінәлі».

Келесісі, оқырман іздеген көп нәрсе қазір газетте жоқ. Басқасын айтпағанда, біз жанрларды құрттық. Төртіншіден, газеттерде қате көп.

Әлеуметтік желі қолданушы мықты жазғанмен ол журналист бола алмайды. Журналистиканың болашағы бар. Қазір сапасыз, сұрқай журналистер қаптап кетті. Бізге керегі – сапалы мамандар. Өз міндетін білетін, саланың қыр-сырын меңгерген, сауатты жазатын, елдік мүддені жоғары қоятын, жекелеген адамға қызмет етпейтін, ар-ұяты бар журналист керек. Сонда ғана қазақ газеті «өлмейді»! 

Элиталық кеңістікке айналды

Асқар БЕКОВ, Kznews.kz сайтының бас редакторы, журналист, медиаменеджер:

– «Газет жабылады, баспа дәуірі аяқталады» деген пікір қоғамда бұрыннан қалыптасқан. Бұл көзқарас, әсіресе 15-16 жыл бұрын, яғни 2010-2011 жылдары, әлеуметтік желілердің қарқынды дамыған кезеңінде кеңінен тарады. Сол уақытта көптеген журналистер мен блогерлер «Газеттің орнын сайттар мен әлеуметтік желілер басады» деп болжаған еді. Өйткені желі мен сайттың дәурені жүріп тұрған шақ еді.

Алайда уақыт бұл пікірдің теріс болжам әрі толық шындыққа жанаспайтынын көрсетті. Кез келген жайтты дәйектеу үшін әлемдік аренаға көз салатын әдетіміз ғой. Халықаралық деңгейде мойындалған шетелдік ірі басылымдар өз жұмысын жалғастырып келеді. Әрине, тираж көлемі азайған, бірақ газет форматындағы басылымдар тоқтаған жоқ.

Қазақстанда да жағдай ұқсас. «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «EGEMEN Qazaqstan», «Айқын» сияқты республикалық газеттер, сондай-ақ, облыстық, аудандық басылымдар әлі де жарық көруде. Рас, тираж азайды. Бұл – заңды құбылыс. Себебі қазіргі оқырман ақпаратты тек газеттен ғана емес, әлеуметтік желілер мен интернет-сайттардан да алады.

Электронды кітаптар мен смартфондар кең тарала бастаған кезде көптеген сарапшы «Қағаз кітаптың дәуірі аяқталды» деген пікір айтты. Алайда бұл болжам да толық жүзеге аспады. Бүгінде әлемнің көптеген елінде кітап дүкендері мен кітап жәрмеңкелері жұмысын жалғастырып келеді. Тіпті соңғы жылдары жастар арасында қағаз кітап оқуға деген қызығушылық қайта артып отырғаны байқалады. Өйткені кітап тек ақпарат көзі ғана емес, ол оқу мәдениетінің, рухани талғамның және терең ойланудың белгісі.

Газеттің жағдайы да осыған ұқсас. Әлеуметтік желідегі ақпарат жылдам таралады, бірақ оның өмірі қысқа. Бірнеше сағаттан кейін-ақ ол ұмытылып кетеді. Ал газетте жарияланған мақала белгілі бір кезеңнің шежіресі ретінде сақталады. Тарихшылар мен зерттеушілер өткен ғасырдағы қоғамдық-саяси оқиғаларды зерделегенде ең алдымен газет мұрағаттарына жүгінеді. Егер ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының тыныс-тіршілігін білгіміз келсе, біз әлеуметтік желіні емес, сол кезеңдегі басылымдарды қараймыз. Демек, газет тек ақпарат таратушы құралдан бөлек ұлттың тарихи жадысын сақтайтын маңызды құндылық. Сондықтан газет пен әлеуметтік желіні бір-біріне қарсы қою дұрыс емес. Әрқайсысының қоғамдағы қызметі әртүрлі. Әлеуметтік желі – жеделдік пен қолжетімділіктің алаңы болса, газет – сараптама мен сапаның, жауапкершілік пен кәсібиліктің мектебі. Уақыт өзгергенімен сапалы журналистикаға деген сұраныс ешқашан жоғалмайды. Ал сапалы журналистиканың басты тұғырларының бірі болып газет қала беретіні сөзсіз.

Сөзімізге тағы бір дәйек болсын, осыдан шамамен 70 жыл бұрын кино мен пленка пайда болған кезде, кейін телевизия дамығанда «театр өледі» деген пікір кең тараған еді. Алайда уақыт көрсеткендей, театр жойылған жоқ. Керісінше, ол мәңгілік рухани ордаға, элиталық мәдени кеңістікке айналды. Бүгінде өзін сыйлайтын, білім мен руханиятқа ұмтылған азаматтар театрға баруды дәстүрге айналдырған.

Меніңше, дәл осы үрдіс газетке де тән. Қазіргі кезде газет те белгілі бір деңгейде элиталық кезеңге өтті. Бұрынғыдай жаппай жаздырып оқитын заман өзгерді. Қазір газет – кез келгеннің қолына түсе бермейтін, бірақ құндылығы жоғары, сапалы ақпарат көзі. Оның артында журналистің елеулі еңбегі, терең талдауы жатыр.

Газетті оқитын аудитория да өзгерді. Олар – руханиятқа, білімге, ғылым мен экономикаға жақын, ойлы, ізденімпаз азаматтар. Сондықтан бүгінгі таңда газет оқу да, газетте жұмыс істеу де белгілі бір мәртебе деп есептеймін. Ал әлеуметтік желілер өз қызметін атқара береді: жедел ақпарат тарату, ойын-сауық, жеңіл контент ұсыну. Бірақ терең мазмұн, сапалы талдау, рухани құндылық тұрғысынан газеттің орнын оңайлықпен ешбір ақпарат көзі баса алмайды. Сондықтан жақын болашақта газетті толық алмастыратын құрал пайда болады деу асығыс пікір. Қайта газет өзінің жаңа сапалық деңгейіне өтіп, қоғамдағы орнын сақтап қала береді. 

Баспасөз ғұмыры көгілдір экранда жалғасады

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ, журналист, Adal ADAM youtube арнасының жүргізушісі, жетекшісі:

– Ештеңеге таңғалмайтын заманға келдік. Кеше ғана фантастика болып көрінген дүниелер бүгінде күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Соның бірі – жасанды интеллект. Ол мәтін жазады, сурет салады, видео жасайды, тіпті адаммен сөйлеседі. Осындай өзгерістердің ортасында жүргенде «Газеттің болашағы бар ма?» деген сұрақтың жиі қойылуы заңды. Дегенмен, газет ертең жоқ болып кетеді деу де, бұрынғы қалпында сақталады деу де дұрыс емес. Өйткені адамдардың ақпарат тұтыну тәсілі өзгерді. Бұрын жаңалықты газеттен оқитынбыз. Қазір жаңалықты телефоннан көреміз. Бір оқиға болса, бірнеше минуттың ішінде әлеуметтік желіге, Telegram арналарына, сайттарға тарап кетеді.

Өз басым соңғы жылдары қағаз газетті тұрақты оқыған емеспін. Бүгінде қажетті ақпаратты сайттардан, ақпарат агенттіктерінен және мемлекеттік органдардың ресми парақшаларынан аламыз. Мен ғана емес, көпшілік те солай. Сондықтан газетке деген сұраныс бұрынғыдан азайғаны анық. Яғни, осы жердегі бір шындық, басылым сапасынан емес, жылдамдық жағынан ұтылып қалды деуге болады.

Бірақ мәселе журналистикада емес, газет форматының өзінде болып тұр. Қазір қағаз, басып шығару, тарату қымбат. Оның үстіне оқырманды газетке жаздыру оңай емес. Машақаты көп. Экономикалық модельдің өзгеруі де газет тағдырына қатты әсер етуде. Сондықтан қағаз газеттің жағдайы жылдан жылға қиындауда. Шындыққа тура қарауымыз керек. Дегенмен, бұл журналистика жоғалады деген сөз емес. Керісінше, ақпарат көбейген сайын кәсіби журналистикаға сұраныс арта береді. Өйткені әлеуметтік желіде ақпарат өте көп. Бірақ оның бәрі шындық емес. Біреу әдейі жалған ақпарат таратады, эмоциямен жазады. Екіншісі өзіне тиімді жағын ғана көрсетеді. Жасанды интеллекттің көмегімен жұртты шатастырып жатқан мысалдар да аз емес. Ал журналистің жұмысы басқа. Ол сұрақ қояды. Деректерді салыстырады. Фактілерді тексереді. Оқиға орнына барады. Репортаж жасайды. Сараптайды. Қоғамдық бақылау жүргізеді. Мұны әзірге ешқандай алгоритм де, ешқандай ресми парақша да толық алмастыра алмайды.

Жасанды интеллект бұл жерде журналистің «жауы» емес, көмекшісі бола алады. Бұрын журналист күніне бір материал жазса, қазір ЖИ көмегімен бес мақала даярлай алады. Сол себепті бәсеке журналист пен ЖИ арасында болмайды. Бәсеке ЖИ қолданатын журналист пен қолданбайтын журналист арасында болады. Ал тікелей газеттің болашағына келсек, мен оның толық жоғалып кететініне сенбеймін. Бірақ негізгі өмірі қағазда емес, цифрлық кеңістікте жалғасады деп ойлаймын. Болашақтағы газет – бүгінгі түсініктегі газет болмайды. Ол сайт болуы мүмкін. Telegram арнасы болуы мүмкін. YouTube жобасы болуы мүмкін. Подкаст болуы мүмкін. Бірақ негізгі миссиясы өзгермейді – ақпарат тарату, сараптау.

Қағаз нұсқасы да сақталуы мүмкін. Сондықтан «Газет өле ме?» деген сұрақтан гөрі «Газет қалай өзгереді?» деген сұрақ маңыздырақ сияқты. Меніңше, газет қағаздан «экранға» көшеді. Бірақ оның мазмұны, миссиясы және қоғамға қажеттілігі сақталады. 

Пікірлерді топтастырған
Дастанбек САДЫҚ

Қатысты жаңалықтар

Асылханның фотосы

Асылханның фотосы

27.06.2026
Ол кездері барлығы өзгеше еді…

Ол кездері барлығы өзгеше еді…

27.06.2026
Қадірлей білер қазынамыз

Қадірлей білер қазынамыз

27.06.2026
Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

Дәстүрлі БАҚ-тан бақ тайды ма?

27.06.2026
Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

27.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.