Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУ КЕРЕК

31.03.2023
КҮЛТӨБЕ
КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕЛУ КЕРЕК
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасының «Климаттық оңтайландырылған агротехнологияларды ілгерілету» жобасының ресми жабылуы Талдықорған қаласында Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасының қабырғасында өтті. 

Жапония үкіметі қаржыландырған 974 408 АҚШ доллары көлеміндегі жобаны іске асыру республикада өткен жылғы тамыз бен биылғы наурыз аралығында өрбіді. Аталған жоба фермерлік шаруашылықтарды қолдауға, құрғақшылықты болжау және алдын алу үшін «Қазгидромет» РМК жабдықтарын жаңартуға бағытталған. Қорытынды іс-шараға БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Сухроб Ходжиматов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Ербол Есенеев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорология және гидрология кафедрасының меңгерушісі Азамат Қазауов, сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының, өңірлік кәсіпкерлер палатасының, шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты.

Басқосуда: «Климаттың өзгеру жылдамдығын ескере отырып, оның салдарына қазір бейімделу маңызды. БҰҰ Даму бағдарламасының су және азық-түлік қауіпсіздігі, экономикалық инфрақұрылымды экстремалды климаттық құбылыстар мен табиғи апаттардан қорғау, сондай-ақ табиғи капиталды қорғауға ерекше назар аудара отырып, елдегі ұлттық деңгейде айқындалатын салымдардағы климаттың өзгеруіне бейімделу басымдықтарын енгізу жөніндегі ұлттық күш-жігерді қолдайтынын мақтан тұтады», – деді Сухроб Ходжиматов.

Жобаны іске асыру шеңберінде келіп түскен 36 өтінімнің ішінен 10 пилоттық ферма іріктелді, олардың екеуі Жетісу облысында орналасқан. Қаратал ауданындағы «ДОН» шаруа қожалығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын, оның ішінде пияз, картоп, қызылша, жүгері, қарбыз және қауын өсірумен айналысады. «Азия Голд» ЖШС Сарқан ауданынан дәрілік шөптер мен ауыл шаруашылығы дақылдарын (тары, құмай, арпа, бидай, қарақұмық, жалбыз, түймедақ, мелисса, валериан) өсіреді.

Қазақстанның іріктелген он фермерлік шаруашылығында жаңартылатын энергия көздерін (жел және күн) пайдалану бойынша шешімдер енгізілген.

– Қазақстан аумағында әртүрлі салада жұмыс істейтін және өз шаруашылығында жаңартылатын энергия көздерін пайдалана алатын 10 фермерді таңдадық. Атап айтқанда, күн панельдері, жаңбырлату қондырғылары, тамшылатып суару, күн энергиясы арқылы суды жылытуға мүмкіндік беретін гелиожүйелер орнатылды. Жоба мақсаты – фермерлердің жұмысына ең озық технологияларды енгізу. Ірі кәсіпкерлер мұндай технологияларды өздері де қолдана алады. Біздің міндетіміз – шағын фермерлерге осы шешімдерді іс жүзінде қалай қолдануға болатынын көрсету. 
Мал және өсімдік шаруашылығының түрлі бағытында технологияларды Қазақстанның оңтүстігінде қалай пайдалануға болады, солтүстігіне қандай қондырғы тиімдірек екенін түсіндіруге тырыстық, – деді Ербол Есенеев. 

Жасыл технологияларды енгізумен қатар жоба аясында оқу да қамтылды. Қазақстанның 17 өңірінен 400-ден аса фермер ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңартылатын энергия көздерін енгізу бойынша тренингтерге қатысты. Пилоттық фермалардың өкілдері Германияға танысу сапарына барды. Қатысушылар түйіршіктелген қатты отын шығаратын зауыттарды (цилиндр тәрізді қатты отынның түйіршіктелген түрі, ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары мен ағаш қалдықтарынан жасалады) аралады. Биогаз қондырғысын көріп, сүт фермасы мен ауылға барды. Германияның бұл нысандары бүгінде күннің «таза» энергиясымен толық жұмыс істейді. Қатысушылар өнімді әрі қарай өңдеу үшін «жасыл» технологиялар мен биошикізатты пайдаланатын шаруашылықтардың экономикалық тиімділігі мен тұрақтылығына көз жеткізді. 

«Жыл өткен сайын климаттың өзгеруі қатты білінуде. Құрғақшылықтың жиілегеніне қарамастан біз су үнемдейтін қондырғыны орнатуға жағдайымыз келмеді. Енді жоба арқылы өндірісте егістіктерді қорғап, топырақтағы ылғалды 50 пайызға дейін сақтауға көмектесетін үнемді суару технологиясын қолданатын боламыз», – дейді «Азия Голд» компаниясының директоры Алексей Коржиков. 
Жобаның ресми жабылуы барысында БҰҰ Даму бағдарламасы, «Атамекен» ҰКП және Жетісу облысы әкімдігінің өкілдері Сарқан ауданында дәрілік шөптерді өсіру бойынша фермерлік шаруашылыққа барды. Онда су үнемдеу қондырғысы орнатылды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қатысты жаңалықтар

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

Биылғы сайлау науқаны саяси бәсекенің жаңа кезеңін айқындады

02.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ел болашағын айқындайтын маңызды науқан

02.08.2026
«Балаусаға» шыққан балдырғандар

«Балаусаға» шыққан балдырғандар

02.08.2026
Орманды өрттен сақтайық!

Орманды өрттен сақтайық!

02.08.2026
Алғашқы алтын

Алғашқы алтын

02.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.