Талдықорған: +4°C
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Көмір тапшылығы жойылады

31 қаңтар 2018
КҮЛТӨБЕ
Көмір тапшылығы жойылады
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Энергетика министрлігі республиканың кей өңірлерінде орын алған көмір тапшылығы жөнінде, «Қазақстан темір жолы» АҚ, көмір өндіруші компаниялар және мемлекеттік органдардың қатысуымен республикалық жиын өткізді.

Жиналыста облыстық әкімдіктер бейнеконференция арқылы ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиевке өңірдегі көмір жеткізу жағдайы жөнінде есеп берді. Алматы облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Қанағатовтың айтуынша, аймақтағы коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізушілер мен сатушылар ауа райы жағдайына дайын болмаған және күрт өскен сұранысты дер кезінде қанағаттандыра алмаған. «Ауа температурасының күрт төмендеуінен 20-24 қаңтар күндері көмір өндіру көлемі азайды, осыған байланысты отынды жеткізу кестесі де сақталмады. 25 қаңтардан бері көмір разрездеріндегі жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде. Әзірге көмірді жеткізу мәселесі тұрақталмады», — деді Әсет Қанағатов. Басқарма басшысы аталған мәселенің бақылауға алынғанын, штаб құрылып, әрбір вагонның бағыты қадағаланып отырғанын жеткізді.

Соңғы үш күнде Алматы және Талдықорған өңірлеріне Қаражыра және Шұбаркөл разрездерінен 246 вагон немесе 16 мың тонна көмір жіберілген. Оның 10 мың тоннасы Есік қаласы орналасқан Алматы өңіріне жіберілген. «Талдықорған өңірінде 92 вагон көмір бар, тағы 54 вагон көмір түсіру жоспарланып отыр. Талдықорған қаласында 16 вагон көмір түсіріліп жатыр. Менің ойымша, екі-үш кұнде тұрмыстық көмірге деген сұранысты жабамыз», — деп өз сөзін толықтырды Ә. Қанағатов. Әкімдік өкілінің айтуынша, жылыту маусымында тұтас облысқа 1 миллион 430 мың тонна көмір қажет.

Бүгінде 1 миллион 308 мың тоннасы, яғни 93 проценті әзірленген. Қазіргі уақытта 29 мың 640 тонна көмір бар, оның бір тоннасы 14,5-15 мың теңгені құрайды. Айта кетейік, ауа температурасының төмендеуіне байланысты соңғы аптада республиканың оңтүстігінде, әсіресе Алматы облысында көмірге деген сұраныс күрт өсті. Соның салдарынан Талдықорғанда бір тонна көмір бағасы 20 мың теңгеге дейін қымбаттады.

Дереккөз: inform.kz

Қатысты жаңалықтар

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

Әлеуметтің әлеуетін арттырады

31 қазан 2026
Айтылмаған алғыс

Айтылмаған алғыс

31 қазан 2026
Илену мен үй болу

Илену мен үй болу

31 қазан 2026
Ел болашағына бағыт берген

Ел болашағына бағыт берген

31 қазан 2026
Рухани байлықтың кілті

Рухани байлықтың кілті

31 қазан 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.