Талдықорған: +35°C
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КҮН ЖҮЙЕСІ ЖАСАНДЫ ҚҰРЫЛЫМ БА?

24.06.2023
КҮЛТӨБЕ
КҮН ЖҮЙЕСІ ЖАСАНДЫ ҚҰРЫЛЫМ БА?
WhatsAppTelegramFacebook

Жеті қат көк пен жеті қат жер астының, одан да ары баратын болсақ, он сегіз мың ғаламның біз түсіндіріп бере алмайтын ғажайыптары көп қой. Сондай ғажайыптардың қатарында біз тіршілік етіп жатқан Күн жүйесінің ғаламаттарын айтуға болады.

Ғалымдардың бір бөлігі Жер ғаламшары айналып жүрген Күн жүйесі өздігінен пайда бола салмаған, яғни бұл планеталарды әлдебір Жоғары сана иелері, оларды Жаратушы құдірет, жерден тыс ғаламда дамыған өркениет өкілдері десек те болады, қатаң есепке құра отырып белгілі бір тәртіппен орналастырған, басқа сөзбен айтқанда қолдан жасаған деген тоқтамға келіп отыр.

Мұндай тоқтамға келуге нақты себептер де жоқ емес. Соның ең бастысына тоқталар болсақ, жоғарыда айтып өткеніміздей, Күн жүйесіндегі планеталардың орналасуы бүкіл әлемге ортақ заңдылыққа, белгілі бір қисынға келе қоймайды.

– Осы уақытқа дейін бізге жақын маңдағы 168 ғарыш жүйесі зерттелді. «Ондағы» барлық планеталар жүйесі бір ғана принциппен құрылған – ең үлкен планета өз күніне ең жақын қашықтықта орналасады. Бұл жерде дәлме-дәл заңдылық байқалады – планета неғұрлым кіші болған сайын жұлдыздан соғұрлым алыстай түседі, – деп жазады Ресей Ғылым академиясына қарасты Ғарыштық зерттеулер институты планеталар физикасы бөлімі лабораториясының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы Леонид Ксанфомалити.

Ғалымның айтуынша, Күнге ең жақын орбитада кіп-кішкентай Меркурий айналып жүр. Ал алып планеталар Юпитер мен Сатурнның орбиталары жарық күнімізден айтарлықтай қашықтықта орналасқан.

Әрине, планеталардың бұлайша аномальді орналасуын негіздейтін ғылыми болжамдар да жоқ емес. Әйтсе де астрономдар осы күнге дейін телескоппен практика жүзінде бұған ұқсас бірде-бір жүйені байқай алмаған екен.

– Біздің ғаламға ұқсас жүйелер, кім біледі, мұмкін бар да шығар, – деп сөзін жалғастырады ғалым. – Өйткені біз «аспанның» азғантай бөлігін ғана зерттей алдық. Әйтсе де Юпитердің қазіргі орбитасында пайда болу мүмкіндігін жоққа тән деп есептеймін. («Известия-наука» материалдары бойынша, 12.10.2005).

Бұл болжамды – Күн жүйесінің қалыптасуына сыртқы күштердің араласуы мүмкіндігін Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Күн-жер физикасы институтының аға ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты Сергей Язев та жоққа шығармайды. «Осыдан жиырма шақты жыл бұрын өз абырой-беделін, болашағын ойламайтын ғалым ғана Күн жүйесі құрылымының қалыптасуына жерден тыс өркениеттің араласуы жайында сөз қозғай алатын еді. Дегенмен көзге көрініп тұрған нақты фактіні жоққа шығара алмайсың. Содан кейін де жаңағыдай керемет сәйкестіктерге түсініктеме ретінде жасанды араласу моделін де ұсынуға болады, – дейді ғалым бұл мәселе жайындағы ойын қорыта келе – Бұл жерде әлдебір саналы тіршілік иелері біздің осы күнгі жүйемізді мақсатты түрде қалыптастырды, құрды деп тұжырымдаудан аулақпыз. Барлық аномалиялар өзге бір өркениет өкілдерінің бізге түсініксіз күйде қалып отырған іс-әрекеттерінің жанама салдары болуы да әбден мүмкін».

Иә, байқап отырғанымыздай, Күн жүйесі планеталарының көпшілігі «өз орнында» тұрған жоқ. Егер әлдебір күш оларды сол орынға арнайы апарып қоймаған болса, физика заңдылығына сәйкес олар мүлдем басқаша тәртіпте орналасқан болар еді. Айталық, Уран мен Сатурн, Нептун ғаламшарлары Күнге жақын маңда айналып жүруі тиіс болатын. Жер – Ананы бізге қарай ұшып келе жатқан кометалар мен астероидтердің көпшілігінен қорғап тұрған Юпитер де сол маңнан табылса керек еді. Ең бастысы, адамзаттың талбесігі Жер – Анамыздың жарық Күннен ең оңтайлы қашықтықта, кереметтей қолайлы орында орналасқандығы дер едік.

Бұл сәйкестікке көптеген астрономдар назар аударды. Олардың бірқатары әлдебір Құдіретті күш шын мәнінде өздері жасаған планеталар мен олардың серіктерін бүгінгі орындарына қолмен қойғандай етіп орналастырған деген тұжырымға келді.

Серіктері демекші, осы жерде Жер серігі – Ай арудың ерекшеліктеріне де тоқтала кетейік. Физикалық қасиеттері жағынан алғанда бұл да таңғаларлық нысан. Ол шамалы соққының өзінен бірнеше сағат бойы қоңырау секілді сыңғырлап тұрады. Мұның өзі оның іші қуыс нысан екендігін айғақтайды.

Айдың тағы бір ерекшелігі – оның ауырлық орталығы Жерге геометриялық орталығынан 6 000 метр жақын болып келеді. Астрономдардың есептеп шығарғанындай, мұндай ерекшелігі бар жер серігінің орбитасы, барлық физика заңдарына сәйкес бұлталақтап тұруы, яғни бір шетінен келесі бір шетіне қарай тербетіліп тұруы тиіс болатын. Ондай құбылыс байқалмайды.

Жер тұрғындары қашанда Айдың бір ғана бетін көреді. Ғаламшарымыздың тартылыс күшінің Айға әсер етуінен туындайтын бұл құбылыс синхронды айналу деп аталады.  Математикалық жағынан кереметтей дәлдікпен айқындалған бұл үрдіс әлдебір себептермен сәл ғана өзгеріп кететін болса Жер бетіндегі мұхиттардың толысуы мен қайтуы бейберекет сипат алып, кейбір болжамдар бойынша цунами мен зілзалалар қазіргіден жүздеген есе көп болар еді.

Ең бір таңғаларлық мәлімет – Күн Айдан тура 400 есе үлкен, сонымен бір мезгілде Жерден 400 есе алыс қашықтықта. Содан кейін де екеуінің көзімізге шалынатын көлемі шамамен бірдей болып келеді. Егер Күн мен Айдың, Юпитер мен Жердің орбиталары әлдебір себептермен бір ғана градусқа ауытқитын болса Күн жүйесінде планетарлық масштабтағы апаттардың орын алуы ықтимал екен. Содан шығара келе мұның қаншалықты жетілдіріліп, ойластырылған жүйе екендігін бағамдай аламыз.

Белгілі Ресей ғалымдары Михаил Васин мен Александр Щербаковтың 1969 жылы жазған «Ай – сананың жемісі» (Луна – творение разума) атты мақаласы көзі қарақты оқырманның ой-санасын дүр сілкіндірген болатын. Замандастарымызды осы күнге дейін толғантып келе жатқан мақала авторларының ең басты тұжырымы: Жерден тыс күштердің қатысы болмаса Айдың дәл қазіргі қалпында, қазіргі орнында болуы мүмкін емес.

– Бұл табиғи серік емес, жасанды аспан денесі, – деп жазады олар. – Айдың екі бірдей қорғаныс қабаты болуы мүмкін деп ойлаймыз. 4 километрлік тығыз қорғаныс қабаты, ал оның астында қалыңдығы шамамен алғанда 15 шақырымды құрайтын броньді қабаты бар.

Ғалымдардың бұл теориясын Ай бетіндегі диаметрі жүздеген километрге созылған кратерлер тереңдігінің 4 километрден аспайтындығы дәлелдей түседі. Ғылыми қауымдастықтың есептеп шығарғанындай, егер Жер серігін соншалықты алып метеориттер соққылаған болса, оның бетінде кем дегенде тереңдігі 50 километрлік кратерлер қалған болар еді. Бір ғажабы, олай болмай тұр. Метеориттер бейне бір Айдың ішкі бөлігіндегі аса берік қорғаныс қабатына соғылып, үгітілетін сыңайлы…

Мұндай «кездейсоқтықтардың» кездейсоқ бола беретіндігіне ғалымдардың өздері де сене бермейді. Кейбір зерттеушілер осыған орай «Табиғат қаншалықты мінсіз, ұлы жаратушы болғанымен Ай осы қазіргі орнына мүлдем кездейсоқ келе қалды дегенге сенуім қиын. Одан бұрын мен оны Жер маңына арнайы әкелінген ғарыш кемесі дегенге иланамын. Жалпы алғанда бүкіл Күн жүйесі басқа ешбір жүйеге ұқсамайтын, ешбір ортақ ережеге бағынбайтын қайталанбас құбылыс!», – деп тұжырымдайды.

Жоғарыда айтылғандардан Күн жүйесі тіршілікті туындатуға арналған ғажайып машина, оны сол мақсатпен Жоғары сана иелері, Құдіретті күш қолдан жасады деген тұжырым туындайды.

Ғалымдардың болжамына қарағанда, алғашында тіршілік ұрығы, тұқымы Марс пен Жер, Шолпан планетасының бетіне «себілген» сыңайлы. Онда қолайлы жағдайлар да бар еді. Уақыт өте келе Марс пен Шолпанда тіршілікті дамыту перспективасы жоғы айқындалған кезде планеталар орбитасын өзгерту қажеттігі туындайды…

Енді мына бір ғажайыпқа назар аударайық. Юпитер мен Сатурн, Нептунның жылу шығару, сәулелендіру қуаты орасан. Олар Күннен алған жылу қуатынан екі есе артық жылу шығарады. Бір бүйіріне жатып алып айналатын Уранда ғана мұндай қуат байқалмайды…

Ғалымдар бұдан аталған ғаламшарлардың қойнауында шексіз деуге болатындай энергия көздері бар деген қорытынды жасап отыр. Соған орай көңілде планеталардың орын ауыстыруын басқаратын механизм де дәл сол маңда емес пе екен деген болжам қылаң береді.

Жоғарыда айтылғандардан Күн жүйесі, бұған талбесігіміз көгілдір Жер планетасы да кіреді, әзірше қайталанбас құбылыс, адамзат баласының өсіп-өнуі үшін арнайы жобамен, басқа сөзбен айтқанда Құдіреттің күшімен дүниеге келген ғаламат құрылым деген жалғыз тұжырым туындайды. Ендеше тылсымы терең, тіні нәзік осынау құрылымды мүмкіндігінше аялап сақтау,  көз алдыға елестете алмайтындай ғаламат күш-қуатпен қалыптастырылған тепе-теңдікті бұзып алмауға тырысу асыл парызымыз болса керек.   

Нүсіпбай ӘБДІРАХЫМ

Қатысты жаңалықтар

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

Алакөл медицинасына заманауи тәсіл енгізілді

05.08.2026
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін несие беріледі

05.08.2026
Алаяқтардың жаңа айласы

Алаяқтардың жаңа айласы

05.08.2026
Мәселелердің тіні тарқады

Мәселелердің тіні тарқады

05.08.2026
Талдықорғанда «Al-Farabi STEM Academy» бастауыш мектебі ашылды

«Мектепке жол». 16 750 баланың тізімі жасалды

05.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.