Талдықорған: +8°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КӨПШІЛІК КӨҢІЛІНЕН ШЫҚТЫ

3 қыркүйек 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Президенттің биылғы Жолдауы ерекше көңілден шығып отыр. Себебі, онда әр салаға жеке-жеке мән беріліп, түйткілді мәселелер қозғалды.


Мемлекет басшысы алдымен пандемия кезінде мемлекет тарапынан азаматтар мен кәсіпкерлерге ауқымды әрі жедел көмек берілгенін, соның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін көрсетіп, осы ретте оны жүзеге асыруда 3,5 мыңнан аса жоба іске қосылғанын, 70 мың жұмыс орны ашылып, өндірілген өнім мен қызметтің жалпы құны 3,5 трлн. теңге болғанын атап өтті.

Президент, сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының арқасында 66 мың жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, бұл 150 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және сақтап қалуға септігін тигізгенін жеткізді. Алайда Мемлекет басшысы бүгінгі ахуалдың әлі де күрделі екеніне назар аударып, осыған байланысты «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 2022 жылға ұластыру туралы шешім қабылдап, бұл мақсатта бөлінетін қаржы көлемінің кемінде 1 трлн. теңге болатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Кемел- ұлы, сонымен бірге, ауылшаруашылығы саласына ден қойып, онда проблемалы мәселелердің бар екенін, соған байланысты жүйелі жұмыстардың атқарылуы тиіс екенін атап көрсетті. Биыл, өздеріңіз білесіздер, ауа райының құрғақшылығы жемшөп қорын ойдағыдай әзірлеуге кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты Президент жемшөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейтіп, егіс алқабына әр жыл сайын түрлі дақыл егу талабын сақтауға шақырды. Осы орайда ғарыштық мониторинг және қашықтан зондтау мүмкіндігін кеңінен пайдалану керек екенін атап өтті.

Шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз етуге қатысты заң жобасының дайындалатыны, жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалауға қатысты нақты шаралар қабылданатыны айтылды. Бұған қоса, Президент елдегі азық-түлік бағасының негізсіз өсуін сынға алып, бұл мәселені де жөнге келтіру қажеттігін назарға салды.

Гүлмира БЕКБАТЫРОВА,
Кербұлақ ауданы ішкі саясат бөлімінің 
басшысы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Бүгін, 19:34
Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бақтыбай ауылында Мәдениет үйі есігін ашты

Бүгін, 19:21
Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Қазақстанның курорттық аймақтарында туристік қызметтер көлемі артуда

Бүгін, 18:58
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қалиақпаров Бауыржан Есболатұлы

Бүгін, 18:01
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Каримов Досан Елжанұлы

Бүгін, 17:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.