Талдықорған: +6°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС

11 мамыр 2018
КҮЛТӨБЕ
КҮРКІРЕП КҮНДЕЙ ӨТТІ ҒОЙ СОҒЫС
WhatsAppTelegramFacebook

    Еліміздің тарихында қаралы күндерімен қалған Екінші дүниежүзілік соғыс талай арманның жолын қиып, қаншама қыршын жастың жалындаған ғұмырын жалмады. Миллиондаған жауынгер майдан даласын мәңгілікке жастанса, мыңдаған майдангер мүгедек болып еліне оралды. Бүгінде солардың қатары селдіреп, жыл өткен сайын ардагерлер азайып барады.  Сондай қиындықпен келген 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шара Талдықорған қаласындағы Даңқ обелискісіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен қала әкімі Бағдат Қарасаев бастаған облыстық департамент, басқарма басшылары бір минуттық үнсіздікпен соғыс боздақтарын еске алды.

 

    Облыс орталығындағы басты көшенің бірі – Тәуелсіздік даңғылымен соғыс құрбандарын еске алуға арналған «Жаужүрек полк» шеруі жүріп өтті. Онда соғысқа қатысқан майдангерлердің артында қалған бала-шағасы, үрім-бұтағы, ұрпағы атасының, әкесінің, ағасының фотосуретін «Жастар» саябағына дейін алып барды. Мыңнан астам адам қатысқан шеру соғыстан қайтпай қалған жауынгерлерді, майданнан мүгедек болып оралып, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосқан ардагерлерді, соғыс кезінде күнімен, түнімен еңбек көрігін қыздырып, майданға қару-жарақ, оқ-дәрі, киім-кешек, азық-түлік жіберген тыл еңбеккерлерін еске түсірді.
    «Жастар» саябағының кіреберісінде Талдықорған әскери гарнизонына қарасты №48386 бөлімшесінің сарбаздары көпшілікке көрнекі жаттығуларын ұсынды. Жауынгерлердің қоян-қолтық ұрыс тәсілдеріне тәнті болған жұртшылық бұдан соң орталық сахнаға қойылған «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс» атты театрландырылған көріністі тік тұрып тамашалады. 1941 жылдың жайқалған жазы мен күзінде әкесі мен бауырын, күйеуі мен баласын соғысқа аттандырған аналардың, қыз-келіншектердің толқынысы, соғыстан зардап шеккен ауылдар мен қалалардың сүреңсіз кейпі, ормандағы ашық алаңқайға дамылдаған жауынгерлердің бір сәттік қуанышқа беріліп, ән салған алғаусыз пейілдері мен жалындаған жүздері, оқ тиіп құлаған кеңес жауынгерлерінің жанарындағы жалынды Бикен Римова атындағы облыстық драма театры мен қалалық шығармашылық орталықтардың өнерпаздары барынша шынайы сипаттап, көрушінің көзіне жас алдырды. Соғыс жылдарындағы рухты да сазды әндерді орындаған әншілердің асқақ даусы тыңдаушының жанын тербетіп, мұңға да бөледі. Бұдан соң мінберге көтерілген облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов көпшілікті айтулы мерекемен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.
– Ардақты соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері! Құрметті жетісулықтар! Бүгін батырлық пен жанқиярлық ерліктің, бірлік пен тату тірліктің мерекесі – Ұлы Жеңіске 73 жыл толып отыр. Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын! – деген Лаззат Махатұлы Екінші дүниежүзілік соғыстың зардабы мен ауыртпалығына тоқталды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  «Аға ұрпақтың жеңісі мен бүгінгі біздің жетістігіміз – бір-бірімен тығыз байланысты. Егер аға буынның ерлігі болмағанда біз мұндай мемлекет құра алмас едік», – деп ерекше атап көрсеткен болатын. Бұл сұрапыл соғысқа 1 миллион 800 мың қазақстандық аттанып, соның тең жартысы қан майданнан қайтпады. Миллиондаған адам «Бәрі майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп бел шешпей еңбек етті. Қасіреті мол соғыс оты әрбір шаңырақты шарпып, өшпес дақ қалдырды. Жетісу жерінен майданға 120 мыңнан астам адам аттанды. Олардың жартысынан көбіне туған жерден топырақ бұйырмады. Батырлық пен ерлікті ту еткен 52 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды. Аға буынның абыройлы ісі жас ұрпақ үшін мәңгі үлгі болып қала бермек. Бүгін қасымызда жүрген соғыс ардагерлері – біздің мақтанышымыз. Отан қорғау жолындағы нағыз патриотизмнің үлгісін көрсеткен аға буын жастарды тәрбиелеп, еліміздің өсіп-өркендеуіне  атсалысты. Ардагерлерге барынша қамқорлық жасау – біздің қасиетті борышымыз.
    Осындай тебіреніске толы құттықтаудан соң жұртшылық белгілі әнші Әлібек Дінішев қатысқан, Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның әртістері және «Талдықорған әуендері» фольклорлық-эстрадалық ансамбльдің әншілері дайындаған мерекелік концертті тамашалады. Соғыс жылдарында жұртшылыққа кең тараған әндердің әуені асқақтап, Талдықорған аспанын кернеп тұрды. Осы кезде соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері арнайы тігілген шатырларда дала асханасында пісірілген түскі астан ауыз тиді.

Мәди АЛЖАНБАЙ.

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.