Талдықорған: +17°C
$ 470.80
€ 545.99
₽ 6.60
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

КІТАПТЫ ДОСЫМДАЙ СҮЙЕМІН

18.11.2020
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Мен көркем әдеби кітаптарды сүйіп оқитындардың бірімін. Осы орайда соңғы уақытта кітапқұмар жандардың саны азайып бара жатқаны қынжылтады. Кітапты «ең асыл сыйлық» деп санайтын сәттердің де өткен кезеңге ауысқалы қашан?! Бұл, әрине, өкінішті… 


Жалпы кітап дегенді біз қалай түсінеміз?  Сол тұрғысында өз пікірімді ортаға салсам деймін. Меніңше кітап дегеніміз – жанарды жаулайтындай жақсы әсер қалдыру үшін тартымды етіп жасалатын дүние-мүлік емес. Кітап – біле-білгенге ақыл мен білімнің қайнар көзі, сарқылмайтын рухани кеніш. 

Кітаптың  алғашқы парақтарын ашқаннан-ақ құпия мен сырға толы жаңа әлемге енетініміз анық. Оның жан дүниемізді жадыратып, сана сарайын аша түсетін қасиеті тағы бар. Осы тұста америкалық атақты жазушы Теодордың: «Өмірді танып, оның мәнін түсіну үшін кітапты түсіне білу қажет», – деген сөзі ойға оралады. Демек, кітапты зуылдатып оқып шықпай, оның көтеріп отырған тақырыбына терең мән беріп, қандай мәселені қозғағанымен қоса тәрбиелік-тәлімдік мәніне зейін қойған жөн деп білемін.

Соңғы кездері кітап жобасына көптеген өзгеріс енгізіліп жатқаны мәлім. Олар көбіне электронды және аудио түрінде шығарылуда. Оған өзім интернеттен оқып-білген нақты мысалдың бірін айтайын. Испания астанасы Мадридте орналасқан «Amazon» компаниясының кеңсесінде бағдарлама жасақтаушысы болып жұмыс істейтін қазақ қызы Дара Түменбаева Kindle құрылғысын сатып алып, алдымен телефон арқылы синхронизация жасау тәсілімен  қажетті кітаптарды жүктеп, тіпті интернетке қоспай-ақ емін-еркін оқуға болатын әдіс ойлап тапқан. Kindle құрылғысы кітапқұмарлар үшін таптырмас құрал көрінеді. Өйткені, кітаптарды қайда сақтаймын деп те бас қатырмайсыз. Бұл жаңалық па, әрине, жаңалық. 

Жаңашылдыққа қанша ұмтылсақ та қағазға басылып шығарылған кітапқа не жетсін?! Себебі, мен бағалы мүлікті қолыммен ұстап, көріп оқығанды дұрыс санаймын. 

Менің кітапқұмар болып, қаламды серік етуіме ықпал еткен жайттар да бар. Біздің мектептің түлегі, журналист әпкеміз Жанымгүл Тәшкенбаева «Жиделіден түлеп ұшқан жастар едік» атты кітап шығарып, онда  сыныптастары мен ауылдастары жайлы әсерлі әңгіме жазды. Ол мені қатты қызықтырып, журналист болсам деген арманға жетелей бастады. Әрине, журналист мамандығын меңгеру үшін білім керек. Тіл байлығымды арттырып, ой-өрісімді кеңейту үшін мектеп кітапханасына жиі барамын. 

Біздің мектептегі кітапханамыз бұрын шағындау, кітап қоры да аздау еді. Қажетті кітаптар табыла бермейтін. Биыл мұндағы кітап қоры әлемдік және отандық көркем әдебиеттермен біршама толықты. Жерлесіміз, журналист-жазушы ағамыз Әли Әпекұлы өзінің жеке кітапханасына көп жылдан бері жинақтаған 1500-ге жуық әдеби кітабын мектепке тарту етті. Олардың арасында бізге, жалпы оқырманға қажетті  туындылардың бәрі бар десе де болады. Осы кітаптардың ішіндегі «Қазақ әдеби сөздігінің» соңғы басылымының он бес томдық жинағы маған қатты ұнады. Оның мен сияқты журналист болуды армандап, осы мамандықтың  қыр-сырына қанықсам, тіл байлығын меңгерсем, сөздік қорым молайса деп жүргендер үшін тигізер пайдасы зор.  Ол кітапты оқуға, әр сөздің мән-мағынасын терең ұғынуға деген ынта-ықыласым күн санап арта түсуде. Тілдің баға жетпес мән-мағынасын зердеңе құйып беретін түсіндірме сөздікті үндемес ұстазыма әрі жан серігіме балаймын. 

Ойымды қорытындылай келе, кітап – осынау кең дүниенің сарқылмас қайнар көзі және әрдайым жанымыздан табылатын данагөй ақылшымыз әрі адал досымыз дегім келеді. Кітап оқыған адам ешқашан жалғыз қалмайды. Зерікпейді де. Керісінше, дүниетанымын кеңейтіп, тұңғиық тылсымның сырына қаныға түседі. Сондай-ақ, өмірден өз орнын табуына игі ықпал ететін кітапты жақын досымдай  сүйемін, сүйе де беремін.

Назерке НҰРЛЫБАЙХАНҚЫЗЫ,
Жиделі орта мектебінің  11-сынып оқушысы 
Балқаш ауданы 

 

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

Жетісуда 14-17 жастағы қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация басталды

25.05.2026
15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

15603 әскери бөлімінде мерзімді қызмет сарбаздарын салтанатты шығарып салу рәсімі өтті

25.05.2026
«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

«Жетісудың» капитаны Ұлттық құрамаға шақырту алды

25.05.2026
Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

Көлік нөмірі мен жүргізуші куәлігін алудың жаңа ережесі күшіне енді

25.05.2026
Жетісуда мәдениет қызметкерлері ұлықталды

Жетісуда мәдениет қызметкерлері ұлықталды

25.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.