Хас түлекті таң асырып шекелі,
Боғжомамен жем ғып тартқан шетені.
Үзеңгі мен айылбастың сазындай,
Сарыарқадан бір керім күй жетеді.
Періштенің үр шарқыты секілді,
Сайын даласыр бар сенде не түрлі.
Отырардың байлығындай өртенген,
Тарих десем өзегімді от үрді…
Бозтәуеттің нарт қанымен қасам қып,
Иен жерде азық болып қосар құт.
Жонданғанмын! Жиырма ғасыр өткенде,
Өркениетке өріс бердік, жасандық.
Сығанақтың бұлбұл әнді бағындай,
Аспан түстес Аспараның тағындай –
мың шаһардың қасиетін жинаған,
Әз астанам бой көтерді, а, құдай!
…Хас үлекті таң асырып шекелі,
Боғжомамен жем ғып тартқан шетені.
Түркілердің өр рухындай асқақта,
Алашымның Нұр-Сұлтандай мекені!
Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ





