Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛАДЫ

20.06.2022
КҮЛТӨБЕ
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ЖАСАЛАДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өткен аптада Талғар және Қарасай аудандарының тұрғындарымен кездесті

Талғардағы кездесу барысында өңір басшысы «Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» баяндама жасады.

– Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық дамуында Талғар ауданының үлесі зор. Ауданда 216 кәсіпорын болса, оның 158-і өңдеу өнеркәсібі. Биылғы жылдың 5 айында олар 15 пайыз өсіммен 34,5 млрд. теңгенің өнімін шығарды. Ауданда пластикалық құрылыс материалдарын шығаратын «KERUENPLUS», полиграфиялық өнімдер шығаратын «ИНТЕЛЛСЕРВИС», жиһаз шығаратын «КПК ZETA», комбинезондар мен формаларды тігу бойынша «Клотвелл» және тағы басқа ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Бұл кәсіпорындардың өнім көлемі облыстың жалпы өнеркәсіп өнімінің 30 пайызын құрайды, – деген облыс әкімі Талғар ауданының экономикалық-әлеуметтік ахуалын жіпке тізгендей тарқатып өтті.

– Ауыл тұрғындарының наразылығын тудыратын түйткілді мәселе – жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі. Мониторинг барысында 78,9 мың гектар ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлер анықталған, оның ішінде егістік – 7 мың гектар, көпжылдық дақылдар – 544 гектар болса, жайылымдық жерлер 71,4 мың гектарды құрайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде 3,2 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды, – деген өңір басшысы бұдан әрі инвестициялық жобалар жайын тарқатты.

2026 жылға дейін Алматы өңірінде жалпы құны 1 трлн. теңге болатын 134 инвестициялық жобалар пулы құрылды. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылатын болады.

Алматы облысы әкімінің есептік кездесуіне келген тұрғындар тарапынан қойылған сауалдардың дені әлеуметтік мәселелерді арқау етті. Тұрғын үй кезегіне жете алмау, жеке мүлікті заңдастыра алмау, жол мен су, электр жарығының жеткіліксіздігі, жұмыссыздық, Талғар қаласы мен ауыларалық қоғамдық көліктің жоқтығы, сондай-ақ, денсаулық саласындағы кемшіліктер мен медициналық пункттың тапшылығы, жайылымның жоқтығы сынды өзекті мәселелер сөз болды. Кездесу соңында Марат Сұлтанғазиев көтерілген мәселелердің шешімін жеке бақылауына алатынын айта келе, оларды шешу үшін өз аппаратына әлеуметтік мәселелердің шешімі жөнінде Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Ұлбосын Исабек
Талғар ауданы

***


Қордаланған дүние шаш-етектен

Өңірдегі атқарылып жатқан игі істер мен жекелеген кемшіліктерге кеңінен тоқталған Марат Елеусізұлы облыстың өнеркәсіп өнімінің 29 пайызын қамтамасыз етіп отырған Қарасай ауданының даму қарқынына оң баға берді. Шынымен, бүгінгі күні Қарасай ауданы өңір қазынасына қомақты қаржы құйып отырған «донор» аудан болып есептеледі. Мұнда 317 кәсіпорын тіркелген болса, оның 256-сы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Ағымдағы жылдың 5 айында олар 15,9 пайыз өсіммен, 200,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді. «RG BRANDS Kazakhstan» ЖШС, «Coca-Cola Almaty Bottlers», «Hamle Company LTD», «Asia Agro Food», «Efes Kazakhstan», «Kagazy Recycling», «Kelun Kazpharm» сияқты аудандағы өнеркәсіп өнімінің 70 пайызын шығаратын 7 кәсіпорын аудан, облыс қана емес, еліміздегі жетекші өндіріс орындары қатарына жатады.

Баяндамада әлеуметтік сала, білім беру мен денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмыстар да жан-жақты талданып, халқының саны күн емес, сағат санап артып келе жатқан өңірде үш ауысымды мектептердің жайы, медицина мамандарының жетіспеушілігі, жол мен жарық, ауызсу мен көгілдір отын мәселелері әлі де толықтай шешімін таппағаны айтылды. Сөзінің соңында Марат Елеусізұлы алдағы атқарылар жұмыстарды анықтап, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

 Осыдан кейін жиынға келген тұрғындар өздерін алаңдатып жүрген мәселелерге әкім назарын аударып, күрделі жайлардың күрмеуін шешіп беруін талап етті. Алғашқы болып микрафонға келген зейнеткер Әмина Әбдраманова 70 мыңнан аса тұрғыны бар Қаскелең қаласында жас ұрпаққа рухани және мәдени тәлім-тәрбие беретін өнер орталығының жоқтығын тілге тиек етті.

Қошмамбет ауылының тұрғыны Сайлаубек Тасырбаев елді мекенде мектептің жетіспеушілігінен 600-ге жуық бала тасымалданып оқитынын, мектепке барар жолда аспалы көпірдің жоқтығынан балаларға қауіп төнетінін, ескі көшелер күрделі жөндеуді қажет ететінін, жарық, газ және су сияқты стратегиялық маңызы бар қызметтерді жекеменшік иелігінен алып, мемлекет қарамағына беру қажеттігін айтты.

Аты-жөнін атамаған тұрғын Алмалыбақ – Мерей – Боралдай елді мекендерінің арасын жалғап тұрған облыстық мәртебедегі жолдың тозығы жеткенін жеткізсе, өнер саласының маманы Дана Мейірбекова «Қырғауылды» ауылында «Этноауыл» ашқанын айтып, осы жерде тұрғын үйлердің жанына өндірістік нысандар салынғандықтан адамдардың денсаулығына нұқсан келіп жатқанын жеткізді.

Абай ауылынан арнайы келген зейнеткер Тұраш Қалмұратова елді мекенде кәріз жүйелерінің жоқтығын, жолдардың сапасы сын көтермейтінін, жастардың шынығып өсуіне қажетті спорт үйірмелерінің тапшылығын, балалар ойнайтын алаңдардың болмауын ашына айтқан. Ол, сонымен қатар, дәрігерлік амбулаториядағы мамандардың мәдениеті мен кәсіби біліктіліктеріне де күмән келтірді.

 Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны Диана Пак көшелердегі қоқыс-қалдықтарды шығаратын «Тазалық» ЖСШ компаниясының жұмысына сын айтып, әкімшілік қызметкерлері солардың мүддесін қорғап отырғанына шағым жасады.

Ал, Абай ауылының тұрғыны, блогер Бағдагүл Андреева болса «Алтын Орда» әмбебап базарының Алматы қаласына немесе облысқа қарайтыны толық анықталмағандықтан «жедел жәрдем» шақыру кезінде бір-біріне сілтейтінін, ал автобус қатынасы кешкі 9-дан кейін тоқтап қалатынын айтып, осы мәселелерді шешу қажеттігіне тоқталды. Алмалыбақ ауылының тұрғыны Зәуре Ешмұханбетова елді мекендегі негізі 60 жыл бұрын қаланған саябаққа қауіп төніп тұрғанын, ол жерге Мәдениет үйін салу жоспарланғанын айтқан. Бұл сауалға жауап берген облыс басшысы Мәдениет үйіне басқа жер тауып, саябақты жаңартуға тапсырма берді.

 Көксай ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі Әсет Аманбаев Балалар жылы балаларға ешқандай жақсылықтар жасалып жатпағанын айтып, мектептерде оқушыларды тамақтандырудың сын көтермейтінін, көп мектептерде футбол, волейбол, баскетбол алаңдарының жоқтығын жеткізді. Ол сонымен бірге мемлекеттік ауруханалардың жекеменшікке сатылуына, облыстық көпсалалы аурухананың үндістерге берілуіне қарсылық білдірді.

Облыс басшысымен кездесуге келген көпшілік мектеп, жол, ауызсу, жарық, балалар ойнайтын алаң мен тоқтап қалған «Арт спорт» бағдарламасы жайында, өзге де жеке жағдайларын сөз етіп, аталған мәселелер бойынша шара қабылдауын сұрады. Тұрғындар сауалына Марат Елеусізұлы мен Жандарбек Ермекұлы және өзге де басқарма басшылары жауап беріп, алдағы жұмыс жоспарына енгізетіні жөнінде уәде берді.

 Бұл басқосудың тағы бір ерекшелігі – аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың зейнет жасына келуіне байланысты құрметті демалысқа шығарылуы болды. Облыс басшысы Жандарбек Ермекұлының өңірдің әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, Алғыс хат пен гүл шоқтарын жиналған жұртшылық алдында табыс етті.

Қуат Қайранбаев
Қарасай ауданы
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026
Азаматтардың 70,3%-ы Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниетті

Болашаққа бағдар

25.07.2026
Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

Үгіт науқанының екінші күні қалай өтті?

25.07.2026
Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

Әлемдік кино жұлдыздары Астанада

25.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Құқықтық жүйені жетілдірген

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.