Талдықорған: +32°C
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ӘЛИЯ САЛҒАН ӘН ҚАНДАЙ

29.01.2021
КҮЛТӨБЕ
ӘЛИЯ САЛҒАН ӘН ҚАНДАЙ
WhatsAppTelegramFacebook

Ғасырда бір туатын құдіреттілер қатарында ұлтымыздың кәусарынан нәр алған ұлы композитор, күйші Нұрғиса Тілендиев сонау бір жылдары шығармашылық сапарымен Күрті ауданына барған екен. Сол сапарында аудан әкімі қызметіндегі Серік Әбікеұлы ағасын шаңырағына арнайы шақырып, қонақасы береді.


Бұл кезде Әлия бес жаста ғана болатын. Өнер иесі ботадай көзі мөлдіреген қызды алдына алып: «Мен сияқты өнерлі бол» деп аузына түкіреді. 

Бұл жайды отбасы әлі де ұмытпаған.  Енді ойласақ, нар тұлғаның осы ақ батасы қабыл болғандай. Бұл өмірбаяндық деректің әлқиссасы…

Әннің бағын ашатын – әнші. Әнші қайталанбас әуезді үнімен әр сөзін жүрегінен өткізіп, содан кейін әнді тыңдарманына жеткізеді. Осы екі ұғымды бөле-жару мүмкін емес. «Ән мен әнші құстың қос қанатындай» деген ән жолдары тегін айтылмаған-ау.

Ең бастысы, әннің сөзін жазған ақын мен әнін шығарған композитордың, сазгердің жұдырықтай  жүректерін жарған туындының бағы осылай жанады. Демек, әншінің ақын мен композитордың, жалпы халық алдындағы жауапкершілігінің жүгі ауыр. Киелі сахнаға, жүздеген тыңдаушының алдына жүрексінбей шығудың өзі де ерекше еркіндікті, батылдықты қалайтыны тағы бар. 

Жас әншінің сахнаға алғаш шыққан сәттерінің куәсімін. Жас қыз ұяң қалпымен есте қалыпты. Оның ән орындаудағы мәнері, бұлақтың сылдырындай тұнық, нәзік үні алғаш Талдықорған қаласындағы Мәдениет сарайының төрінде қалықтаған. Залдағы жұрт аса бір талғаммен сызылта салған халық әндерінен сусындап, ою-өрнекті ұлттық киімі талдырмаш денесіне жарасқан аруға «бәрекелді!» деп жамырай қол соқты. Халық әндерінің бояуын қанықтырғаны қуантты.  
Әлияның әр әннің сөзін, мағынасын нақты жеткізуге мән беретінін байқадым. Әуені әсерлі, әр әнді өз нақышымен салатыны қуантқан. Тоты құстай таранған арудың сахнада өзін ұстауына сын таға алмаған едім. Қарапайым әнші қыздың жанары бір жағы көп көзден қаймықса, енді бірде әннің ырғағымен қарақат көздері төңкеріліп, жалт-жұлт ететін. «Алғашқы концертінен таланты, талабы таудай екенін көрсетті», – деп қалды қасымда отырған журналист әріптесім.  Бұл 2007 жыл болатын. 

Өнерпаздың аға буын әнші апаларына еліктегені аңғарылды. Ол өзінің ән әлеміндегі жолын, бағытын табуға осылай талпынды. Теледидардан, радиодан оның орындауындағы әндер жиі беріледі. Қай кез болсын кілт тынып құлақ түремін. Сыңғырлаған сұлу дауысы құлаққа жағымды. Жібектей созып, әнді жеткізуінің өзі адамның көңіл-күйіне ерекше әсер етеді. Жүрек қылын шертеді. Сол сәтте әнші әлеміне енесің, ересің. Әннен жан рахатын іздейсің, табасың. Ақын мен композитордың көрегендігіне көзің жетеді, өмір ағысын, мәнін, жан дүниенің тылсым сырын түсінгенін сезінесің, ұғасың. Ал, Әлия ән шырқағанда оны одан әрі түрлендіреді, гүлдендіреді. Мұны әнші бойындағы ерекше талант демей көріңіз… 

Әлия Әбікен 1981 жылы туған. Ата-анасы қыздарының заңгер болуын қалапты. Бұл мамандықты адамды адастырмайтын, әр қадамын ойланып басатын кәсіп деп түсінген болар. Содан кейін де Әлия әл-Фараби атындағы ұлттық университеттің заң факультетін жақсы бітіріп шығады. Еңбек жолын да сәтті бастайды. Алматы қаласының салық жүйесінде заңгер бола жүріп шыңдалады. Еңбегі бағаланып, Құрмет грамотасымен марапатталып, үздік маман атанады. Бірақ, бірақ… Әлияның ішкі әлемінде бұлқынған бұла сезім оны әлсін-әлсін тербетіп, оятады. Сырға толы ән әлеміне жетелейді. Мұны кім қалай түсінер…

Анасы Ермекгүл жас кезінде сахнада ән салып, тал бойындағы  тылсымның ұшқынын жылтылдатқаны бар. Бәлкім, Әлияның бойындағы тылсым өнер де осылайша анасынан ауысқан болар…

Кейде адамды өмір өз ағысымен алып кетеді ғой. Отбасын құрып, үлкен шаңырақтың босағасын аттаған соң бұл өнері ұмыт болады. Содан кейін отағасының қас-қабағын бағып, ұл-қыздарын өсіреді. 

Алғаш Аққайнардағы клубта Серіктің сыныптастары, жастар бірігіп, көркемөнерпаздар концерт қойған. Концертте бәрі қолқалап, жас келін Ермекгүлдің ән айтуын қалайды. Сахнада сызылта салған әніне жұрт  «Мына келіннің дауысы әдемі» екен деп дуылдата қол соғыпты. Ол сәт ұмыт қалғалы қашан? Әлия сол ұшқынды лаулатты, сахнадағы өз бейнесін, бағыт-бағдарын айқындады. 

Әнші Әлия жұрт сөзін де, сазын да  елеп, ескере бермейтін жеңіл-желпі әнді қаламайды. Талғамы биік. Халық әндерінің арасынан көңілге шуақ, тазалық, тұнықтық беретін әуезді, мағыналы әуендерге әуес. Сондықтан болар, оның бұлбұлдай сайраған үнін естігенде еріксіз құлақ түресің. Әлия «Анаңның қадірін біл», «Ана тілегі», «Бауырым», «Бақытың өз қолыңда», «Жүрегімді тыңдашы», тағы басқа әндерді шырқағанда алыста қалған бала кез, құрметті жандарға деген өшпейтін, ескірмейтін сезімің атойлайды.  Бұл ән мен әншінің өзара үйлесімі, оны орындау құдіреті, бұлбұлдай түрленген ырғақты дауысының әсері.

Қазір Әлия кемеліне келген әнші. Репертуары, тақырып аясы  кең. Сахнадағы шуақ шашып төгілген әсем әуен мен нәзік үйлесімнің, ән әлеміндегі басқа да құпиялардың өз өрнегімен өріліп жатқанына тәнті боласың. Төгілген әуенге, оны тамылжыта орындаған әншіге теңеу де таба алмайсың. Тегінде ән құдіреті, әншінің оған деген махаббаты дегеніміз де осы болар. 

Осылайша ол өз тыңдарманын қалыптастырған өнер иесі атанды. Әнші Қанат Үмбетовпен бірге орындаған «Кешір мені», «Елім, сенің арқаңда», «Жанымда бол», «Қимаймын», тағы басқа қос дауыста салған ондаған әндері бүгінде тыңдармандарының құлақ құрышын қандырып жүр. 

Өнер иелері қай кезде де өз табиғаты мен мінезіне, әуен өзгешелігіне сай келетін өлең өлкесіндегі дара жолын іздеп жүреді емес пе? Ал Әлия сахнада алып-ұшпай-ақ қайталанбас дауысымен, самалдай есілген үнімен, қазақ қызына тән байсалды қалпымен талғампаз көрерменнің жүректеріне жол тауып келеді.

Жетісудың құнарлы топырағы мен тұнық бұлағынан сусындаған тағы бір өнер жұлдызы Әлия Әбікен екенін тыңдарманға мойындатқан талант иесіне сәттілік тілеген жөн шығар.

Күмісжан Байжан,
ҚР Мәдениет қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

Биро Жаде. Басты қарсылас – өзіміз

13.06.2026
Жазғы туризм қалай жанданады?

Жазғы туризм қалай жанданады?

13.06.2026
Басты байлық – денсаулық

Басты байлық – денсаулық

13.06.2026
Қазақстан чемпионатынан Әлем кубогында ойнаған тұңғыш ойыншы

Қазақстан чемпионатынан Әлем кубогында ойнаған тұңғыш ойыншы

13.06.2026
Құтқарушылар бекеті ашылды

Құтқарушылар бекеті ашылды

13.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.