Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ

12.10.2022
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ
WhatsAppTelegramFacebook

     Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылында республикалық деңгейде аталып өтуде. 1965 – 1978 жылдары Алматы облысын басқарып, аймақ экономикасының дамуына зор үлес қосты.

     Асанбай Асқаров Жамбыл облысы Меркі ауданында туған және оның мерейтойын Қарадала алқабында атап өту кездейсоқ емес. Ол Алматы облысын басқарған жылдары Ұйғыр ауданының малшылары үшін өмірлік маңызы бар Шонжы мен Нарынқол ауылдарын жалғайтын тау асуына жол салуға бастамашы болған. Олар Шалкөде жайлауына тікелей баруға мүмкіндік алды.

Мерейтой аясында жолдың осы учаскесінде «Асанбай асуы» асуының ашылуы өтті және ойып жазылған тас тақта орнатылды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов, Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткерлері, Ұйғыр ауданының басшылығы мен жұртшылығы қатысты.

     Асанбай Асқаровтың басшылығымен өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында Алматы облысы дамудың даңғыл жолына түсіп, барлық сала қарқынды өркендеді. Қапшағай су қоймасы мен гидроэлектростансысы салынды. Олар елдің оңтүстік өңірлерін электр энергиясымен қамтамасыз етіп, егістік алқаптарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Қарадала, Бозай, Шеңгелді жерлері суландырылып, құнарлы аңғарларға айналды. Ал Балқаш маңындағы Ақдала алқаптарында күріш өсіріле бастады. Көп ұзамай Қазақстан картасында жаңа Қапшағай қаласы пайда болды. Сол жылдары облыста 70-тен аса шаруашылық, 2 ауылдық және 2 қалалық аудан құрылды. Мұндай статистиканы Шонжы ауылының Аудандық Мәдениет үйінде «Асанбай Асқаров – тұғырлы тұлға» атты республикалық конференция барысында Лаззат Махатұлы айтып өтті.

     Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Б. Беделхан модератор болған конференцияға ҚР Парламентінің депутаттары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақындар мен жазушылар, Алматы және Шымкент қалаларынан, Жамбыл облысы мен Жетісу өлкесінен бір кездері Асанбай Асқарұлымен иық тірестіре еңбек еткен делегациялар қатысты.

     Лаззат Махатұлының баяндамасынан кейін «Асанбай Асқаров жайында естеліктер» кітабының құжаттар жинағының, туыстарының, әріптестерінің, серіктестерінің естеліктерінің, сондай-ақ мерейтой иесінің авторлық шығармаларының, оның сөздері мен сұхбаттарының салтанатты тұсаукесері өтті. Мұрағат материалдарының басым бөлігін Алматы облысы Мемлекеттік мұрағат қорының қызметкерлері дайындады.

     Конференцияда сөз сөйлеген ақын және драматург Нұрлан Оразалин, Алматы облысының экс-әкімі Амандық Баталов, мерейтой иесінің немересі Қамбар Смайлов, Ұйғыр ауданының Құрметті азаматы Нұрвяг Сейітов, Алматы делегациясының басшысы Мамай Ахметов және басқалар аты аңызға айналған адам, көрнекті тұлға, қазақ халқының нағыз ұлы Асанбай Асқаров туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті.

     Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Шамек Тілеубаев ұлы тұлғаның өмір жолы туралы айтып берді.

     – Асанбай Асқарұлы еңбек жолын 1939 жылы мектепте білім беру жүйесінде бастаған. 1942 жылдан 1946 жылға дейін әскерде қызмет етті. 1946 жылдан 1951 жылға дейін Меркі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, облыстық комсомол комитетінің хатшысы, кейін Қазақстан ЛКЖО Жамбыл облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеді. Әр жылдары Қазақстан Компартиясы Красногорск, Меркі аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1959 –1985 жылдары Қазақстан компартиясы Жамбыл, Алматы және Шымкент облыстық комитеттерінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Ол шамамен 13 жыл Алматы облысын басқарды.

     Жұмыс күнінен бос уақытта ол өз шығармаларын жазды. «Тағдыр», «Жұмақ пен тозақ жырлары», «Ұлы Тұранның ұлдары», «Мен еліммен біргемін», «Өлмейтұғын соңымда сөзім қалса» атты өлеңдер жинақтары жарық көрді. Ол Социалистік Еңбек Ері, Ленин, Қазан төңкерісі, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің Алтын жұлдызымен марапатталған. Іс-шара соңында қатысушылар Ұйғыр ауданының бір көшесіне Асанбай Асқаровтың есімін беруді ұсынды.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА,
Алматы облысы

Қатысты жаңалықтар

Алакөл жағалауындағы жаңа маусым: Қауіпсіздік пен жайлылық қалай өзгерді?

Алакөл жағалауындағы жаңа маусым: Қауіпсіздік пен жайлылық қалай өзгерді?

27.07.2026
Футбол: Испания бапкері құрамды түбегейлі жаңартты

Футбол: Испания бапкері құрамды түбегейлі жаңартты

27.07.2026
«Алакөл толқыны – 2026» фестиваліне бес мыңнан астам адам жинады

«Алакөл толқыны – 2026» фестиваліне бес мыңнан астам адам жинады

27.07.2026
Еліміздегі жанармай бағасы қандай?

Еліміздегі жанармай бағасы қандай?

27.07.2026
Қазақстан мен Қытайдың су орталығы ашылды

Қазақстан мен Қытайдың су орталығы ашылды

27.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.