Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҮНПАРАҚ

24 желтоқсан 2019
КҮЛТӨБЕ
ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҮНПАРАҚ
WhatsAppTelegramFacebook

Өңіріміздегі өзекті жаңалықтардың ыстығы басылмай жатып аймақтағы ата газеттің алғашқы бетінде таспаланып тұруы біз үшін үлкен мәртебе. Жетісу жерінің түптен келгенде ұлттың да үнпарағы «Жетісу» газеті ауданымыздың әлеуметтік өрісін көпке таныстырып, халықтың мұң-мұқтажын билік басына жеткізумен де қадірлі. Жолдың алыстығына қарамай жиі-жиі іссапармен келіп, халықпен етене байланыс жасауымен де ерекше. Тіпті, ардагерлердің ажырамас досындай. Жыл салып ауданға ат басын бұрмай кетсе, өкпелеп қалатыны бар. Редакцияға хабарласып, журналистердің хал-жағдайын біліп тұруы соның дәлелі.

Жұмыс үстеліне жайғасқан бетте алдымен қолға алатыным осы басылым. Себебі, орталықтан оқшау орналасқан елді мекендерді облыстағы айтулы оқиғалармен құлақтандырып, алдағы іс-әрекетіміздің бағдаршамы болып келеді. Газетке жазылу науқанында аудан тұрғындарының дені ғасыр жасаған абыз басылымды таңдайтыны да сол себептен. Жас баладан еңкейген қарияға дейін газетті сүйіп оқиды десем, артық айтпағаным болар. Зерттеу материалдарыңыз, танымдық еңбектеріңіз оқырманға рухани дәрумен. Оқушылар басылымның соңғы бетіне шығатын ақын-жазушылардың тұмса туындыларын сүйіп оқып, рухани шараларда жатқа айтады. 

Қазіргі таңда «газет-журналға күштеп жазылуға мәжбүрлейді» деген жалған қауесет қаулап кетті. Бұл білместің ісі. Заман талабына сай қараша халықтың көзі ашық. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін өздері де бағамдай алады. Содан да болар, біз жыл сайын «Жетісу» газетіне жаппай жазылып, сондағы мәйекті мақалалармен танысып отырамыз. Қариялардың қонышында, қарапайым ел азаматтарының қолында жүретін тағылымды басылымның бізге берер кеңесі көп. Жасыратыны жоқ, басқа да ақпараттық құралдармен байланыста болсақ та, сіздерге бір бүйіріміз бұрып тұрады.

Сөз соңында айтарым, ұжымдарыңызға береке, істеріңізге жақсылық нәсіп болғай. Жол білген керуенге жалтақтамаса керек. Ел газетінің халқымыздың тегіне мыңжылдықтар көшінде ұялаған өршіл мінез, тулаған табиғатын оятуда шырағдандай жарқырап,  Ұлт ұстазы бейнесіне енуі  соның айғағы! 

Ғалым ТОҚПЕЙІСОВ,
Балқаш ауданының әкімі

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.