Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МАЙДАНГЕР ЕСІМІ МЕКТЕПКЕ БЕРІЛСЕ…

05.07.2022
КҮЛТӨБЕ
МАЙДАНГЕР ЕСІМІ МЕКТЕПКЕ БЕРІЛСЕ...
WhatsAppTelegramFacebook

Таутүрген ауылының жұрты Сәрсен атаның есімін ешқашан ұмытпайды. Таулықтардың қайсысынан сұрасаңыз да, абзал жанның азаматтығын, зиялы болмысын, елі мен жері үшін  еткен еңбегін тебірене еске алады.

Ұлағатты ұстаз, соғыс ардагері Сәрсен Әбдіхалықовтың 100 жылдығын жерлестері ескерусіз қалдырған жоқ. М. Ломоносов,     Д. Қонаев атындағы, Таутүрген мектептерінің оқушылары футбол, волейбол және таудағы туризм шеберлігі бойынша жарыс өткізді. Сәрсен атаның өмір жолы жас ұрпаққа өнегеленді. Жиналғандар өткен күннің шежіресін тебірене тыңдады.
Сәрсен Әбдіхалықов 19 жасында жауынгерлік сапқа тұрып, қан майданға аттанды. Мәскеуді қорғады. Ржев және Новоржев қалалары үшін шайқасты. Бес жыл бойы соғыстың бел ортасында жүрді. 1945 жылы өткен тұңғыш Жеңіс шеруіне мотоциклшілер батальоны құрамындағы экипаж командирі ретінде қатысқан жалғыз қазақ. 
Соғыстан кейін өзі түскен педагогикалық училищенің курсын қайта жалғады. Институтты да бітірді. Ағартушылық қызметті Таутүргенде  бастап, осында аяқтады. 40 жылдық өтілдің 25 жылын осындағы орталау мектептің директоры болып абыройлы атқарды. 
Осы орайда, Сәрсен атаға қатысты бір оқиғаны естіп ғибрат алдық. 1965 жылы  ауылға жаңа мектеп салу туралы өтініш облыс басшыларының қолына тиеді. Олар мынандай уәж айтады. «Бәрі дұрыс-ақ, сізге екі қабатты, көп бөлмелі мына тұрғын үйдің жобасын береміз. Осыны ертеңге дейін мектепке лайықтап қайта сызу керек. Сонда ғана қаржы қарастыруға мүмкіндік бар. Ал кешіксеңіздер, бізге өкпелемеңіздер» – дейді. Шектеулі уақытта оны орындай алмайтындары анық еді. 
Сәрсен атамыз ауылдың білікті адамдарымен ақылдасып, тәуекелге бел буады. Таутүргеннің атақты апортынан жетерлік сыйлық әзірлеп, Алматыдағы құрылыс-жобалау институтына жол тартады. Алманың иісі мұрын жарғанда олар бірден жадырап сала берген. Жоба сызу мамандарға бұйым ба?  Сәті түсіп, бәрі кешке дейін мүлтіксіз дайын болады. Нәтижесінде облыс басшысының айтатын сылтауы қалмаған. Сөйтіп бір жылға жетпей, осы күнгі екі қабаттан тұратын мектеп ғимараты бой көтерген екен.  
Жұрт мектеп директорын кеңседен ғана емес, құрылыстың басынан, тіпті, қара жұмыстың қасынан жиі көріпті. «Әкем бесаспап  жан еді. Шөп те шапты, бақ та өсірді, мал бағудың қыр-сырын да жақсы білді. Құрылыс жұмысына өте шебер болды. Оның бәрі зеректігінен. Еске сақтау қабілетіне қайран қалатынмын. Салған суреттері талайды тәнті етті. Қартайып, жасы 70-тен асқан шақтың өзінде,  күнделікті  дене шынықтыру жаттығуларын тоқтатқан жоқ», – дейді ұлы Марат         Сәрсенұлы.  
1949 жылы 27 жасында Түрген селолық кеңесінің депутаты болып сайланып, 26 жыл бойы халық қалаулысы ретінде көпшіліктің сенімін ақтады. Ауылдың мәдени-экономикалық дамуына үлес қосты. Ауызсумен қамтамасыз ету мәселесін шешті. Клуб, монша салдыруға мұрындық болды. Таутүргеннің тамаша табиғатын қорғау жолында аянбады. Бұл туралы ауылдастары әлі күнге дейін сүйіне әңгімелейді.
Жұртшылық лебізі бір арнаға тоғыса келіп, бәрі Жеңісті жақындатуға үлес қосқан майдангер, ауданның Құрметті азаматы, Қазақстанның оқу-ағарту ісінің озық қызметкері Сәрсен Әбдіхалықовтың есімін ауыл мектебіне беруді қалап отыр. 
– Бұл мәселе 2015 жылдан бастап күн тәртібіне шықты. Бастаманы көтерген – ауыл жұрты. Одан кейін  мектеп ұжымы қосылды. Жергілікті жерде қабылданған шешімдер аудандық мәслихат пен аудандық әкімдікке жолданды.
Биыл Сәрсен атаның баласы, белгілі журналист Марат Әбдіхалықов ағамыз таутүргендіктер қабылдаған хаттаманы облыстағы тиісті орындарға тағы тапсырды. Басқасын айтпағанда, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне мотоциклмен қатысқан жалғыз қазақтың ерекшеліктері ескерілуге тиісті, – дейді мектеп директоры Қуандық Қарбузов.
Сәрсен ата 2014 жылы тоқсаннан асқан шағында бақилыққа сапар шекті. Егер Таутүргендегі орталау мектеп Сәрсен Әбдіхалықовтың атымен аталса, соғыстан оралмаған 167 боздаққа арналған қастерлі ескерткішке айналары сөзсіз. Шешім шығаруға құзыры бар облыстағы орындардың  осы ұйғарымды қолдағанын мұндағы ағайындар жан жүрегімен қалап отыр.

Болат  МӘЖИТ
Еңбекшіқазақ ауданы
Алматы облысы

 

Қатысты жаңалықтар

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026
Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 1

26.07.2026
Асығың алшысынан түссін…

Асығың алшысынан түссін…

25.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.