Талдықорған: +15°C
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МАЛ ҚЫСТАТУҒА МӘН БЕРЕЙІК

24 желтоқсан 2019
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Қыстың қамын жазда ойлайтын ағайын бұл жолы да жылдағы тірлігіне ерте кірісіп кетті. Бұл күндері барлық санаттағы шаруа қожалықтарында мал қыстату науқаны жүріп жатыр. 


Қаратал аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің берген мәліметіне сүйенсек, өңірде мал қыстатуды қалыпты өткізу үшін биыл 107 200 тонна шөп, 40 000 тонна сүрлем, 27 200 тонна сабан және 13 500 тонна жемдік азық дайындалған. Жалпы, аудан бойынша 39 063 мүйізді ірі қара малы, 101 067 бас мүйізді ұсақ мал, 8 428 бас жылқы бар. 

– Мал қыстату науқанына дайындық ойдағыдай жүргізілді. Аудан бойынша 79 қыстақтағы төрт түлікке қажетті жемшөп қоры жеткілікті мөлшерде әзірленді. Шалғай қыстақтарға баратын жол жақсы, шаруалар азық-түліктен тарықпайды. Малсақ жандар қыстан қысылмай шығу үшін барлық жағдай жасалды, – дейді аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Қанабек Намазбаев.

Шалғайда жатқан Бәйшегір ауылдық округіндегі «Тоғайбаев Жолдасбек» шаруашылығының мал қыстату науқанына әзір екені байқалды. Өмір бойы мал бағып, төрт түліктің қыр-сырын жақсы білетін малшы Қуаныш Бұлажанов қыстан еш тарықпай, көктемге дейін күйлі қылып шығару үшін қажетті жемшөп қоры жеткілікті екенін айтты. Шаруашылықта 210 бас ірі қара, 50 бас жылқы малы қыстайды. 

– Мал қыстатуға қажет 500 дана орама шөп, 4 500 түк, 20 тонна жем дайындалды. Ересек мал күні бойы жайылады. Кешке жемшөп береміз. Қорада 60-70 тана-торпақ қана тұрады. Жас малды өріске жібермейміз. Су жаңа үш тракторымыз бар. Шөп тасу, мал суғару еш қиындық тудырмайды. Қыстақта жарық бар, ауызсу да қолжетімді, – дейді Қуаныш Бұлажанов бізбен әңгімесінде. 

Осылайша, ауданда мал қыстату науқаны ойдағыдай жүріп жатыр. Малсақ жандар ала жаздай еңбек етіп, жинаған жемшөбінің арқасында қыстан аман-есен шығатынына сенімі мол. 

 Асхат ӨМІРБАЕВ
Қаратал ауданы

Қатысты жаңалықтар

Жазушыға құрмет көрсетілді

Жазушыға құрмет көрсетілді

Бүгін, 16:59
«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

«Халық заңгері» акциясы: Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді

Бүгін, 16:09
Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Дамудың жаңа кезеңіндегі Текелі

Бүгін, 14:20
Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Әлеуметтік қолдау: Әскери қызметін өтеген жастарға жеңілдіктер мен шәкіртақы беріледі

Бүгін, 14:06
Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Мемлекеттік корпорация өзінің жоғары өнімді ақпараттық жүйесін QazTech платформасына бірінші болып көшірді

Бүгін, 13:59

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.