Достық үйінде «Мамания өнер мектебі» креативті этноорталығының ашылу салтанаты өтті.
Мектепті құрудағы басты мақсат – қазақ халқының қолданбалы өнерін жас ұрпаққа насихаттап, бүгінде ұмыт болып бара жатқан ата кәсіпті қайта жаңғыртып, атадан балаға мұра болып келе жатқан салт-дәстүрмен қоса, қолөнер бұйымдарын жасап үйренуге баулу және оны кеңінен дәріптеу. Айтулы шараға «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі мұрындық болған.
Жиында алғаш болып сөз тізгінін «Қоғамды
– Бірлік мерекесінің қарсаңында әрі Құрбан айт күні «Мамания өнер мектебі» ашылып отыр. Бұл өңірімізде тұсауы кесілген төртінші орталық. Осыған дейін Сарқан ауданы орталығы мен осы ауданға қарасты Қойлық ауылында, Текеліде ашылған еді. Ұрпақтар сабақтастығы мен жастарды ұлттық өнерге баулитын шаңырақтың ғұмыры ұзақ болсын, — деді Р. Усанова.
Мұнан кейін жиын әсем ән мен көркем биге ұласты. Жиын қонақтарының назарына «Ачимноуль» атты кәріс би ансаблі сахна көркін кіргізсе, Юлия Спирченко «Аз, душа мой» атты татар әнін нақышында орындады. Шара барысында көрермендер назарына «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі қол өнер бұйымдарын ұсынды. Зерлі бұйымдар шынын да көздің жауын алады.
Шара соңында «Қазақ мәдениеті, әдет-ғұрпы мен дәстүрі орталығы» қоғамдық қоры мен «Алтын адам Жетісу шеберлер орталығы» қоғамдық бірлестігі арасында меморандумға қол қойылды.
Д. Садық





