Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мәңгілік ел мұраты

Кез келген мемлекеттің ең қымбат, ең қасиетті құндылығы Тәуелсіздік. Ол – халықтың еркін өмір сүруі, өз тағдырын өзі шешуі, тілі мен дінін, салт-дәстүрін сақтап, дамыту құқығы. Халқымыз үшін Тәуелсіздік ұғымы ғасырлар бойғы арман мен күрестің нәтижесі. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, азат өмірге деген үміті.

16 желтоқсан 2025
КҮЛТӨБЕ
Мәңгілік ел мұраты

strategy2050.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Дана халқымыз талай қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерсе де еркіндікке деген сенімін ешқашан жоғалтқан емес. Сол арман 1991 жылы жүзеге асып, Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, әлем картасында дербес мемлекет ретінде танылып, еркін ел атанды. Ал 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіздігімізді заң жүзінде бекітіп, мемлекетіміздің демократиялық, зайырлы және құқықтық екенін айқындады. Тәуелсіздікті баянды етіп, ел өмірінің берік негізін қалаған басты құжат әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғап, елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың кепіліне айналды. Бұл күн – халқымыздың тарихындағы ең жарқын әрі мағыналы күндердің бірі. Бүгінде көк байрағымыз биікке көтеріліп, Гимніміз шырқалып, Елтаңбамыз мақтанышпен таныстырылуда. Бұл – әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен жауапкершілік ұялататын құндылықтар. Тәуелсіздік бізге ата-бабаларымыздың жанқияр ерлігі мен табандылығының арқасында келді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан саяси, экономикалық және мәдени тұрғыда үлкен жетістіктерге жетті. Егемен ел ретінде халықаралық аренада беделіміз артып, көптеген мемлекетпен ынтымақтастық орнаттық. Ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып, ұлттық мәдениетіміз бен рухани құндылықтарымыз жаңғыра түсті. Тәуелсіздік – тек өткеннің жемісі емес, болашақ алдындағы үлкен жауапкершілік. Оны сақтау, нығайту – бәріміздің қасиетті парызымыз. Білімді, еңбекқор, отаншыл ұрпақ қана ел тәуелсіздігін мәңгілік ете алады.

Тәуелсіздік – біздің мақтанышымыз, баға жетпес байлығымыз. Оны қадірлеу, қорғау және келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың ортақ міндетіміз екенін естен шығармайық.

Ерасыл СЕИТҰЛЫ
Жетісу облыстық атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.