Талдықорған: +17°C
$ 476.97
€ 562.59
₽ 6.27
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мақсаты айқын, межесі биік Жетісу

16.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Мақсаты айқын, межесі биік Жетісу
WhatsAppTelegramFacebook

Транзиттік әлеует

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев Үшарал әуежайындағы ұшу-қону жолағын қайта жаңартудың аяқталып, жолаушылар мен жүк ұшақтарын өңдеуге мүмкіндік берілгенін, жаңа әуежай салу үшін алғашқы жұмыстар қолға алынғанын айтты.

Көлік-логистика саласына ірі инвесторларды тарта отырып, өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту мәселесіне тоқталған аймақ басшысы «Нұр жолы» кеден қызметінде» автокөліктерді уақытша сақтайтын жаңа терминал іске қосылғанын, биыл жаңа «Алакөл» автомобиль кеден бекеті ашылып, өткізу қабілеті бес есеге артқанын жеткізді.

ОБЛЫСТА Лепсі стансысында жаңа теміржол вокзалының құрылысы қолға алынды. Келер жылы қолданысқа беріледі.

Бейбіт Өксікбайұлының айтуынша, «Достық-Мойынты» учаскесінде екінші теміржол жолының құрылысы аяқталып, жаңа терминал іске қосылып, Достық стансысындағы стансы күрделі жөндеуден өтті.

– «Достық» теміржол вокзалында жылына 350 мың теміржол контейнерінің өткізу қабілеті бар екі көпфункционалды жүк тиеу терминалы салынды. 2024 жылы республикалық маңызы бар «Талдықорған-Үшарал» және «Үшарал-Достық» жолдары толық жаңартылды. «Сарыөзек-Қорғас» бағытындағы жол биыл толық жөндеуден өтіп, нәтижесінде облыстағы республикалық маңызы бар жолдар 100%-ға толығымен жөнделді. Молалы айналмасынан Балқаш көліне дейінгі жол биыл жаңғыртудан кейін көлік құралдары үшін ашылды. Жол жиегін абаттандыру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтап, нысанды келесі жылы қабылдап аламыз. Өткен жылы Балқаш көліне дейін «Үштөбе-Көпбірлік» автомобиль жолы толық жөнделіп, пайдалануға берілген болатын. Енді келер жылы «Талдықорған – Үштөбе» жолына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2023-2025 жылдар аралығында 188 елді мекеннің ауылішілік көшелері жөнделді, – деді аймақ басшысы.

Даму және жаңғыру

Ел көлемінде өткен баспасөз конференциясында өңірдің тыныс тіршілігін баян еткен облыс әкімі бұдан бөлек, елді мекендерді орталықтандырылған сумен қамту, газдандыру жұмыстарын атады.

2023-2024 жылдары орталықтандырылған сумен жабдықтауға 4 ауыл қосылып, 25 елді мекенде ауыз судың сапасы жақсарды. Нәтижесінде облыс аумағындағы 329 елді мекен орталықтандырылған сумен жабдықталды.

Халықты көгілдір отынмен қамтамасыз ету Мемлекет басшысы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Облыста бұл жоба жоспарлы түрде жүзеге асып келеді. Облыс құрылғанға дейін тек 5 елді мекен ғана газдандырылған болса, жыл соңына дейін 126 елді мекенге газ құбыры тартылады.

«Талдықорған-Үшарал» магистральды газ құбырының құрылысы биыл толық аяқталды. Жүйелі жоспар бойынша енді Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарының 84 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

– Көгілдір отын – уақыт талабы. Жоғарыда аталған іс ілкімді жүргізілсе 2028 жылы облыстағы 210 елді мекенге газ тартылады. Әрине, бұған республикалық бюджет тарапынан қаржылық көмек қажет. Көріп отырсыздар, облыста газға деген қажеттілік артып келеді. Сондықтан жеке инвестициялар есебінен «Алматы-Талдықорған» екінші магистральды газ құбырының жұмысы да қолға алынды. Қолжетімді тұрғын үй, сапалы ауызсу, елді мекендерді газдандыру, жол салу – бұл бірінші кезекте халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Облыста 43 мыңнан аса адам тұрғын үй кезегінде тұр. Мысалы 2023-2025 жылдар аралығында 13 мың 49 пәтер пайдалануға бердік. Оның 6 689 пәтері бюджет, 605 пәтер демеушілер есебінен салынды. Ал 1 135 пәтер коммерциялық, 5069 пәтер халық қаражатына бой көтерді. Алдағы уақытта пәтер кезегінде тұрғандардың тізімін азайтамыз, – деді аймақ басшысы.

Әлеуметтің әлеуетін көтеру, бұқараны жұмыспен қамту мақсатында елімізде көптеген бағдарлама өз жемісін беруде. Сол бағдарламаларда көрсетілген басты міндеттер облыс аумағында жоғары деңгейде жүзеге асырылуда. Облыс құрылғалы жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8%-ды көрсетуде. Бұл облыс аумағында 276 нысан жаңартылғанын көрсетеді. Мәселен, білім беру саласында 19 жаңа нысан салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды. Облыста апатты және үшауысымды мектептер жоқ. Денсаулық сақтау саласында 149 жаңа нысан қолданысқа берілсе, 13 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 39 спорттық және 34 мәдениет нысандары жаңартылып, пайдалануға берілді. Инвесторлар есебінен Талдықорған қаласында жабық мұз айдыны, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үй және екі үстел теннисі орталығы салынды.

Инфрақұрылым
жақсармай
туризм дамымайды

Облыс экономикасының бір тынысы туризм саласына тікелей байланысты десек, мұнда барлық жағдай қарастырылуы қажет. Әсіресе инфрақұрылымды дамыту айрықша назар аудартады. Алыс-жақын шетелдерден қонақ үзілмейтін, туризмі ерекше дамыған Жетісу жері ішкі және сыртқы туризмді өркендетуге қолайлы аймақтың бірі болғандықтан Бейбіт Өксікбайұлы бұл салада да ауқымды істер атқарылып жатқанына ерекше тоқталды.

Облыс құрылған сәттен бастап бұл салаға мемлекеттік бюджеттен 53 млрд. теңге бөлініп, 64 жаңа нысан пайдалануға берілген.

Жыл сайын өңірге 2 миллионнан астам турист келеді.

– Биыл облыста жаңадан туризм басқармасы құрылды. Алакөл және Балқаш көлдерінің жағалауын күтіп ұстау үшін екі коммуналдық мекеме ашылды. Жыл сайын өңірге 2 миллионнан астам турист келеді. Олардың келіп-кетуіне және демалуына қолайлы жағдай жасау – басты міндет. «Ақши-Бескөл» электр желісі және қосалқы стансысы іске қосылды. Жағалауды нығайту бөгеттерінің және кәріз тазарту құрылғысының құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандардың құрылысын 2027 жылы аяқтау үшін республикалық бюджеттен қалған қаражат бөлінуі қажет. Көл жағалауында 6 коммуналдық жағажай қарастырылған. Оның үшеуінде құрылыс жұмыстары басталды. Ал Лепсі стансысында жаңа теміржол вокзалы салынып, келер жылы қолданысқа беріледі, – деген аймақ басшысы Балқаш көлінің жағалауына дейін жол, сумен жабдықтау, су бұру, электр желілері жеткізілгенін айтты.

Экологиялық туризмді дамыту мақсатында «Алтын-Емел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парк аумақтарында ВИЗИТ-ОРТАЛЫҚТАР ашылды.

Облыс аумағында экологиялық туризмді дамыту жұмыстары да кенжелеп тұрған жоқ. «Алтын-Емел» және «Жоңғар Алатауы» ұлттық парк аумақтарында визит-орталықтар ашылып, туристер үшін барлық жағдай қарастырылуда. Жасылкөл көліне және Ш. Уәлиханов мемориалдық мұражайына апаратын жолдар жөнделді. Енді «Бұрқанбұлақ» сарқырамасына апаратын жолдың құрылысы аяқталса, туристер саны артары анық.

«Бұрқанбұлақ» сарқырамасына апаратын 30,8 шақырым жолдың құрылысы басталды.

Аймақ басшысының айтуынша, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүйелі іске асырылуда. 2024-2025 жылдары облыста жаңа және жаңғыртудан өткен 29 саябақ, 2 орталық алаң, көптеген бала және спорт алаңдары абаттандырылды. Сондай-ақ, 249,9 мың ағаш отырғызылып, орман қоры 27,4 миллион түп ағашқа ұлғайды.

– Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші мен алдағы мақсат-міндеттері, қорыта айтсақ, осындай. Әрине, жаңадан құрылған өңірдің барлық проблемалық мәселесі толық шешілді деуге әлі ерте. Десек те өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында бірқатар жұмыс атқарылды. Жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, дегенмен, әлі де толық шешілмеген, жүйелі жүзеге асырылатын өзекті мәселелер бар. Атап айтар болсам, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, пайдаланылмай бос жатқан алқаптарды айналымға енгізіп, олардың өнімділігін арттыру, заманауи агротехнологиялар мен техниканы пайдалану және су үнемдеу технологияларын енгізу арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін көтеру, дайын өнім түрінде ішкі және сыртқы нарыққа шығару. жаңа инвесторларды тартып, өндірістік және сервистік кәсіпорындар ашу арқылы қосымша тұрақты жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру. Жұмысшылар саны мен еңбекақы қорын ашық көрсету, зейнетақы жарналарын және салықтарды толық әрі уақытылы төлеу арқылы көлеңкелі экономиканы азайту. Осы аталған шараның барлығы, түптеп келгенде, халықтың тұрмыс-жағдайын одан әрі жақсартып, өңірдің экономикалық қуатын арттыруға мүмкіндік береді. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты да осы, – деп сөзін түйіндеді.

2024-2025 жылдары жаңа және жаңғыртудан өткен 29 саябақ, 2 орталық алаң, көптеген балалар және спорт алаңы абаттандырылды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстандықтарға қосымша зейнетақы төленеді

Қазақстандықтарға қосымша зейнетақы төленеді

15.04.2026
Енді камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды

Енді камералар жүргізушілердің қауіпсіздік белдіктері мен телефондарын бақылайды

15.04.2026
Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті

15.04.2026
Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

15.04.2026
Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

Көксу ауданында суару желілерін жаңғырту жұмыстары жүргізілуде

15.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.