Талдықорған: +35°C
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МАРАТ ҚАРАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

25.03.2023
КҮЛТӨБЕ
МАРАТ ҚАРАБАЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Тіл сарайында облыс тұрғындарымен кездесу өткізіп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Ернат Бәзіл ашып, жүргізді. 

Бірінші болып сұрақ қойған «Кіреберіс теміржол тұйықтамалардың иелері және жолгерлердің «Қайсар» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Дарбек Қарабасов: «Талдықорған қаласының стансысында 5 теміржол тұйығы бар. Соларды мемлекет меншігіне қайтару жұмысы іске аспай тұр. Не салық төлемейді, не талапқа сай міндеттерін атқармайды. Осы мәселемен 10 айдан бері айналысып келеміз. Алайда нәтиже жоқ», – деді. Өз кезегінде Марат Кәрімжанұлы: «Осы уақытқа дейін 459 теміржол тұйығын мемлекет меншігіне қайтарып алдық. Қосымша 59-ын айқындадық. Әрқайсысына талдау жүргізіп, 40-ын қажет емес деп таптық. Қалған 19-ын  сот арқылы қайтару жүріп жатыр. Сіз айтқан бесеуі қажет деп тапқандардың тізімінде бар ма, жоқ па, соны айқындап алайық. Сұрағыңыз жауапсыз қалмайды. Дүйсенбіде жауабын айтамыз», – деп жауап берді. 

Жол белгілеріне арналған материалдарды шығарумен айналысатын кәсіпкер Римма Салықова болса, отандық өндірісті қолдауды сұрады. Мердігерлердің көбі тендер арқылы жеңіп, материалдарды Белоруссия, Ресей мемлекеттерінен сатып алатын көрінеді. Бұлай жалғаса берсе, зауытты жабуға тура келеді. Ауылдан келіп нәпақа тауып жүрген жастардың жұмыссыз қалу каупі туындауда. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев осы мәселені түбегейлі зерттеуді жауапты комитетке тапсырды. Келесі жылдан бастап конкурсқа қатысқан мердігерлерге сату жұмысын қолға алу керектігін алға тартты.

«Ерлік» мүгедектер қоғамының төрайымы Роза Ақжаркенова Талдықорған қаласының тұрғын үй комиссиясының жұмысын сөз етті. Өзі аталмыш комиссия құрамында болғандықтан құжаттар жинау кезінде қиындық туады. «Қазір Талдықорғанда пәтер мәселесі ушығып тұр. Құжаттың бәрін қағаз түрінде жинаудамыз. Оның барлығын тексеру біраз уақыт алады. Осы жүйені цифрландырып, электронды нұсқаға ауыстыруға жәрдемдессеңіз», – деген сауалына министр бұл мәселені тиісті органдарға жолдайтынын айтты.

Ал журналист Әлия Ахмадиева Талдықорғандағы коттеджді қалашықтағы мәселені көтерді. Сапасыз құрылыстың салдарынан қарапайым халықтың зардап шеккенін айтқан ол аталмыш олқылық орын алмас үшін құрылыс нысандарының мемлекеттік сараптамасына қоғамдық ұйым өкілдерін де қатыстыруды сұрады. Марат Кәрімжанұлы ұсыныстың орынды екеніне тоқталып, ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
Кездесуде жол, газ, су мәселелері де қозғалып, тиісінше жауап берілді.

Жиыннан кейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелеріне құлақ түрді.

Мәулен Әнербай
 

Қатысты жаңалықтар

Бір ой – екі дереккөз

Бір ой – екі дереккөз

02.08.2026
Ертеңнен үмітіміз зор

Ертеңнен үмітіміз зор

01.08.2026
Омарташы

Омарташы

01.08.2026
Көл жағалауындағы қауіпсіздік

Көл жағалауындағы қауіпсіздік

01.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Ауыл жағдайы айтылса

01.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.