Талдықорған: +20°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЕКТЕБІМ — ТӘУЕЛСІЗДІК СЫЙЫ

27.01.2021
КҮЛТӨБЕ
МЕКТЕБІМ - ТӘУЕЛСІЗДІК СЫЙЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Түргендегі қазақ мектебінің тарихы еліміздің егемендігімен тамырлас. Олай дейтінім, бұл білім шаңырағының ірге тіктеуі 1994 жылдың күзінен бастау алады. Сол жылдары ауылдағы ұлтжанды азаматтардың көшін бастаған Абыхан Жексембековтың бел шешіп араласуымен бой көтерген мектеп қазіргі таңда аудандағы ең іргелі, байырғы білім ошақтарымен иық теңестіре алатындай дәрежеде. 


Аталмыш мектеп Абыхан Жексембеков атымен аталады. Оның материалдық-техникалық базасы нығайған, оқу ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілген, сынып кабинеттері жарық әрі жылы. Заман талабына сай модификациялық үлгіде физика, информатика, мультимедия кабинеттері жабдықталған. Осының нәтижесінде жыл сайын физика, информатика, ағылшын тілі пәнін таңдап, жоғары оқу орны гранттарын жеңіп алған түлектер саны артуда. 

2018-2019 оқу жылында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Абыхан Жексембеков мектебінде «заманауи мұғалімдер бөлмесі» жабдықталды. Заманауи үлгідегі мұғалімдер бөлмесінің концепциясы жасалып, әдістемелік кеңесте педагогикалық ұжымда талқыланды. Кабинетте мұғалімдердің жан-жақты шығармашылықпен жұмыс істеуіне және бос уақыттарында демалуларына толық мүмкіндік жасалған. Заманауи үлгідегі жиһаздармен, интербелсенді тақтамен, интернет желісіне қосылған моноблогтармен және әдістемелік көмекші құралдармен жабдықталды. Заманауи үлгідегі мұғалімдер бөлмесінде ұстаздарымыз интернет желісі арқылы республикамыздағы әріптестерімен тәжірибе алмасып, онлайн сабақтарға қатысып, ата-аналар мен балаларының оқу үлгерімі жайлы мәлімет алмасып отырады.

«Еңбегімен ер сыйлы» демекші, А. Жексембеков орта мектебі ұжымы үшін Абыхан Аманбайұлы болашаққа жол сілтеген, «қазақ» деген қасиетті ұғымды ту еткен ұстаздардың ұстазы іспеттес. Ол кісінің есімі жылдар жылжыған сайын дараланып, көктегі жарық жұлдыздай айқындала түседі. Бүгінде онымен қызметтес, дәмдес болған замандастары ел басқарған жайсаң жанды сағынышпен еске алады. Абыхан Аманбайұлының мол адамдық қасиетін, терең білімділігін, біліктілігін, іскерлігін, ұлтжандылығын, ақылдылығын, қарапайымдылығын, парасаттылығын, көсемдік кемеңгерлігін кім толқымай еске алмайды дейсіз?! Ол кісі билік тізгінін ұстаған жылдары Түрген ауылының игілігіне, өсіп-өркендеп қалыптасуына, халықтардың әл-ауқатының түзелуіне, өнер мен білімнің кемелденуіне, ұлттар бірлігінің тұтастығына, жер-суы, шөбінің мұқият беріктігіне өзінің бар өмірін, күш-қайратын аямай жұмсаған сақи саңлақтың ардақты есімін артында қалған ел-жұрты мақтанышпен айтады. Сол тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елім-жерім деп Отанына көшіп келген қандас бауырларымыздың орнығып, тұрғылықты халыққа сіңісіп кетулеріне шынайы қолғабысын беріп, көпбалалы отбасыларына сауын сиырға дейін бергенін бүгінде олар сағынышпен еске алады. Елі үшін еңбек еткен абзал азамат, үлкен жүректі, халқының шынайы жанашыры болған, ел-жұрты қадір тұтқан Абыхан Жексембеков есімі кейінгі ұрпақ санасында мәңгі жасайтыны анық. 

Жыл сайын ақпан айында туған күніне орай ұйымдастырылатын тәрбие сағаттары мен келелі шараларда Абыхан Аманбайұлының өнегелі өмірі мен қайсар рухын, елін сүйген патриоттығын насихаттау арқылы бүгінгі ұрпаққа сүбелі тәрбие беру дәстүрге айналған. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тапты. Абыхан Аманбай- ұлының азаматтық тұлғасы бүгінгі және келешек ұрпаққа өлмес өнеге.

Ғазиза Еспембетқызы,
А. Жексембеков орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Еңбекшіқазақ ауданы

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.