Талдықорған: +14°C
$ 469.52
€ 553.75
₽ 6.15
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Мемлекет басшысы: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші»

28.11.2025
КҮЛТӨБЕ, КҮНДЕРЕК
Мемлекет басшысы: «Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші»

Ақорда

WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Астана қаласында ауылдық округ әкімдеріне арналған ауқымды диалог-платформа ұйымдастырылды. Маңызды жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, ауылдың дамуы, жергілікті басқару жүйесін жетілдіру және ауыл әкімдері институтының тиімділігін арттыру мәселелеріне тоқталды.

Президент өз сөзінде ауылдың еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуындағы стратегиялық рөлін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, қазақ халқының тамыры ауылдан бастау алады, сондықтан ауылдың жағдайы – мемлекеттің болашағымен тікелей байланысты.

«Ауыл әкімдеріне қойылатын талап та, оларға жүктелетін міндет те әрдайым ерекше. Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші. Бұл – өте жауапты жұмыс», – деді Мемлекет басшысы.

Бүгінде Қазақстан бойынша 2334 ауыл әкімі тікелей сайлау арқылы таңдалған. Диалог-платформа аясында сол әкімдердің басым көпшілігі, яғни 80 пайызы Астанаға арнайы шақырылып, тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және нақты ұсыныстар айту мүмкіндігіне ие болды. Мұндай кең ауқымдағы басқосу алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Жиын барысында ауылдардың инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, ауыл шаруашылығын қолдау, жергілікті бюджеттердің тиімді игерілуі мен әкімдердің жауапкершілігін арттыру сынды өзекті тақырыптар қамтылды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ауыл әкімдері ауыл тұрғындарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін терең түсінетін, іскер әрі жауапты маман болуы керектігін баса айтты.

Президент бірнеше әкімнің пікірін тыңдап, барлық ұсыныстар мен ой-пікірлердің алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді. Бұл, өз кезегінде, ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған жаңа шешімдердің қабылдануына ықпал етпек.

Аталған платформа ауыл әкімдерінің кәсіби әлеуетін арттыруға, басқару мәдениетін жетілдіруге және халық пен билік арасындағы байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстан ашық әрі теңгерімді көші-қон саясатын жүргізуде

Қазақстан ашық әрі теңгерімді көші-қон саясатын жүргізуде

19.04.2026
Рух күші

Рух күші

19.04.2026
«Шектеулі» дегенді шектеу көрмеген

«Шектеулі» дегенді шектеу көрмеген

19.04.2026
Американы бағындырмақ

Американы бағындырмақ

19.04.2026
Alaman «Jetisýdýn» sport alańy

Alaman «Jetisýdýn» sport alańy

19.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.