Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылының тұрғыны Миллионер Қажыкенұлы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауына дауыс беріп, ауылдастарын саяси шарадан сырт қалмауға шақырды.
Сүт өнімдерін саудалаумен айналысатын Миллионер бала күнінен мал шаруашылығын таңдап, ауыр да бейнетті саланың өркендеуіне үлес қосып отыр. Өз кіндігінен өрген 5 баласынан 10 немере көріп, бір әулеттің ақсақалы атанған ерекше есімді адам сүт, құрт, ірімшік, айран, сүзбе секілді күнделікті тұтынуға қажетті азық-түлікті ауылдастарына өткізеді.
Мойнақ ауылындағы №23 мектепте орналасқан №439-шы сайлау учаскесіне тіркелген Миллионер Қажыкенұлы дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Мәди Алжанбай