Әлеуметтік желілердің мүмкіндігімен тікелей эфир өткізу қарқын алды. Сол арқылы маңызды мәселелер анықталып, тұрғындардың талап-тілектері тыңдалуда.
Осы орайда, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткер Қуат Баймырзаев пен Ләззат Есболова «Инстаграм» желісі арқылы «Кандидатқа сауал қой» атты тікелей эфир өткізді.
Эфир аясында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, оқырман сауалына жауап берді. Тұрғындар қойған ауызсу, жол сапасы және білім саласына қатысты сұрақтарға үміткерлер аталған мәселелер сайлауалды бағдарламада қарастырылғанын атап өтті. Эфир соңында кандидаттар онлайн кездесуге қатысушыларды «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы
облыстық филиалының баспасөз қызметі




