Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МУЗЕЙДЕГІ ҚҰНДЫ ҚҰЖАТ

15.08.2022
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Әдетте көзге елеусіз көрінетін музейлердің өзінде қаншама құнды жәдігер бар! Сол себепті музейлерде көнеден қалған мұраларды сақтап, оны көпшілікке көрсететін орын ғана емес, ғылыми-зерттеу орталығы десе де болады. Осы орайда Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев әдеби-мемориалды музейінің қорында сақталған бір құжат жайлы сыр шертпекпін. 


Үмбетәлі ақын 1889 жылы туып, 1969 жылы  80 жасында дүниеден өткен. Ол – атақты Сүйінбай мен Жамбылдың ең сүйікті шәкірті ғана емес, олардың шығармаларын кейінгілерге жеткізуші де. Көкірегі ояу, көзі ашық ақын арабша төте жазуды жақсы білген. Оның айғағы – музейде сақталған, ақынның өз қолымен жазған қолжазбалары. 

Жалпы, Үмбетәлі ақынның музейінде ақынның жеке өзіне және ұстаздары мен замандастарына, ізбасарлары мен ұрпақтарына қатысты 2500-ден астам жәдігер бар. Осыдан бірнеше ай бұрын ата музейіне ақынның қызы Әлия апай  келіп, үйінде сақталған көне фотосуреттер мен құжаттарды  өткізген еді. Негізінен, Әлия апайымыз – ұзақ жылдар мектепте ұстаз болған, көне құжаттар мен қағаздарға ұқыпты адам. Музейге де айтарлықтай көмектесіп, әртүрлі іс-шараларға белсене қатысып жүреді. Әлия апай әкелген дүниелердің бір сыпырасы музей қорында бар болғандықтан, алғашқыда аса мән бермедік. Біраз уақыт өткеннен соң  сол заттарды қайта қарап отырғанымда «Қазақ ССР Ғылым академиясы» деп жазылған көне куәлік көзіме оттай басылды. Асықпай оқып шықтым. Онда былай деп жазылған: «Дана   Академией наук Казахский ССР народному акыну Карибаеву Умбеталы, в том, что он действительно является корреспондентом АН  Казахский ССР, Алматинской области по сбору фольклорных материалов. Просим оказать помощь». Астында Қазақ ССР Ғылым академиясының сол кездегі Президенті Қ. Сәтпаевтің және Қазақ ССР Ғылым академиясы жанындағы Қазақ тілі мен әдебиеті институтының директоры  Е. Исмайловтың қолы қойылып, мөрі басылған. Алайда қойылған қолдың сиясы өшкен, әрең көрінеді. Десек те бұл құжатты Үмбетәлі ақынның кезінде қазақ ауыз әдебиеті мен көне жыр-дастандарды жинастыруға өзіндік үлес қосып, Ғылым академиясының корреспондент мүшесі болғанын дәлелдейді. Бұрын-соңды музейде бар құжаттар арасынан мұндай мәлімет кездеспеген еді. 

Үмбетәлі атам  қайтыс болғанда мен он жастағы бала едім. Анам Зейнеп Үмбетәлінің туған қызы болғандықтан  әрі бәріміз бір ауылда тұрғандықтан, балалық шағымызда нағашы атамыздың үйінде көп жүретінбіз. Кейін ес білгенде апамыздан естігеніміз, әкесі Үмбетәлінің үйіне қазақтың майталман ақын-жазушылары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғали Орманов, Кенен Әзірбаев, балуан Қажымұқанның жиі келетіндігі. Ол кісілерге анамыз өз қолымен  шай құйып берген екен. 

Анамның тағы бір нықтап айтып кеткені – Жамбыл мен Құлманбеттің айтысын Ғали Орманов әкемнің үйінде бірнеше күн жатып жазғаны. Тіпті бір кездері Қазақстан жазушылар одағынан Үмбетәліге Кенесары туралы да өлең жазуға тапсырма беріліпті. Бірақ жоғары жақтың тапсырмасы, сол кездегі саясат бойынша Үмбетәлі Кенесарыны қанышер, жауыз етіп көрсетуі керек болған. Атамыз олардың дегеніне көнбей, өз білгенінше жазған көлемді шығармасын Жазушылар одағы жаратпай тастаған. Тіпті жазған қолжазбасын да қайтармаған.  Кім біледі, сол қолжазба шаң басып бір архивте жатқан шығар. Іздесек, әлі көптеген құнды дүнилерді табуға болады-ақ!                  

Әуелбек ЫСҚАҚ, 
Үмбетәлі Кәрібаев  әдеби-мемориалды
музейінің меңгерушісі  
Жамбыл ауданы
Алматы облысы      

Қатысты жаңалықтар

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Елдік мүдде

26.07.2026
Бес ұядан басталған береке

Бес ұядан басталған береке

26.07.2026
Ұлт саулығын сақтаған

Ұлт саулығын сақтаған

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.