Талдықорған: +21°C
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

МЫҢБҰЛАҚТЫҢ ЖАЙСАҢЫ

30.12.2019
КҮЛТӨБЕ
МЫҢБҰЛАҚТЫҢ ЖАЙСАҢЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Адамның кесектігін танытатын да, ұсақтығын байқататын да оның бойындағы мінез-құлқы, ісі мен әрекеті. Біздің кейіпкеріміз Бақберген Түкібаевтың бойындағы кішіпейілділік, адамгершілік, қарапайымдылық, адалдық, тәубешілдік, бауырмалдық сынды қасиеттері, елгезек мінезі, маңайына сүйіспеншілігі, үлкен-кішіні сыйлай білуі – оны өзгелерден даралап тұрады. Асқар таудай әкесі мен аяулы анасынан, өскен ортасынан алған осындай қадір-қасиеттердің ар жағында ер азаматқа тән кесектік, алғырлық, тектілік жатыр десек артық болмас.


Ақындардың жырына арқау болған Жетісу ауылындағы бірлігі мен берекесі тасыған Сүйінбай ақсақал мен Бәти ананың шаңырағында дүниеге келген Бақберген ұлдың үлкені. Сегіз бала өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қос бәйтерек ұрпағын темірдей тәртіппен, адал еңбекпен нәпақа табуға тәрбиеледі. 

Ес білгелі атасы мен апасының қасынан бір елі қалмай жүріп, ең қымбат әрі бағалы мектептің білімін бойына сіңірген Бақберген Сүйінбайұлы жастайынан зерек, ақылды болып өседі. Әкесі ұжымшарда механизатор, ал анасы қызылшашы бола жүріп, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырған емес.  Бұл шаңырақтың басты қағидасы – адал еңбекпен нан табу. Міне, осы бұзылмайтын қағида күні бүгінге дейін өз құнын жойған емес, жоймайды да. 

Сүйінбай әке баласын қасына ертіп жүріп, техниканың қыр-сырын меңгеруге баулиды. Зерек әрі жауапты ұлы әкесінің ақылына сүйеніп, 7-сыныпқа барғанда тракторды тізгіндесе, 9-сыныпқа көшкенде ұжымшарда әкесінің орнын алмастыруға жарайды. Міне, болар бала екенін, ұлының беталысын кішкене күнінен байқаған әкесі оған зор сенім артады. Бүгінде әке сенімі ақталды. Енді Сүйінбайдың Бақбергені әке жолымен ұрпақ тәрбиелеп, соңынан ерген іні-қарындастарына жол көрсетіп, ақыл айтатын жасқа жетті. 

– Атаммен жүріп алғаш рет Мыңбұлақ жайлауының жұпар ауасын жұттым. Адам жанынан басқасының бәрі сатылатын базар деген қызық әлемнің барын да атаммен ілесіп жүріп көрдім. Тіпті, бал қымыздың дәмін де атам таттырған еді. Қай жерде болмасын үнемі ақыл айтудан шаршамайтын ақылшымның айтқанын еш мектеппен салыстыра алмаймын. Ол ксінің әр сөзі өмірлік жолыма мол азық болды. Ең асыл да қасиетті сабыр дегеніңіз атамның бойынан табылатын. Әсіресе, көмек сұрап келген адамның ешқашан бетін қақпайтындығы менің бойтұмарыма айналды. Әкем мен анам күні бойы ұжымшардың жұмысында жүрсе де бізге уақыт таба білетін. Анамыз: «Әкеңе айтамын» деген бір-ақ ауыз сөзбен сегіз баласын тәрбиеледі. Ес білген кезден бастап ұжымшардың бар жұмысына белсене араластық. Таңның атысынан күннің батысына дейін қыңқ етпей дала жұмысын істей беретінбіз. Міне, осылайша анам бізді еңбекке тәрбиеледі. Одан ешқайсымыз жаман болмадық. Менің Бақберген болып жетілуім осы асыл да қымбатты жандардың арқасы екені айдан анық, – дейді ол. 

Білім берген алтын ұя мектебімен қоштасқан жас түлек біраз жыл ұжымшардың жұмысына өз үлесін қосып, 1978 жылы ауылшаруашылық институтының дайындық курсына оқуға түседі. 1983 жылы инженер-механик мамандығын меңгерген жас маман еңбек жолын туған ауылынан бастайды. Көпті көрген білікті басшы Омар Қасымбековтың қол астында еңбек етіп, үш жылдан кейін аудандық «23-13» автокөлік мекемесінде инженер, аудандық партия комитетінде нұсқаушылық қызметті абыроймен атқарады. Білікті де білімді маманға қай жерде де сұраныс бары анық. Сүйінбайдың Бақбергені тынымсыз әрі адал еңбегінің нәтижесінде Талдықорған аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметіне тағайындалады. Ал 1989 жылы “Октябрь” кеңшары партия ұйымының хатшысы қызметіне барады. Қарапайымдылыққа жаны құмар біздің кейіпкердің есінен осы ауыл тұрғындарының ерекше жылылығы кеткен емес. 1995 жылы ауданда «Жетісу» баспа-полиграфиялық өндіріс мекемесінің директорлық қызметіне араласады. Араға төрт жыл сала облыстан аталған саланы басқаруға ұсыныс түсіп, біржола осы салаға бет бұрады. Содан бері табан аудармай «Алматы-Болашақ» АҚ филиалы «Офсет» баспаханасының директорлық қызметін абыройлы атқарып келеді. 

СӨЗ АРАСЫНДА 

– Өмірлік ұстанымыңыз 
– «Ел үшін еңбек еткенің, мұратыңа жеткенің», деген Ескелді атамыздың бірауыз сөзіне сүйенемін. 
– Сіз байсыз ба?
– Алла маған бар байлықты да, жақұтты да бір басыма үйіп берді десем артық емес. Байлығым – ата-анам, бауыр етім бауырларым, туыстарым, жанымдағы жарым, соңымнан ерген ұрпағым. 
– Неден қорқасыз?
– Жетесіз ұрпақтан. «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» дегенге терең мән берілсе деймін. Біздің болашақ жастарда. Олардың санасы жемқорлықпен, ойы парақорлықпен уланбаса екен.   
– Өмірден не түйдіңіз?
– Адамның ұрпағымен мың жасайтынын терең ұғындым. 
– Нені армандайсыз?
– Елімнің болашағы баянды болса екен деймін.

Полиграфия саласының қыры мен сырын терең меңгерген білікті басшы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары біраз тоқырау белең алғанын айтты. Мәселен, бір кітапты басып шығару үшін 48, яғни, қағаз, жіп, бояу тағы да сондай элементтер керек. Әлі күнге дейін бұл өнімдердің бірде-біреуі елде шығарылмайтыны бізге едәуір салмақ салды. Ресейден, батыс елдерінен тасымалданатын өнімнің сапасы басты назарда. Баспа жұмысы Талдықорған облыс орталығына көшірілгенде қарқынды жүрді. Егемендік алған тұста жекешелендіруге түскен нысан иелері сауда-саттыққа бейімделіп кеткен еді. Ал енді сол акционерлік мекеменің қызметін тоқтатпай, ары қарай жалғастырған, өркендеткен адамның бірі Ырым Суанбай-ұлы. Алматыда полиграфия саласын дамытуға барынша күш салып жүрген азаматтың туған жер дегенде айтар сөзі де, істер ісі де бөлек еді. Ескі баспахананы жөндеуден өткізіп, жұмыс орнын ашып, арнайы маман шақыртып, ауылда жүрген жігіттерден білдей маман тәрбиелеген ісін жоққа шығаруға болмайды.

– Облыс орталығы Талдықорған қаласына көшкен тұста әкім Шалбай Құлмаханов бас көтерер ауыл азаматтарына елдің басты рухани азығы – облыстың қос басылымы «Жетісу», «Огни Алатау» газеттері ұжымын орналастыру керектігін айтқанда Ырым Кененбайұлы билік пен халық арасына алтын көпір орнатқан тілшілер қауымының жұмыс істеуіне жағдай жасағанын көпшілік ұмытқан емес. Жұмыс жүйесі бір арнаға түскенде Үндістаннан газет басатын арнайы жабдық алдыртып, 2002 жылы алғаш рет Талдықорған қаласынан облысымыздың ғасыр жасаған қос басылымының жаңажылдық нөмірі «Офсет» баспаханасынан басылып шыққандығын үлкен қуанышпен айтамыз. Содан бері қала маңындағы бар ауданның апталық басылымдары біздің баспаханада  басылады. Серік Үмбетов әкім болған тұста өңіріміздің айрықша рухани жаңғырған кезі болды. «Туған жерге туың тік» дегенді басты ұстанымы еткен Ырым ағамыздың еңбегінің нәтижесінде қазір облыстағы баспаханада білікті мамандар жұмыс істейді. Мұндағы жұмысшылардың жағдайы, айлық алуы, қысқарып қалмауы ұдайы назарымызда.  Баспахана жұмысының да өз ерекшелігі бар. Мәселен, сурет сапалы шығуы үшін өңдеу керек. Қызыл бояуын азайту, көгін көбейту дегендей ұсақ-түйегі жетерлік. 14 түрлі бояудан 4 түс шығады. Ол бет қаттаушыға да байланысты. Қазір барлығы компьютерге бағынған кез. Пластинаны шығармай-ақ, бірден компьютерге жөнелтеді. Мұнда, әрине, бәрі білікті маманның кәсіби біліктілігіне байланысты екені рас. Алғашында қорғасынды балқытып, әр әріпті құйып, халықтың көзі һәм құлағына айналған газет-жорналдарды халық игілігіне ұсынған ұжымның ерен еңбегін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, өмір жолымда кездескен Омар Кәрібайұлын, Сәлебай Әшенов, Юрий Цой, Сайлаубай Жабынаев, Темірғали Нұрланов, Темірбек Рамазанов, Жұмағали Әлібаев, Керімтай Әбдірахманов, Әли Ысқабай, Наурыз Қылышбаев, Ырым Кененбай сынды ағаларымның берген ақылы мен қамқорлығын ешқашан да ұмытқан емеспін. Осындай елім деп еңбек еткен азаматтардың қатары көп болса деймін.

Тегіне тартып туған Бақберген мен ғазиз ана Сабира Асанова екеуі ұлықты ұлы Ілиясты елдің баласы етіп тәрбиеледі. Құдай қосқан қосағы Сабира үнемі азаматының тілекшісі болып, өмірде кездескен қиыншылыққа асқан төзімділікпен қарсы тұрып, отбасының берекесін арттырып отырғанының өзі нәзік жанның тектілігін көрсетеді. Өздері тіккен отаудың түтінін түзу шығаруға, шаңырағын шайқалтпауға қаншама қажыр-қайрат, төзім керек десеңізші. Сол қайрат пен төзімнің төркіні асыл жар, аяулы ананың адамдық болмысында жатқаны анық. Ұрпағының жалғасы болған перзентке әке-шешесі зор сенім артты. Ұлы үйленіп, ат шаптырып той жасап, ағайын-туыспен қуанышын бөлісті. Ата-ананың бақыты еселенді. Бір баласы екеу болып, ибалы да инабатты Жасиядай аруды келін етті. Текті әулеттің босағасын оң аяқпен аттаған жас келін бүгінде шаңырақ шаттығын еселеп, берекесін тасытып отыр. Бірі ата, екіншісі әже атанған жақсы адамдар жаннан да тәтті Алан, Дастан атты немере сүйіп, балдырғандардың қызығын көруде. Қос бәйтерек балаларын  адал еңбек етуге, әділеттің ақ жолымен жүруге, әлсіздерге қамқоршы болуға баулып, түзу жол көрсетіп келеді.

– Ұрпағым – байлығым. Мен ата, әке, бала деп келетін қазаққа ғана тән жеті ата ұғымын қатты сыйлаймын. Өзім де осы жолмен жүріп келемін. Бала күнімде әкемнің жолдасы механизатор Тұрғанбай ағамыз қызылша жұмысына көмектесіп жүрген біздерді отырғызып алып «Қарақтарым, сендер ертең үлкен азамат, бастық боласыңдар. Сол кезде мына біз секілді қарапайым жұмысшыны ұмытпаңдар» деп еді. Сол көрініс әлі көз алдымда. Ауыр жұмыстан тілінген, ісінген алақан ол кісінің бар болмысын көрсетіп тұрғандай еді. Қазір өзім де ұрпағыма, жастарға қарапайым еңбек адамының ісі үнемі бағалы екенін айтып келемін. Әрбір ата-ана баласы үшін қолдағы барын аямайтыны анық. Десе де, біз елін, жерін сүйетін, АНА ТІЛІН қадірлейтін, ДІНІН, ДІЛІН, САЛТ-ДӘСТҮРІН сыйлайтын ұрпақ тәрбиелеуге міндеттіміз, – дейді Бәкең тебіреніп. 

«Әркім өмір сүреді арманымен, жақсылық бар секілді алда кілең», дегенді үнемі ойында ұстайтын «Алматы-Болашақ» АҚ филиалы «Офсет» баспаханасының киелі қара шаңырағына басшылық етіп, ұжымды ауызбірлікпен ұйытып отырған Бақберген Түкібаев мырзаның байыпты басшылығынан көпшілік үлгі алса дейміз. Әр қызметкерді бауырына басып, қамқорлық танытып, ағалық ақыл айтып жүруді азаматтық парызы санаған кейіпкеріміздің жүрегі «әр қазақ менің жалғызым» деп соғады. Тәңірі бақ берген Сүйінбайдың Бақбергені ата-анасын, қарамағындағы қызметкерлері мен достарын, ағайын-туысын ТӘҢІРДІҢ БЕРГЕН ТӘТТІ СЫЙЫ деп біледі. Олай болса, бақытты күніңіз көп, соны бөлісер жақындарыңыз аман болсын деп тілейміз.

Қатысты жаңалықтар

Өнер мен білім – өрлеу  кепілі

Өнер мен білім – өрлеу кепілі

14.07.2026
ЖИ мен МИ

Жаңа талап, жаңа жауапкершілік

14.07.2026
Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

Елімізде 7 мыңға жуық әйел әскери қызмет атқарады

14.07.2026
ҰБТ жүйесі өзгеруі мүмкін: Аида Балаева жаңа форматты ұсынды

Білім берудің стратегиялық тірегі

14.07.2026
«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

«Этно-Квест»: Жастар бірліктің жаңа үлгісін көрсетті

14.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.