Талдықорған: +32°C
$ 472.03
€ 540.29
₽ 6.11
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҰМЫТУҒА ХАҚЫМЫЗ ЖОҚ

28.05.2021
КҮЛТӨБЕ
ҰМЫТУҒА ХАҚЫМЫЗ ЖОҚ
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: 
Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз. Олар өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болды.

   Қасқайып тұрып Голощекиннің сорақы саясатын бетіне басқан, қысқа ғұмырын елді жайлаған заңсыздықпен күресуге арнаған Қанай Боранбаевтың есімін есте сақтау – бізге парыз.


Тарихшы, зерттеуші ғалымдар болмаса, былайғы жұрт ел басына түскен қиын кезеңде «халық жауы» деген жаланың құрбанына айналған Қанай Боранбаев туралы біле бермейді. Олай болатын жөні де бар. Халқымыз бастан кешкен қасіретті тұста өмір сүрген замандастары, көз көрген таныстары оның атын атаудан қаймыққандықтан есіл ердің есімі ұмытыла бастады. Сондықтан бүгінгі ұрпақ қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау жолында жан қиған тұлғаның ел үшін сіңірген еңбегінен, өмір жолынан мүлдем хабарсыз. Әйтседе, соңғы демі біткенше ел басына төнген қауіппен, халқымыз көрген заңсыздықпен күресіп өткен боздақ жайында бар білгенімізді ортаға салуға тиіспіз.

Қанай Боранбаев Варшава университетінде білім алған алғашқы қазақ ретінде сол кездегі ең сауатты заңгердің бірі еді. Архив деректері 1924 жылы Юстиция Халық Комиссары және Республика прокуроры болып қызмет атқарған оның өз саласының білгір маманы, өрелі азамат болғандығын одан әрі айғақтай түседі. Өз басына төнген қатерден сескенбей, елдегі заңсыздықтарға ашықтан-ашық қарсы шыққаны үшін патшалық Ресейдің тұсында түрмеден түрмеге қуылған азаматты өзі сенген, өз қолымен құруға атсалысқан Кеңес үкіметі аямады. Тіпті, нақақтан-нақақ үш рет соттап, партия қатарынан екі рет шығарады. Жапқан жаласы көңілге мүлдем қонбайды. Оның бірі – «Қанайды тройцкшіл» деп айыптаса, екіншісінде – «кедейді заңсыз соттадың» деген жала жабылған. Бұған 1922 жылы 19 қарашада Жетісу облыстық ревком төрағасы Сарымолдаевтың хатшысы Лундич қол қойған Қ. Боранбаевты партия мүшелігінен шығару жөніндегі хаттама арқылы көз жеткіземіз. Алматы архивінен табылған құжатта Қанайдың бірқатар іргелі істері де айтылған. Хаттамада Қанайдың Нарындағы полковник Бойко бандысын талқандауға қатысқаны, партияның мұсылман бюросына мүше болғаны, Жетісуда жер реформасын жүргізу ісіне басшылық еткені айтылып, ұлтшыл Рысқұловтың жолын ұстанушы ретінде партия қатарынан шығарылғаны көрсетілген. 1928 жылы партия қатарынан қайтара шығарылуы оның үнін қайткенде де өшірудің тұрпайы амалы болғанын білдіреді. Сондағы ойлап тапқандары «кедейді заңсыз соттадың» деген жала.

Қазақстанның халық жазушысы Хамит Ерғалиев өз естелігінде Алаш арыстары ақтала бастағанда туған қайын атасы Қанай Боранбаевтың атаусыз қалып бара жатқанына алаңдап, ол туралы мәліметтерді іздегенін айтады. Сөйтіп Қырғызстанның Ақтұз шахтасында тұратын Қанайдың туыстарын табады. Сол жерде Қанекеңнің ет жақын ағайыны, кезінде Қанайдың көмегімен білім алып, Ораз Жандосовтың тағайындауымен ауатком төрағасы болған Рысқұлбек деген адамға жолығады. Әрбір оқиғаны жылына, айына дейін зердесіне тоқыған, аса зейінді Рысқұлбек айтқан деректі жазушы естелігінде атап өтеді. Одан Қанайдың 1928 жылы үкіметтің қырына іліне бастауы мынадай қарсылығынан кейін тіпті өршігенін байқалады.

– Сіз мына саясатыңызбен жергілікті халықты малынан айырып, басын бас, бақалшағын қаратас жасағалы отырсыз, – депті Қанай Голощекиннің бетіне тура қарап. – Апыр-ау, бұлайша халқының жан айқайын сол сары сайтанға тайсалмай, қасқая тұрып айтуы нағыз көзсіз ерлік қой. Өзгені қайдам өз басым бұрын-соңды Голощекиннің бетіне түкіріп жібергендей бетпе-бет тұрып, дәл бұлайша қарсы келген жайтті еш жерден естімеппін. Ендеше нағыз жанқиярлық дегеніміз осы шығар?!

Әрине, оның жанқиярлығы ізсіз кетпеді. Осыдан кейін-ақ есіл азаматтың соңына шам алып түскен Кеңес үкіметі оған «кедейді заңсыз соттадың» деген жалған айып тағып, білгенін істейді. 1928 жылы партия қатарынан шығарылған ол жан досы Ораз Жандосовтың және Қырғыз обкомының бірінші хатшысы Әбдірахмановтың көмегімен Қырғызстанға ауысуға мәжбүр болады. Көп қуғын көріп, әбден торыққан ол осы тұста із жасыру үшін мамандығын өзгертуді де ойлайды. Сөйтіп Ташкент университетінің ауылшаруашылығы факультетін сырттай оқып бітіріп, 1931 жылы Өзбек КСР Жер Комиссариатының орталық аппаратына зоотехник болып жұмысқа кіреді. Алайда соңына түскендерден құтыла алмапты. Ақырында Самарқан облысындағы «Қызыл Чарвадор» қой шаруашылығына техдиректор болып ауысады. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» – дегендей ұлтшыл, контрреволюцияшыл деген атақ соңынан қалмаған Қанай «халық жауы» деген жаламен қамауға алынады. Магаданға айдалған кездің өзінде Голощекиннің итаршылары оған тыныштық бермеген. Жан төзгісіз азапты басынан кешіріп, ауыр тауқыметтен денсаулығы нашарлаған Қанайды қара жұмысқа жарамай қалғандықтан түрме басшылығы асхана жұмысына ауыстырады. Бұл жерде де тыныштық таппаған оған: «Айдаудағы адамдарды жұмысқа шықпауға үгіттедің» деген айып тағылады. Сөйтіп, Магадандағы «Дальстрой» жанындағы УНКВД үштігі 1938 жылы 5-ші қаңтарда Қанай Боранбаевты ату жазасына кеседі. Үкім 15 қаңтарда іске асады.

Голощекиншілердің тамағына тас болып түйілген Қанай Боранбаев 1896 жылы Жетісу губерниясы Алматы уезіндегі Қастек болысының №2 ауылында дүниеге келген. Яғни, бүгінгі Қастек ауылының тумасы. Оқуға ынтасы зор жеткіншек Верный қаласында 8 сыныптық мектепті бітіреді. Әкесі Боранбай орманшы болыпты. Сол тұста Суықтөбе тауында үйір-үйірімен жүретін қалың арқарды аулауға орыс ұлықтары жиі келеді екен. Мылтық асынып, қарсыласқанды табанда атып тастауға дайын тұратын әулекі топ орманшымен қайдан санассын?! Бой жылыту үшін тау ішінде тұратын Боранбайдың үйіне баса-көктеп кіретін болған. Орыстардың талабын әке-шешесіне жеткізіп, екі араға жасөспірім Қанай тілмаш болады. Аң аулап, сейіл қуған дарақы топтың ішіндегі білімді, жібі түзу бір адам Қанайдың зеректігіне қайран қалып:
– Оқу оқығың келе ме? – деп іштарта қарайды. Қанай оған білім алғысы келетінін айтады.
– Онда құжаттарыңды әзірле! Мен саған көмектесейін, – дейді әлгі адам. Сөйтсе, дәл сол тұста Варшава университетіне берілетін жалғыз шақыру қағазынан Губернатордың қызы жолды қашықсынып, бас тартқан көрінеді. Міне, осы жолдама ойда жоқ жерден Қанайға бұйырады.

Алайда Варшава университетінің заң факультетін үш курс қана оқыған Қанайдың оқу орнын аяқтамауына саяси көзқарасы себеп болған. Бұны туысы Рысқұлбек растайды. Ол Қанайдың Варшава абақтысында отырғанын өз аузынан естігенін айтады. Қалай болғанда да 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, 1917 жылғы екі дүркін төңкеріс тудырған толқулардан сырт қалуды жөн көрмеген жас жігіт Мәскеу арқылы елге қайтады. Жолай Феликс Дзержинскийдің қабылдауына кіріп, жолдама алады. Осылайша Түркістандағы қайнаған өмірге араласып кетеді.

Еңбек жолын Ташкенттегі Жетісу комиссарының көмекшісі болып бастаған ол Құлжа қаласына жіберілген комиссияның құрамына кіреді. 1919 жылы Ташкентке қайта шақырылған Қанай Боранбаев өлкелік партия комитетінің мүшелігіне сайланады. Комитет хатшысы ретінде 1920 жылға дейін қызмет атқарған ол бұдан кейін Жетісу партия комитетіне ауыстырылады. Сол жылдың соңында Түркістан майданы 3-ші дивизиясының трибуналына мүше етіп сайланса, жер реформасы тұсында облыстың төтенше комитетінің мүшесі болады. 1923 жылдың басында Қытайға барып, ондағы қырғыз- қазақ ауылдарын елге көшіруді ұйымдастырса, сол жылдың соңында Жетісу облысының прокуроры болып тағайындалады. Оның Жетісу, Сырдария губерниялары мен Қарақалпақ автономиялы облысында сот тергеу, прокуратура органдарының жұмысын жолға қоюға сіңірген еңбегі аз емес. Бұл жан-жақты зерттеуді күтіп жатқан мәселе.

Сауатты, әмбебап заңгер болумен қатар, саясы мол, жүрегі ізгі, айналасына қамқор болған Қанай туралы ақын Хамит Ерғалиевтің естелігінде аз айтылмаған. Онда автор екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Нұрмолда Алдабергенов пен Әбдіқайыр Дайыровтың Қанай жайында айтқан пікірін мысалға келтіреді.
«– Ондай оқымысты, аса жоғары мәдениетті кісіні бұрын соңды көрген емеспін. Сондықтан жұрт оның сыртынан сүйсініп, Қанай төре деп атайтын, – деген олар ел ішіне таралып кеткен бір жырды айтып берді:
Аман ба, Боранбаев Қанай төре?!
Жұрт үшін жер әлемді жүрсің кезіп,
Амалын әрбір ұлттың білдің сезіп,
Мұратқа қазақ аты жете ме деп,
Іздедің бір шыбындай жаннан безіп.
Алдыңнан бір шығады қылған қайыр,
Туғызған Құдай жұрттың несібіне.
Жігітсіз өзің дана, сөздің шайыр,
Жеттіңіз мәртебе іздеп, ілімменен,
Жинадың елдің басын білімменен.
Мен сондай болдым деген үлкендік жоқ,
Жігітсің кішіпейіл күлімдеген.
Осынау өлең жолдары оның шындығында елге жанашыр, айналасына мейіріммен, қамқорлықпен қарайтын, жаны жомарт адам болғанын айғақтай түседі».
Ең алдымен жұрт оның сол бір қилы кезеңде халқының басына түскен жан төзгісіз ауыртпалыққа шыдамай, содыр саясатты ашық айыптай отырып, Ораз Жандосов, Жұбаныш Бәрібаевтармен тізе қосып, бірге күрескен, сол жолда басы кетерін білсе де, голощекиншілердің озбырлығына қарсы тұрған азамат екенін білуі тиіс.

Атақты ақын Жамбыл Жабаев пен әнші-сазгер Кенен Әзірбаев Қанай Боранбаевтың ерлікке толы істерін мақтанышпен жырлайды. Жалпы көнекөздер Қанай Боранбаев, Ораз Жандосов, Жұбаныш Бәрібаев үшеуінің ойы бір жерде тоғысқан жан дос болғанын әлі күнге айтып отырады. Олардың ажырамас адал достығына қалың ел еріксіз сүйсінетін.

Елі іші тынышталып, репрессия құрбандары ақтала бастаған тұста туысы Рысқұлбекке туған қайын атасы Қанайдың есімін жаладан аршып алудың мезгілі жеткенін айтып қолқа салған Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын Хамит Ерғалиев ағамыз екен.

– Бұл іске Қанайды жақсы білетін өзіңіз мұрындық болыңыз. Ол үшін тиісті орындарға арыз беріп, ізденуіңіз керек, – деп жол көрсетеді. Басы дауға қалып, жан сауғалап кеткен Рысқұлбек қорқа-қорқа отырып, оған да көнеді. Соның нәтижесінде Өзбек КСР Жоғарғы Сотының 1963 жылғы қаулысы бойынша Қанай Боранбаев «Халық жауы» деген жаладан арылып, толық ақталғаны жөніндегі құжат қолға тиеді. Сөйтіп, халқының болашағы үшін қалтқысыз қызмет еткен азамат өз атына жағылған қара бояудан кеште болса арылды.

Алаш арыстарының мұрасын зерттеуге қомақты үлес қосып жүрген заң ғылымының докторы Нұрлан Дулатбековтың Сталиндік Саяси қуғын-сүргін жылдары Магаданда жазықсыз атылған қазақтардың тізімін Петербург мұрағаттарынан тапқаны жайлы мәліметті газет бетіне жарияланды. Жат жердің топырағын жастанған арыстардың арасында Қанай Боранбаевтың есімі де бар. Онда: «Боранбаев Қанай 1896 жылы туған. Ұлты қазақ. Ташкентте тұрған. 1935 жылы ұсталып, 05.01.1938 жылы сотталған. 15.01.1938 жылы атылған. 30.09.1963 жылы ақталған. Архив нөмірі «Р.13511» деп жазылған.

Ендігі айтар бір мәселе – бүгінде біз артында өшпес із қалдырған тұғырлы тұлғаларды түгендеп, келешек ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде таныстырып жатқанымыз белгілі. Олай болса жарық жұлдыздай ағып өткен, халқының қамы үшін басын бәйгеге тігіп, сол жолда мерт болған бірегей тұлға Қанай Боранбаевтың есімін ел есінде қалдырудың мезгілі жетті. Ол үшін Қ. Боранбаев есімін көше, елді мекендерге беріп, еске алу кештерін өткізу сияқты игілікті шараларды қолға алу керек. Бұл ойымызды ел үкіметі қаулы шығарып қолдаса, оның іске асуына прокуратура саласы іздеуші, сұраушы болып атсалысса, кейінгі ұрпақ үшін де ұлағаты мол болмақ.

Алтай Байбосынов,
Текес ауылы, 
Райымбек ауданы

Қатысты жаңалықтар

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

05.07.2026
Жетісудың жауһары жарқыраған

Жетісудың жауһары жарқыраған

05.07.2026
Заң өзгерді, көзқарас ше?

Заң өзгерді, көзқарас ше?

05.07.2026
«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

«Астана Опера» театрында Ұлттық домбыра күніне арналған көрме ашылды

05.07.2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Домбыра күнімен құттықтауы

05.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.