Талдықорған: +35°C
$ 467.65
€ 533.26
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

НАМЫСПЕН КЕЛГЕН ЖЕҢІС

17.09.2021
КҮЛТӨБЕ
НАМЫСПЕН КЕЛГЕН ЖЕҢІС
WhatsAppTelegramFacebook

Ресейдің Уфа қаласында грэпплинг UWW күресінен әлем  біріншілігі өтті. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған спортшылар бес алтын, үш күміс, төрт қола медальді еншілеп олжамен оралды. Солардың бірі – 62 келі салмақ дәрежесінде қос бірдей жүлдені қанжығасына байлаған Нұрбек Мырзалинов. Ол «грэпплинг ги» түрі бойынша алтыннан алқа тақса, «грэпплинг ноу-гиттен» күміс жүлдені иеленді. Ұлт абыройын асқақтатқан балуанымызбен аз-кем дидарласудың сәті түсті.


– Нұрбек, әлем чемпионы атануыңмен тағы да шын жүректен құттықтаймыз. Әңгіменің ауанын туып-өскен жеріңнен, күреске қалай келгеніңнен бастасақ.
– Рақмет. Мен Талдықорған қаласында тудым. Қазіргі таңда Ескелді ауданы Бақтыбай ауылында тұрамын. Отбасында 3 баламыз: әпкем және інім бар. Спортқа алғаш 2013 жылы 7-ші сыныбымда келдім. Мені боз кілемге самбодан және джиу-джитсудан спорт шебері Қуандық Есенеев алып келді. Жаттығуға келген күннен бастап бұл спорт мені баурап алды десем де болады. Себебі жездемнің халықаралық ареналарды олжа салғанын, Туымызды көкте желбіреткенін көріп өстім. Қазіргі бапкерім – Айдос Усабаев. 

– Ең алғашқы жарысыңыз есіңізде шығар? 
– Әрине, есімде. Ең алғаш жеңістің дәмін татқан сәтін ешбір спортшы ұмытпайтын шығар. Мейлі жарыс шағын ауылда өтсе де, қарсылас аз болса да ерекше қуанған сәтті естен шығару мүмкін емес. Менің алғашқы жарысым Үштөбе қаласында өтті. Бірінші жарыс болған соң қорқыныш көп болды. Десе де екі ай ғана дайындалып барған додан екінші орынды еншіледім.

– Әлем біріншілігіне тоқталсақ. Грэпплингтің қандай түрлері бойынша бақ сынастың? Белдесу қалай өтті?
 – Бұл менің әлем біріншілігіндегі алғашқы алтыным. Додадағы барлық қарсыласым мықты болды. Мен грэпплингтің екі түрі бойынша өнер көрсеттім. Алғашқы күні «грэпплинг ноу-ги» түрінен сынға түстім. Бірінші кездесуде румын балуанын жеңдім. Содан кейін ресейлік екі спортшыға мықтылығымды дәлелдедім. Ақтық сынға дейін сүрінбей жеткеніммен, шешуші кездесуде ресейлік балуанға есе жіберіп қойдым. Сөйтіп күміс жүлдегер атандым. Доданың екінші күнінде киманомен күресетін «грэпплинг ги» түрінен бақ сынадым. Бұл жолы бағым жанып, әлем чемпионы атандым. Алғашқы белдесуде армениялық балуанды атынан аударып тастасам, одан кейін ресей және беларус елінің спортшысынан басым түстім. 

– Ақтық сында жеңіліп жатып, соңғы минутта жігерлік танытып жеңісті жұлып әкеттің. Тағы күміс жүлдегер атанамын ба деген қорқыныш болды ма? – Жеңіліп жатқанымда санамда ұтылсам елге қалай ораламын деген жалғыз ой болды. Біз жарысқа жеңістің желкенін көтеру үшін ғана келгенбіз. Сондықтан бар ойым – қайтсем де жеңіске жету еді. Намысқа тырысып, соңғы сәтте кездесуді өз пайдама шештім. Жеңіс намыспен келді.

– Әрине, спортшының жетістігі бапкерге де байланысты ғой. 
– Толықтай келісемін. Мен білікті мамандардан тәлім алып жүргенімді мақтан тұтамын. Бала күннен жаттықтырған, әр жеңісіме қуанатын Айдос пен Қуандық ағайыма алғысым шексіз. Олар маған өмірде де, спортта да үлгі болған жандар.

 – Жарысқа облысымыздың қанша спортшысы барды? 
– Додаға аймағымыздан 13 спортшы барып, 12 жүлде алдық. 5 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді еншіледік. Атап айтсақ, Дарын Кенжебай, Артем Хван, Ботакөз Елдосқызы мен Ескендір Юлдашев алтыннан алқа тақса, Зуляр Шарафудинов, Диас Анвар және Данагүл Талғатқызы күміспен күптелді. Ал Анаят Сыдыков, Анар Ақан, Нұрайым Мұңайтпас, Дильназ Үсенова қола жүлдені қанжығасына байлады.

–  Әлем біріншілігі жастар арасындағы соңғы жарысың болды. Ендігі сайыстан бастап ересектер арасында бақ сынайсың. Жалпы үлкен додаға дайындық қалай жүріп жатыр? Ересектер арасында белдесіп жүрсің бе?
– Биылдан бастап ересетер тобына өттік. Сондықтан ендігі жарыстарға үлкен дайындық керек. Тынбай жаттығу жасап еңбектенсем биік белестерді бағындырамын деп ойлаймын. Ересектер тобына биыл өткеніммен, үлкендермен күресіп жүргеніме екі жыл болды. Бәлкім жеңіске жетуімнің бір себебі де осы шығар. Дүбірлі додаларынан да қалыс қалған емеспін. Әзірге еншімде бір қола жүлдем бар. Жарыстар әлі алда. Жаттығу, мехнатты еңбек ету – жеңістің кілті деп білемін. Сондықтан дүбірлі додаларға жақсылап дайындаламын. 

– Алдағы мақсатың қандай? 
– Ересектер арасында әлемді мойындатқым келеді. Ол үшін әуелі ел біріншілігін бағындыру керек. Оған да білек сыбана кірісетін боламын. Кейін шәкірт тәрбиелеп, Айдос ағайым секілді бапкер болсам деп те армандаймын. 

 Сұхбаттасқан
Айдар ҚАЛИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

Тестілеудің сұрақтары мен грант уәде етеді: Алаяқтық әрекет туралы ескертілді

23.07.2026
Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

Енді мұғалімдерге мерекеде сыйақы берілуі мүмкін

23.07.2026
Телефон сатып алу ережесі өзгереді

Телефон сатып алу ережесі өзгереді

23.07.2026
Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

Сайлауалды үгіт-насихат кезеңі туралы не білу керек?

23.07.2026
Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталады

23.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.