Талдықорған: +19°C
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОҢ БАҒА БЕРІЛДІ

27.01.2021
КҮЛТӨБЕ
ОҢ БАҒА БЕРІЛДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Жылдағы дәстүр бойынша Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ аудан тұрғындары алдында есеп берді. Онлайн форматта өткен жиынға әлеуметтік желі арқылы аудан жұртшылығы қатысып, өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды. Өз есебінде аудан әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылға қойылған міндеттерді баяндады.


– Өткен жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 538 өтініш келіп түсті. Олардың 86-cы қанағаттандырылды, 399-ына түсініктеме берілді. Өтініштерде негізінен көтерілген мәселелер тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, архитектура, жол сапасы, жер және ауылшаруашылығы, әлеуметтік төлемдерге қатысты болды. Келіп түскен өтініштердің барлығына жауап берілді. Ауданның 178 тұрғыны жеке қабылдауда болды. Барлық мәселе бақылауға алынып, тиісті шешімдер қабылданды. 

Өткен жылғы кездесулерде көтерілген мәселелер де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы, Жеңіске 75 жыл толуына орай Мұсабек ауылдық округінде ҰОС ардагерлеріне қойылған ескерткішке ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Ақшатоған ауылындағы №5 орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Балпық би ауылындағы М. Құрманов атындағы орта мектептің алаңына асфальт төселді. Көкбастау ауылындағы Нұрбақыт Қойшыбеков, Қызылтоған ауылының Лабилданов, Мұсабек ауылындағы Абай көшелері жөнделді. Мұқыры, Талапты ауылдары мен Айнабұлақ бекетіндегі мәдениет ошақтарына ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Айнабұлақ және Көксу бекеттеріндегі медициналық бөлімшеге жаңа ғимараттар салынып, қолданысқа берілсе, Алғабас ауылындағы ауылдық дәрігерлік амбулатория ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді өз сөзінде аудан әкімі.

Өткен жылдың қорытындысына зер салар болсақ, аудан экономикасында біршама өсім бар. Былтыр ауылшаруашылығында 29 млрд. 823 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 1 млрд. 410 млн. теңгеге артқан. Егін шаруашылығында егіс алқабының көлемі 31710 гектарды құрап, оның ішінде 9544 гектар дәнді дақылдан 25,1 мың тонна астық жиналған. Қант қызылшасы 2407 гектарға себіліп, 84,4 мың тонна өнім алынған. Аудандағы 16 жылыжайда 182 тонна көкөніс өндірілген. 

Мүйізді ірі қара мен жылқы саны артуда. Өткен жылы ауданда 470 басқа арналған 3 мал бордақылау алаңы қолданысқа берілген. Мал шаруашылығын қолдауда аудан фермерлеріне 257 млн. теңге көлемінде субсидия төленген.

Ауданның негізгі өндеу кәсіпорны – Көксу қант зауыты өткен жылы 19,1 мың тонна қант, 7,1 мың тонна меласса өңдеген. Былтыр Көксу қант зауыты 140 млн. теңгеге қамыс (тростник) шикізатын өңдейтін жабдық орнатқан болатын. Биыл ақпан-наурыз айларынан бастап қамыстан қант шығаруды бастамақ. Бұл зауыттың жыл бойы тұрақты жұмыс істеуіне және өнеркәсіп көлемін арттыруға мүмкіндік береді. 

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 9927 адам жұмыс жасайды, бұл экономикалық белсенді халық санының 48 пайызын құрайды. Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірген өнімі мен көрсеткен қызмет көлемі 10,3 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда көрсеткіш 68,5 пайызға артып отыр. 

Өткен жылы аудан орталығында «Бастау» сауда орталығы 5 жаңа жұмыс орнымен ашылған. Жеке инвестордың қаражаты есебінен Балпық би ауылында 30 пәтерлі тұрғын үйдің және 10 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар, 2019 жылы басталған Қызылтоған ауылындағы 120 орынды мектептің құрылысы өткен жылы аяқталып, қолданысқа берілді. Мұқаншы ауылында күніне 30 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның да құрылысы аяқталып, ел игілігіне қызмет етуде. Биыл Балпық би ауылында 20 пәтерлік жалгерлік тұрғын үй салынады. 

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Балпық би ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің алаңдарын абаттандыру бойынша Қаблиса жырау, Дарабоз ана және Әуезов көшелерінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылды. Жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу бойынша Балпық би ауылының Амангелді көшесінің жолына күрделі жөндеу және Қызылтоған ауылындағы Лабилданов көшесінің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балпық би ауылын газдандыру бойынша бүгінгі күні 3050 тұрғын үйдің алдына газ жеткізілді. Қазіргі таңда 900-ге жуық абонент табиғи газ жүйесіне қосылды.  Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында Мұқыры, Жамбыл, Бесқайнар, Мәмбет ауылдарында газдандыру жұмысы жүргізілуде. З. Тамшыбай, Көксу бекеті, Енбекшіқазақ ауылдарында газ құбырларының құрылысы басталмақ. 

Аудан экономикасына 7 млрд. 733 млн. теңге инвестиция тартылып, әлеуметтік салада халықты жұмыспен қамту шаралары аясында жұмысқа орналасуға ниет білдірген 2526 жұмыссыздың 2014-і жұмысқа орналастырылды. Былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту», «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 235 үміткер оқытылды. Жалпы аудан бойынша 840 тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылған. 

Жиында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли Президентіміз алға қойған мақсат-міндеттерге тоқталып, облыс экономикасының даму барысын қысқаша баян етті. Жуырда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына белсене қатысқан жетісулықтар қатарында Көксу ауданы жұртшылығына алғысын жеткізіп, бірқатар тапсырма берді.

Аудан әкіміне тұрғындардан келіп түскен сауалдар ауылдарға газ тарту, жол жөндеу, көшеге жарықшамдар орнату, интернет мәселелеріне қатысты болды. Бұл сұрақтарға жауап берген Алмас Қабдулұлы барлық мәселенің жоспарда тұрғанын, шетінен шешімін тауып жатқанын жеткізді. Жалпы әлеуметтік желі арқылы пікірін білдіріп жатқан көпшіліктің әкім жұмысына көңілдері толатындығы аңғарылды. Есеп беру барысында сөз алған облыстық мәслихат депутаты Секенбай Шеңгелбаев, аудандық мәслихат депутаты Ғалым Байжұманов аудан жұртшылығын толғандырып жүрген бірқатар мәселені облыс әкімінің орынбасары Рустам Әлидің назарына ұсынып, аудан әкімі Алмас Әділдің жұмысына қанағаттанарлық деп баға берді.

Алма ЕСЕНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Қарымта ойында шешіледі

Ресми. «Жетісу» Бірінші лигада ойнайды

10.06.2026
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты

10.06.2026
Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

Елімізде неврологиялық аурулардың ұлттық тіркелімі құрылады

10.06.2026
Бірлікті нығайтқан өнер

Бірлікті нығайтқан өнер

10.06.2026
Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

Елімізде жаңа өнеркәсіп пен туристік жобалар іске қосылады

10.06.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.