Талдықорған: +34°C
$ 471.04
€ 538.54
₽ 6.17
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Өнері жоғары елдің өресі биік

Осыдан қырық жылдай уақыт бұрын бет қарыған желтоқсанның ызғары қазіргі сәтте тәуелсіздіктің арайлы таңының шуағына ұласқандай. Тарихтан ізі, жүректен сызы кетпейтін сол күннің өтеуі болар, Тәуелсіздік күні қарсаңында Талдықорған төрінде жан жадыратар рухани шара салтанат құрды. Ол «Жер жаннаты – Жетісу» телевизиялық байқау-бағдарламасының финалдық кезеңін қорытындылаған жарқын жобаның түйіні еді.

16.12.2025
КҮЛТӨБЕ
Өнері жоғары елдің өресі биік

Жұмабай МҰСАБЕКОВ

WhatsAppTelegramFacebook

Бұл шара әр аудан мен қос қаладан дүбірлі додаға қатысқан өнер иелерін тамашалаумен ғана шектелмеді. Соларға деген ерекше қолдаудың куәсі болдық. Әуелі Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайының алдында тұрған 14 аппақ «темір тұлпар» көптің назарын өзіне аударды. Бұған дейін дәл сол алаңнан «Жедел жәрдем», МАИ қызметкерлеріне, басқа да сала мамандарына арналған оннан аса көліктің кілті табысталғанына куә болғанбыз. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, бұл жолғы құрмет өнер майталмандарының төбесін көкке тигізгендей әсер етті. Себебі, бір күнде мәдениет қызметкерлеріне осынша көліктің кілтін табыстау ел тарихында алғаш рет жасалып отыр десек, асыра айтқандығымыз емес. Жоғарыда қозғағанымыздай, желтоқсанның ызғарында бой жылытып, ой сергіткен сәт болды. Бұл – тәуелсіздіктің тартуы еді!

Әсері бөлек мәдени шарада облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов Тәуелсіздіктің баянды болуы елдің рухани негізінің беріктігіне байланысты екенін атап өтті. Мәдениет – ұлттық болмысты сақтайтын, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын маңызды сала екеніне тоқталды. Сондықтан мәдениет қызметкерлерінің еңбегін нақты іспен қолдау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі десек те болады.

– Жетісу облысы құрылғаннан бері мәдениет саласының инфрақұрылымын жаңарту 40 пайыз шамасында, бюджеті 83 пайызға өсті. Соңғы 3 жылда сала мекемелерінің материалдық базасын нығайтуға бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, музыкалық аспаптар, сахналық киімдер, компьютерлік жабдықтар, басқа да қажеттіліктер сатып алынды. Оған қоса, мәдениет саласының техникалық базасы бүгін шағын автобустармен және жүк көліктерімен толыққалы отыр. 

«Ел іші – өнер кеніші» дегендей, өнер адамдары үнемі халық арасында, көптің алдында жүреді, әрдайым ізденісте болып, ел-жер аралайды. Сондықтан бұл көліктер мәдениет ұжымдарының гастрольдік сапарларға шығуына, қажетті құрал-жабдықтар мен декорацияларды тасымалдауына, түрлі фестиваль, байқауға қатысуына мүмкіндік туғызып, жұмыс сапасына оң әсер етеді деп сенеміз, – деген Диас Рахметұлы салтанатты шарада тек көліктер берумен ғана шектеліп қоймай, екінші жыл қатарынан өткізіліп келетін «Жер жаннаты – Жетісу» тележоба байқауына белсене қатысып, өнер көрсеткен өңірлер де марапатталатынын тілге тиек етті.

Мұнан кейін салтанатты түрде Жетісу облысының 8 аудандық және 2 қалалық Мәдениет үйлеріне, сондай-ақ, Сәкен Сейфуллин атындағы әмбебап кітапханасына, Көркемсурет галереясына, облыстық мемлекеттік архивке және Халық шығармашылығы орталығына тиесілі көліктердің кілті табыс етілді. Иесін тапқан әрбір көлік мәдениет саласы қызметкерлерінің жұмысын жүйелеуге, шығармашылық ұжымдардың шалғай елді мекендерге уақтылы баруына және мәдени шаралардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік бермек. Сап түзеген «темір тұлпарларды» шығарып салған жұрт Құлагер ақын атындағы Мәдениет сарайына кірді. «Жер жаннаты – Жетісу» тележоба байқауының қорытынды кезеңін ашқан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов жиналған қауымға жылы лебізін білдіріп, байқау жеңімпаздарын диплом және қаржылай сыйлықтармен марапаттады. Атап айтсақ, арнайы жүлде және 300 мың теңге ақшалай сыйлық Қаратал ауданына, III орын және 500 мың теңге ақшалай сыйлық Сарқан ауданына, II орын және 700 мың теңге ақшалай сыйлық Ақсу ауданына бұйырды. Ал I орын және 1 миллион теңге ақшалай сыйлыққа Кербұлақ ауданы лайық деп табылды. Тележоба байқауының бас жүлдесі және 5 миллион теңге қаржылай сыйлықпен Көксу ауданы марапатталды.

Марапаттан кейін рухани шараның гала-концерті басталды. Жоба ережесіне сай әр номинация бойынша жеңімпаздар өнер көрсетті. Халық әндері мен заманауи эстрада жанрындағы әуезді әндер, термешілердің тағылымды толғауы, ұлттық би әлемі, айтыс ақындарының арнауы алма-кезек ауысып отырып көрерменнің көңіл көкжиегін кеңіткен әдемі кешке ұласты.

Қорыта келгенде, бұл байқау Жетісуда руханиятқа деген көзқарастың жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Ұлттық мәдениетті қолдау нақты іспен бекітілгенде ғана өз нәтижесін беретіні осы жолы айқын байқалды.

Жұматай ӘМІРЕ

Қатысты жаңалықтар

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

«Жетісу» – «Алтай»: Талдықорғандағы тартысты ойын

08.07.2026
Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

Текелідегі экофестиваль: Тазалыққа бағытталған игі бастама

08.07.2026
Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

Асқар Садықов: «Денсаулық сақтау саласындағы конституциялық кепілдіктер – облыстың әрбір тұрғыны үшін нақты өзгерістер»

08.07.2026
Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

Баға бақылауда: Нарықта не төмендеді?

08.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

08.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.