Талдықорған: +15°C
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ОНЛАЙН ФОРМАТТА ӨТТІ

27 қаңтар 2021
КҮЛТӨБЕ
WhatsAppTelegramFacebook

Аудан әкімі Ғалым Тоқпейісов ауыл тұрғындары алдында есеп берді. Есепті жиын елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде өтті.


Жиын аудан орталығынан шалғайда орналасқан Құйған ауылынан бастау алып, Жиделі ауылдық округінде жалғасты. Аталмыш ауыл тұрғындары ауылдық округ әкімдері мен аудан әкімінің есептік баяндамасын мұқият тыңдап, аудан көлемінде жыл ішінде атқарған жұмыстарына ризашылық білдірді. 
Сондай-ақ, аудан басшысына Жиделі орта мектебіне күрделі жөндеу жасалса деген өтініштерін жеткізді. 

Есепті жиын Балатопар ауылдық округінде де өтті. Аудан басшысының баяндамасын онлайн режимде тыңдаған тұрғындар ауыл әкімі мен аудан әкімінің жұмысын оң бағалап, Топар өзеніне көлік өтетін көпір салынса деген ұсыныстарын жеткізді.

Топар ауылында өткен есепті жиында да тұрғындар аудан және ауыл әкімдерінің жыл ішінде атқарған жұмыстарына қанағаттанарлық деген баға берді.

Осындай келелі жиын Желтораңғы, Ақжар ауылдық округтерінде де өтіп, ауыл адамдары өз ойларын ортаға салып, әкімдердің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Жоғарыда аталған ауылдық округтерде өткізілген ауыл әкімдері мен аудан әкімінің есепті жиындарына облыс әкімінің өкілі, облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов онлайн режимде қатысып, жиындардың өту заңдылығына назар аударды. Қарой, Көктал, Ақкөл, Миялы, Бақбақты және Бірлік ауылдық округтерінде өткізілген есепті жиындарға облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қанат Есболатов онлайн режимде қатысты.

Қарой ауылдық округінде өткен жиында ауыл тұрғындары Дәрібай жармасы мен Арыстан өзендеріне көпір салынса деген тілектерін айтты.

Көктал ауылындағы есепті жиында ауыл қариялары тарапынан ауызсу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынса деген ұсыныс айтты.

Ақкөл ауылдық округінде өткен жиында тұрғындар баяндамалардан кейін ауылдық округ әкімінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жасалса деген ниетін білдірді.

Миялы ауылында өткен жиында ауыл әкімі мен аудан әкімінің атқарған жұмысына оң баға берілді.

Бақбақты ауылдық округіндегі жиында ауыл тұрғындары орталық көшеге Саябақ салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленсе деген ұсыныс айтты.
Бірлік ауылдық округінде де өткен жиында тұрғындар ауылдық Мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалса деген тілектерін жеткізді. Жалпы, есепті жиында аудан әкімінің жыл ішінде атқарған жұмыстарына жоғары баға берілді.

Күмісбек ЕРБАЕВ 
Балқаш ауданы

Қатысты жаңалықтар

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

150 адамға арналған инклюзивті спорт кешені салынуда

16 қараша 2026
Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

Қорғаста заңсыз алтын алып өтпек болған алматылық ұсталды

16 қараша 2026
Тура биде туған жоқ…

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

16 қараша 2026
Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

Сарқан қаласындағы ұлт қайраткеріне қойылған ескерткіштің маңызы

16 қараша 2026
Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

Жылжымайтын мүлік нарығы: Риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізіледі

16 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.