Талдықорған: +35°C
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қордаланған мәселе көп

21.09.2022
КҮЛТӨБЕ
Қордаланған мәселе көп
WhatsAppTelegramFacebook

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының ғимаратында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Әбілхайыр Тамабектің қатысуымен қант қызылшасы және қант өндірісін дамыту бойынша жиын өтті. Ашық пікір алаңына айналған жиында көптеген мәселе көтеріліп, біраз түйткілдің түйіні тарқады.

 

Шаруалар мұңы шаш етектен

 

Жетісу өңірі – дәстүрлі қант қызылшасын өсіруге қолайлы және маманданған аймақ. Облыс әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың айтуынша, бүгінде саланы дамытуға жан-жақты қолдау көрсетілуде. Атап айтқанда, осы уақытқа дейін облыстық бюджет есебінен 420 техникамен жабдықталған 19 сервистік-дайындау орталығы құрылды. Қант қызылшасының шетелдік селекция тұқымдарының жоғары өнімді сорттары мен будандарын жеткізу және қызылша өсіретін шаруашылықтарды уақытылы қамтамасыз ету жолға қойылды. Тұқым үшін есеп айырысу қосымша пайыздық жүктемесіз күзгі өнім есебінен жүзеге асырылады. Бұдан басқа, мемлекет минералдық тыңайтқыш, пестицидтер және тұқымды сатып алуға жұмсалатын шығындарды 50 пайызға дейін субсидиялайды.  Биыл зауытқа өткізілген қант қызылшасының сатып алу бағасы тоннасына 22 ден 30 мың теңгеге дейін көтерілген

Өңірдегі шаруашылық өкілдері қант өндірісіндегі өзекті мәселелер мен алдағы жоспары жайлы сөз қозғады. Сол қатарда Көксу ауданы «Кең Дала» шаруа қожалығының басшысы Қалибек Алпысбаев қант қызылшасын сатып алу бағасының төмендігіне байланысты өнімділіктің төмендеп отырғанын айтса, Ескелді ауданындағы «Хильниченко и К» кооперативінің өкілі Александр Хильниченко жоғары өнімділікке жетудің жолымен бөлісті. Сарқан ауданы «Алмалы» сервистік-дайындау орталығының басшысы Ерлан Білескелдинов тасымал құнының қымбаттығына тоқталса, Ақсу ауданы «Әлихан» шаруа қожалығының басшысы Берік Тынышбаев аудандағы суару жүйелерінің тиімсіздігін алға тартты.

Шаруалар көтерген тағы бір мәселе арзан бағамен берілетін сұйық отынның сапасына қатысты болды. Жеткізуші компания өкілінің айтуынша, сұйық отын зауыттың тікелей өзінен әкелінеді. Бұл ретте облыс әкімі өнім шығарушыдан жағармайды бірден сапасын тексеріп алатын механизм әзірлеуді тапсырды.  Шаруалар заманауи ауыл шаруашылығы техникаларымен қамтудың да саланы дамытуға ықпалы зор екенін тілге тиек етті. Ал «Көксу қант зауыты» ЖШС басқарушы директоры Әнуарбек Мұқашевтің айтуынша,   биыл зауыт тәтті түбірдің 1 тоннасын 30 мың теңгеден қабылдайды, оның 15 мың теңгесі мемлекеттен, қалғаны жергілікті бюджеттен субсидияланады.  Сонымен қатар,  Көксу қант зауыты шикізатты алыс аудандардан жеткізу шығыны үшін арақашықтық ауқымына қарай тоннасына 1 мыңнан 2 мың теңгеге дейін төлейді.

–  Барлық тауарлардың бағасы өскен сайын, жылдан-жылға қант қызылшасын өсіру шығыны да артып отыр.  Биылғы жылы 1 гектар жерге кеткен шығын 900 мың теңгені құрады, кей жерлерде ол тіпті 1 млн. теңгеден асып кетті. Осыған байланысты қызылша өсірушілердің өтінішіне орай Ауыл шаруашылығы министрлігіне біз ұсыныс жасадық. Яғни, зауытқа өткізілетін шикізаттың әр тоннасы үшін мемлекеттен берілетін субсидияны 15 мыңнан 25 мың теңгеге көтерсек, сонда шаруалардың әр тонна үшін алатыны 10 мың теңгеге өсіп, 40 мың теңге болар еді. Біздің осы ұсынысымызды министрлік қолдады. Бұл өзгеріс келесі жылдан бастап күшіне енетін болды, – деген облыс басшысы «Көксу қант зауыты» ЖШС өкілдеріне алыс аудандардағы шаруалардың тасымалы үшін қосымша көмек қарастыруды ескертті.

Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек мемлекет қызылша өсірушілерге қолайлы жағдай жасау үшін  қант өндірісін дамыту жоспары жасалғанын айтып өтті. 

–  Осы жылдың басында қант қызылшасының 1 келісі 22 теңге болған, біз оны көктемде 30 теңгеге көтердік. Енді 40 теңге болады. Осы мақсатқа бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Сол сияқты қазір тұқымның, гербицидтің, тыңайтқыштардың 50, техника құнының 25 пайызы субсидияланады. Субсидиялаудың жаңа ережесі  келесі жылдағы баға өсімі бойынша реттеледі. Отандық жинақтағы ауыл шаруашылығы техникасы 25-30, шетелдікі 15 пайыз субсидияланады. Бұдан бөлек қызылша жинайтын комбайндар құнының 50 пайызы субсидияланатын болады, –  деді вице-министр.

 

1800 гектар қайда кетті?

 

Жиында талдықорғандық фермер Еркінбек Сләмов озық тәжірибесі бар шаруашылықтармен және мықты ғалымдармен жеке кездесу ұйымдастыруды сұрады. Сондай-ақ: «Қант қызылшасы егіліп, шықпай қалды делінген жер бос жатыр ма, жоқ, басқа дақыл өсіп тұр ма?  Осыған тексеру жүргізілсе», – деген ұсынысын айтты. Оның ұсынысын ескерген облыс әкімі Бейбіт Исабаев: «Аудандарда мұндай шығынның неден болғанын анықтау керек. Неге берілген ақпарат пен нәтижесі сәйкес емес?  Егер нақты себебі болса, оны келесі жылы болдырмау үшін қазір анықтап білуіміз керек», — деп ауыл шаруашылығы басқармасына тапсырма берді.

 Кездесуді қорытындылаған облыс басшысы Бейбіт Исабаев ашық әңгіме, еркін пікір алмасуға қатысқан шаруашылықтардың өкілдеріне ризашылығын білдіріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

 

Қажет Андас,
Жетісу облысы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 2

Әлем чемпионатына ауылдан қол бұлғау – 2

27.07.2026
Жетісуда үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр

Жетісуда үш көлік соқтығысты: Полиция тексеру жүргізіп жатыр

27.07.2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Зейнетақы өтемақысын есептеу тәртібі өзгереді

27.07.2026
Рәкеңнен сүюді үйрендім…

Рәкеңнен сүюді үйрендім…

26.07.2026
Сауалнама жүргізудегі заң талаптары қандай?

Жаңа серпін

26.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.