Талдықорған: +10°C
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Отандық тұқымға қолдау қажет

29 шілде 2022
КҮЛТӨБЕ
Отандық тұқымға қолдау қажет
WhatsAppTelegramFacebook

Жақында Қазақстанда бірден-бір қызылша тұқымын өсіретін «Қамқорлық» ЖШС базасында «Қант қызылшасының отандық буданды тұқымын өндіру және өндіріске енгізу» деген тақырыпта республикалық семинар-кеңес өтті.

Кеңесті «Қамқорлық» ЖШС төрағасы Әлен Жолдасов кіріспе сөз сөйлеп ашып, бүгінгі таңда еліміздегі қант тапшылығына байланысты мәселелерді айта келіп, тәтті түбір тұқымын өсірудің проблемаларына тоқталды. Серіктестіктің қант қызылшасының тұқымын өсіруге арналған жері, техникасы бар,тұқымды тазалап, түйіршіктеуге қолданылатын азын-аулақ құралдары қолдан жасалған. Сол мүмкіндікті пайдаланғанның өзінде жылына 6-7 тонна ғана сапалы тұқым алынады. Қызылшашылар шет елдіктер әзірлеген тұқымның келісін 50 мың теңгеге дейін саудаласа, «Қамқорлық» серіктестігі 5 мың теңгеден өткізіп, Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарының бірқатар қожалықтарын тұқыммен қамтамасыз етіп жүр. Оның шығымы, өнім беруі шет елдік қымбат тұқымнан кем соқпайды. Алайда өнім көлемін көбейту үшін «Қамқорлыққа» Үкіметтен қолдау қажет.

Бұдан кейін семинарға қатысушы өңір кәсіпкерлерінің алдында сөз сөйлеген Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы Марат Қожахметов қант қызылшасы тұқымын өсірудің қыр-сырын тәптіштеп айтып шықты. Баяндамасының барысында арнайы жасалған картограмманы, бейнефильмді пайдаланып, тәтті түбір тұқымын алудың технологияларына жеке-жеке тоқталып ғылыми анықтамаларды түсіндірді. Ғалымның қызылша тұқымы алынатын көшеттер жаздың қай мезгілінде қанша мәрте және қандай мөлшерде суарылуға тиіс, тәтті түбір тұқымын жерге егілуінің әдістері және тыңайтқыш беру мен әртүрлі өсімдік ауруларынан сақтаудың жолдары туралы айтқанын кеңеске қатысушылар ден қойып тыңдады.

Семинарда өңірдің ауылшаруашылық саласының ардагері Тұрғын Құрбанов қария, аудандық мәслихаттың депутаты Қуаныш Құдайбергенов, элиталық жүгері тұқымын өсіретін қожалықтың төрағасы Сатымбай Әйтиев, тәжірибелі қызылша тұқымын өсіруші Шекер Мұқаметжанова, кәсіпкер Мұрат Оспанов сөз сөйлеп, қызылша, жүгері тұқымдарын өсіру мен оларды сату мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, бүгінде елімізде стратегиялық дақылға айналған қант қызылшасының тұқымын өсіруге табиғаты өте қолайлы жазиралы Жаркент өңіріне тәтті түбір тұқымын өңдеп, өндіріске әзірлейтін және оны зерттеп жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік беретін қант қызылшасы тұқымына арналған зауыт салу қажеттілігін баса айтты.

 

 

Мырзағали Нұрсейіт
Панфилов ауданы
Жетісу облысы

Қатысты жаңалықтар

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

Ел қауіпсіздігінің маңызды тірегі

22 қараша 2026
Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

Қазақстанда Қызыл кітапқа енген сілеусінге алғаш рет GPS-қарғыбау тағылды

22 қараша 2026
Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Ливан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

22 қараша 2026
Арқар фототұзаққа түсті

Арқар фототұзаққа түсті

22 қараша 2026
Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

Жаңа Азаматтық кодекс: шарт міндеттемесімен берік болуы тиіс

22 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.