Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰПИЯ ЖАЗУ

02.04.2023
КҮЛТӨБЕ
ҚҰПИЯ ЖАЗУ

Кез келген қазақстандық отбасы секілді әйелім екеуміз екі телефонмен құшақтасып жатқанбыз. Ол қырынан, уатсаптан бірдеңе теріп жатыр, мен етбетіммен  сериал көріп жатырмын. Бір қарағанымда көтеріңкі қолдағы аппаратта терілген «ҚМЖ» деген жазуды анық көрдім. Түлен түртіп қалды. Бұл не? Шифр? Құпия жазу! Кімнен не жасырады? «ҚМЖ… ҚМЖ»… М-м-м, журналист емеспін бе, қордағы көп сөзді сапырып келгенде жүрегім «Поле чудестің» барабанындай зу етіп барып тоқтады… яғни тоқтап қала жаздады. «Қазір Менің Жанымда» дегені ме? Яғни, әңгіме мен жайлы. Сонда біреу күйеуің қайда деп сұраған болды ғой… М, зәлім! Ақырын қырымнан жатып телефонға қарағандай болып бір көзіммен экранына сықсидым. Қарашығым көзәйнегімді тесіп кетердей қадалсам да ұсақ жазуды көре алар емеспін. Ал бас әріппен терілген ірі жазуды байқауға болады. Арғы жақтағы «БЖБ» деді, тың етіп түсті. Зымиян ойдың шеңбері шыр айналып жатқанда әйелім:         … «ТЖБ» деп жауап қайырып үлгерді, сосын ұсақ әріптермен жазуға кірісті. БЖБ? А-а-а, бүгін жолығуға бола ма? дегені шығар, біздікі: жоқ, «Тағы Жөні Болар» деп сырғытты-ау шамасы. Қан қысымым көтеріліп, қойып қалуға шақ жатырмын. Ты-ң-ң. КТЖ дей ме? Бір көзбен сығалағанды қойып екі көзбен үңілуге кірістім. Мынау болмайды деген соң анау «Күте Тұрам, Жаным»,– деді-ау, әкесінікі. А?! 
– Әй! – дедім. Әйелім жалт қарағанда төбесінен төніп отыр едім. Түрім қорқынышты болса керек: «Ойбай, сізге не болды?» – деді. Бас жақтағы шкафтың дәу айнасына көзім түсіп кетіп еді, түрім шынымен жаман боп кетіпті, суға піскен шаяндай қып-қызыл боппын.
 – Әй, ш-ш-ш… БЖБ-ың не, ТЖБ-ың не? Мені осындайды түсінбейтін жас бала ғой деймісің? Кім анауың? – Жұдырық шарт түйілді.
–  Не ол? Кім? – деп қайыра сұрақ қояды, беті бүлк етпестен. Кекештеніп қалдым: – К-к-ім-мен хат жазысып жатсың деймін?! 
Саспайды. Өзінің о дүние мен бұ дүниенің ортасында тұрғанын сезбейтін секілді бейшара. 
–  А, уатсаппен бе? 
–  Әй, конвертпен хат жазатын уақыт баяғыда кетті ғой, бұйдаламай айт, – дедім. Мынау мені түсінбеген секілді, жайбарақат. 
– Че-то қызарып тұрсыз, давлениеңізді өлшейін бе? – дейді. Қазір саған екі метр жер өлшеймін, әкең деп турасынан тартайын дедім де, өйтпедім. Еркекпін ғой. Барынша сызданып: Кіммен сөйлестің? – дедім. 
– Е, әріптес қыз ғой, жас маман «ертең Бөлімаралық Жиынтық Бақылау аламыз ба?» деп сұрап жатыр. Соған: Жоқ, «Тоқсандық Жиынтық Бақылау» деп түсіндіріп жатырмын. 
Құлағым шың ете қалды. Бірдеңені дұрыс түсінбегенімді түсіндім. 
– Ал, ҚМЖ? 
– Күнде «Қысқа Мерзімді Жоспар» жазып жүрмесе директордан ұрыс естиді ғой, ескертіп, көмектесіп жатырмыз бірлестігімізбен. «Күнтізбелік Тақырыптық Жоспарын» да сай етіп алды. 
– М-м. 
Соңғысы менше «Күте Тұрамын, Жаным» екенін ұға қойып, басымды қасыдым.  Оның күмәнсіз көзқарасынан жүзімді ала қашып, қайта айнаға қарасам тағы қызарып кетіппін. Бұл ашудан қызару емес еді. Үкімет те қызық, Түлен екеуі жабылып, күпір ойға итеріп,  ыңғайсыз жағдайға қалдырды-ау. Мынау солардың білім сапасын реформалаймыз дегендерінің сыйқы болғаны. Морзеден кейін «мылқау тілді» түлеткен біздің мықтылар болд-е-е. Баяғыдағы  сабақ жоспары, күнтізбелік жоспар дегендерді өзгертіп, аббревиатураны қаптатқаннан мұғалім де, бала да  білімді болып кетпейді ғой. Одан да ОШБ (ойқы-шойқы болған)  кітаптарын түземей ме? ҚТЕ (қазақ тілі ережесін) қайтарып, БОС (білімге  ортақ стандарт) енгізбей ме, әйтпесе, әр мектеп әртүрлі баспаның әртүрлі оқулығымен,  әртүрлі тақырып оқып, оқушы біткеннің алғаны ала-құла болып жүр… Жерге қарап, өз-өзіме ҰМЖ дедім, Ұят мұның, жарқыным, дегенім еді. Дауысым қатты шығып кетсе керек, әйелім: 
– Ол: «Ұзақ Мерзімді Жоспар!» – деп тақ ете қалды.

Серік Әбікен,
 жазушы

Қатысты жаңалықтар

Жалақы мөлшері өсті

Жалақы мөлшері өсті

24.06.2025
Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

Ерлікті ұлықтау – ұрпақ парызы

24.06.2025
Кәсіпкерлікті  қолдау ілгерілеу жолы

Кәсіпкерлікті қолдау ілгерілеу жолы

24.06.2025
Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

Ұмытылмас ерлік – ұрпақ жадында

24.06.2025
Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

Жетісуда «Заң мен Тәртіп апталығы» Акциясы басталды

24.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.