Талдықорған: +7°C
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қаржылық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралардың 2025 жылғы қорытындысы

9 қаңтар 2026
КҮЛТӨБЕ, ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ, ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР, САЯСАТ
Қаржылық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған шаралардың 2025 жылғы қорытындысы
WhatsAppTelegramFacebook

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылы халықтың қаржылық және цифрлық қауіпсіздігін арттыру бағытында жүргізілген ауқымды жұмыстың қорытындысын шығарды.

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында 4 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізіліп, шамамен 4 млн азамат қамтылды.

Азаматтардың қызығушылығын арттыру мақсатында коммуникацияның заманауи әрі креативті форматтары енгізілді.

2025 жылғы негізгі нәтижелер:

 • Жылдың алғашқы алты айында қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада өткізілді. Оған 3,5 мың студент қатысты.

Олимпиада қарсаңында 2 мың мектепте және 1,5 мың жоғары оқу орны мен колледжде қаржылық қауіпсіздік сабақтары ұйымдастырылып, 800 мыңнан астам оқушы мен студент қамтылды.

 • 2025 жылдың маусым және қараша айларында «АФМ online 2025: XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» және «AFM Digital Lessons» – ҚМА-нің цифрлық қауіпсіздік сабақтары» атты республикалық форумдар өткізілді.

Сабақтар интерактивті форматта, онлайн-сауалнамалар мен жасанды интеллект қолданылған квиз-тапсырмалар және заманауи графикалық эффектілер арқылы өтті.

Іс-шараларға танымал әртістер, блогерлер мен медиа тұлғалар тартылды.

Нәтижесінде 90 ЖОО мен 263 колледжден 164 мың студент, сондай-ақ 16 мыңға жуық бюджеттік ұйым қызметкерлері қамтылды.

Серіктестер ретінде Астана қаласының әкімдігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі және «zakon.kz» ақпараттық порталы қатысты.

 • Сонымен бірге «Заңды күлкі» тақырыбымен «Жайдарман» КВН ойыны екі рет ұйымдастырылып, оған елдің 12 үздік командасы қатысты. Ойындарды шамамен 3 мың көрермен тамашалады.

 • 2025 жылдың тамыз айында ҚМА «Қарызсыз қоғам» жобасымен бірлесіп елордада 1 мыңға жуық зейнеткер мен несие жүктемесі бар азаматтарға арналған оқыту семинары мен консультациялар өткізді.

Спикерлер қаржылық пирамидалар, интернет-алаяқтық және заңсыз микроқаржы ұйымдарының қауіптері туралы түсіндірді.

 • Күзде «FinIQ – 2025» қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық онлайн-диктант өткізілді. Оған 2,8 млн азамат қатысып, оның ішінде 1,3 млн-ы оқушылар мен студенттер болды.

 • 2025 жылдың 1-15 желтоқсан аралығында қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойыны өткізілді. Ойынға еліміздің барлық өңірлерінен 10-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттерінен 800 мыңнан астам жас қатысты.

 • Қызылорда қаласында ҚМА бастамасымен «Заң мен тәртіп – ел тұғыры» тақырыбында облыстық ақындар айтысы өтті. Сөз додасында заң үстемдігі, қаржылық алаяқтық, дропперлер сынды өзекті тақырыптар жырмен жеткізілді.

 • Балаларға арналған «Қошқар мен Теке» атты қаржылық қауіпсіздік тақырыбындағы анимациялық мультфильмдер циклі әзірленді, қазіргі кезде олардың жалпы қаралымы әлеуметтік желіде 200 мыңнан асады.

 • Қаржы пирамидаларының құрбандары туралы деректі фильмдер сериясы («HAS пирамидасы туралы», «Ақшаның соңынан қуғандар», «Пирамидалық тәуелділік пе, әлде аңғалдық па?») жарық көрді. Фильмдерді шамамен 200 мың көрермен көріп үлгерді.

 • Танымал актерлер мен блогерлердің қатысуымен қаржы пирамидаларына, онлайн-казиноға, дропперлікке және өзге де заңсыз қаржы схемаларға қарсы бағытталған бірқатар профилактикалық бейнероликтер әзірленді. Контент 3,5 млн-нан астам қаралым жинады.

2026 жылы Агенттік халықтың қаржылық қауіпсіздігін арттыруға және қаржылық тәуекелдерге қарсы тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған заманауи әрі креативті тәсілдерді қолдана отырып, аталған жұмысты одан әрі күшейту жоспарлануда.

Қатысты жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары күшейтілуде

3 қараша 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

«Кітап оқитын ұлт»: Жетісуда кітап дүкені оқырман марафонының алаңына айналды

3 қараша 2026
Өркендеудің өзегі

Өркендеудің өзегі

3 қараша 2026
Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

Жаслан Мәдиев Израиль Президентімен кездесіп, маңызды келісімдерге қол қойды

3 қараша 2026
Бабалардан жеткен бұйым

«Дамумен» дамыған бизнес

3 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.