Талдықорған: +10°C
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Қасиетіңнен айналайын, ата қазақ!

28 ақпан 2026
КҮЛТӨБЕ
Қасиетіңнен айналайын,  ата қазақ!
WhatsAppTelegramFacebook

Менің түсінігімде «Алғыс» сөзі – ізгі ықылас, жақсы ниет, адал пейіл деген мағынаны білдіреді. Осындайда біреуге жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетіп, ізгі ықылас, шынайы ниетіңді жеткізсең, жығылып жатқанды тұрғызып, қамқорлық жасасаң, мейірімділік танытсаң алғыс айтқан боласың. Тіпті, разы болғаның соншалық бата беріп жібересің.

2015 жылғы 24 сәуірде өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында: «Бізге қамқорлық көрсеткен, қайырымдылық, мейірімділік жасап, Сталин жылатқан жұртты жұбатқан, көз жасын тоқтатқан Қазақ халқына ғана алғыс айтамын. Дарқандығы даласынан дарыған, тектілікке бабасынан жарыған, осыншама жұртты бауырына басқан, жылы сөзін жұртына, ұлы сөзін ұлтына айтқан Қазақ халқы. Мені осы дәрежеге жеткізген көкте Құдай, жерде Қазақ! Сондықтан Қазаққа алғысым шексіз! Ризашылық білдіремін, алдында басымды иемін» – деген болатынмын.

Қазақтың ата-бабасынан келетін бойындағы адами асыл қасиеті – жығылғанды тұрғызады, сүрінгенге сүйеу, құлағанға тіреу болады, қамқорлық жасайды. Міне, осындай сәттерде ақсақалдар батасын беріп, алғысын жаудырады. Яғни кісілік жасап, адамгершілік көрсеткен. Алғыс айту күні Америка Құрама Штаттарында да бар. Бірақ бір күндік алғыс ризашылық емес. Күнделікті жақсылық жасағанға, адал ниет білдіргенге рахмет айтасыз, алғысыңызды жаудырасыз. Менің түсінігім осы.

Бір өкініштісі, біздің ата-аналарымыз келген 1944 жылы жергілікті жұрттың бойынан табылған адами асыл қасиеттер қазір көрінбей барады. Әрине, жалпақ жұртқа жаппайын, жақсы тәрбие көрген отбасылар, жастар баршылық. Бірақ тіршіліктің түйткілімен адамгершілік азайып бара жатқаны алаңдатады. Өйткені, қазақ кең еді. Құдай мына байтақ даланы сол ниетіне сыйлаған. Қазақ өзі қиналып тұрса да, жартысын жарып, бүтінін бөліп берген. Боранда пана, шөлде сая болды. Бөлмесінің бір бұрышына кіргізді, қорғауына алды. Қабағын шытқан жоқ. Тумысынан таза, арамдықтан ада, қиянаттан шет, баршаның баласын бауырына басқан, алысты жақындатқан, аразды татуластырған Қазақ мен үшін бәрінен биік тұрады. Сондықтан қасиетіңнен айналайын, Қазаққа алғысым шексіз!

Асылы Осман
қоғам қайраткері

Қатысты жаңалықтар

Панфилов ауданында білікті бапкердің құрметіне облыстық турнир өтті

Панфилов ауданында білікті бапкердің құрметіне облыстық турнир өтті

Бүгін, 11:11
Дала дәмі дастарқанда

Дала дәмі дастарқанда

Бүгін, 11:11
Талдықорған автобустарында жол жүру тегін болады

Талдықорған автобустарында жол жүру тегін болады

Бүгін, 10:59
Талдықорғанда мәслихат депутаттарын сайлау күні «Инватакси» қызметі жұмыс істейді

Талдықорғанда мәслихат депутаттарын сайлау күні «Инватакси» қызметі жұмыс істейді

Бүгін, 10:52
Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Темірболат Жанболатұлы Ахажанов

Жетісу облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Темірболат Жанболатұлы Ахажанов

Бүгін, 10:47

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.