Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне Ресей Президенті Владимир Путиннің атынан Кремльде мемлекеттік қабылдау өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Президенті екі ел арасындағы тарихи достық пен тату көршілік қатынастардың маңыздылығына тоқталды.
– Қиын жылдарда біз бір-бірімізді қолдап, иық тіресіп қатар тұрдық. Бірге талай қиындықты жеңдік, бүгінде жадымызда сақтап, жүрегіміздің төрінде қастерлеп ұстайтын Ұлы Жеңіске бірлесіп жеттік. Ата-бабамыздан «Құдай қосқан көрші» деген сөз қалған. Ресей – Қазақстанның Құдай қосқан көршісі, – деді Мемлекет басшысы.
Президенттің бұл сөзі Қазақстан мен Ресей арасындағы ғасырлар бойғы достық, өзара қолдау және сенімге негізделген серіктестіктің символына айналды.





