Талдықорған: +10°C
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

Құнды әрі тарихи шешім

17 ақпан 2026
КҮЛТӨБЕ, САЯСАТ
Құнды әрі тарихи шешім
WhatsAppTelegramFacebook

Кемел келешектің кепілі болатын Ата Заңымыздың жаңа жобасы жасалып, республикалық референдумда халық қолдаса қабылданбақ. Бұл – еліміздің саяси дамуының жаңа кезеңіне өтетін тарихи сәт. Осыған орай «Жастар» спорт сарайында «START: Жетісу жастары – таңдау уақыты!» атты референдумды қолдауға бағытталған шара өтті. Оған аймақтағы белсенді жастар мен халық қалаулылары қатысты. 

Жиынның ашылу салтанатында ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Болат Керімбек:

– Ата Заңдағы өзгерістердің түпкі мәні – тәуелсіздігімізді нығайту, қорғау және жаңа буынға қуатты мемлекетті аманат ету. Алда үлкен таңдау тұр. Бұл жәй ғана дауыс беру емес, ел болашағын анықтайтын маңызды таңдау. Ұлттың болашағы сіздер, жастардың қолында, – деді.

Облыстық мәслихат төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Гүлнар Тойлыбаева, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев тарихи сәтте белсенділік танытқан жастарға ризашылық білдіріп, қазақстандықтарға алдағы референдумда, Жаңа Конституция жобасы бойынша өз ұстанымын білдіруге үндеу жасады.

Осыдан кейін аудандармен тікелей эфир арқылы байланыс орнатылып, әр өңірдің белсенді жастары тарихи шешімге қатысатындарын жеткізді. Шара барысында жастар флешмоб билеп, кеш қонақтары «Ozge band», «Nazar серілері», эстраданың жарық жұлдызы Баян Сұлу өнер көрсетті.

Жастар Конституциялық жобаның маңыздылығына тоқталып, ел болашағына әсер ететін тарихи шешімде қалыс қалмайтындарын айтып, ашық пікірлерін білдірді.

– Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей жұмылуымыз керек. Әр адам қабылдаған шешім біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсер етеді. Айбынды Ата Заңымызға енетін өзгерістер және толықтырулармен толыққанды таныспыз. «Референдумға бәріміз қатысайық» деген мұратпен жиналдық. Шараның мақсаты – жастар арасында саналы таңдау мәдениетін қалыптастыру, оларды қоғамдық өзгерістерге белсенді араласуға шақыру және ел дамуына жауапкершілікпен қарауды насихаттау, – деді Ақнұр Әділбай.

Белсенді жастардың бірі Айару Жетпісбай: «Бүгінгі бастама өңір жастарының басын қосып, олардың қоғамдық үдерістерге саналы әрі жауапкершілікпен қатысуына жол ашатын маңызды алаң болмақ. Ел, мемлекет болашағы жолында жасалып жатқан өзгеріске үнемі атсалысу – әр адамның борышы. Болашақ – жастардың қолында. Сондықтан біз, маңызды референдумға бейжай қарамай, бірауыздан қатысуымыз керек», – деді.

Ата Заң – мемлекетіміздің құқықтық, саяси және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағытын айқындаған, халқымыздың бірлігі мен берекесінің, тәуелсіздігіміздің мызғымас кепілі. Осындай тарихи сәтте жастардың белсенділік танытқаны бізді қуантады. Айта кетейік, Конституцияның жаңа редакциясын қабылдау немесе қабылдамау туралы соңғы сөзді халық 15 наурыз күні республикалық референдумда айтады.

 

Айдар ҚАЛИЕВ

 

Қатысты жаңалықтар

Жұмылдыру дайындығы не үшін қажет және әркім нені білуі керек?

Қауіпсіздік кепілі

24 қараша 2026
Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

Жетісуда ауыл жастарына кәсіп бастауға 3 млн теңгелік гранттар ұсынылды

24 қараша 2026
Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

Жетісуда әлеуметтік жобалар жаңа аудандарда жалғасады

24 қараша 2026
АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

АИТВ-дан сақтанудың заманауи тәсілдері

24 қараша 2026
…Туғанды биде иман жоқ

…Туғанды биде иман жоқ

24 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.