Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтар әулеті ата кәсібіне айналған балық шаруашылығымен айналысып келеді.
Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, таңдауларын жасап, дауыс берді. Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытуда.
Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдіре отырып:
«Дауыс беру- әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен таңертен ерте сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс береміз. Біз үшін сайлау- дамудың тұрақтылығы. Әрқашан оң дамуды қолдаймыз. Өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік.»- деді.
Алакөл ауданы





