Ескелді ауданы Жетісу ауылындағы орта мектепте орналасқан №237 сайлау учаскісінде сайлауға қатысуға құқылы тұрғындардың 90 пайызы өз таңдауын жасады.
Аталған сайлау учаскісінде төраға болған Қуат Қожахметовтың берген ақпараты бойынша 90 пайыздың 40 пайызын жастар, 15 пайызын ақсақалдар, зейнеткерлер, ардагерлер құраса, 35 пайызы орта буын өкілдері болды. Учаскіде тәртіп бұзу анықталған жоқ.
Жалпы Ескелді ауданы бойынша 77,26 пайыз тұрғын дауыс берген.
«ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ»





