Талдықорған: +12°C
$ 474.90
€ 555.30
₽ 6.24
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР КҮЛТӨБЕ

ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

26.12.2019
КҮЛТӨБЕ
ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
WhatsAppTelegramFacebook

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында ҚР мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтіп, өңірдің өркендеуіне үлес қосқан азаматтар марапатталды. Аудан, қала әкімдері, аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының басшылығы, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департаменттердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысқан салтанатты жиынды облыстық мәслихаттың хатшысы Сұлтан Дүйсембінов ашып, жүргізіп отырды.


Айтулы датаға орай көпшілікті құттықтау үшін мінберге шыққан облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ Жетісу жерінің жетістіктеріне тоқталып, тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдардағы қиындық пен бүгінгі күннің көрсеткішін салыстырды. Өз сөзін:
– Құрметті депутаттар, құрметті жиынға қатысушылар! Биыл елімізде мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы күнге орай баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Ширек ғасыр ішінде мәслихат өзінің қоғамдағы рөлін айқындап, өз жолын қалыптастырды, – деп бастаған өңір жетекшісі мәслихаттардың қоғам дамуы кезінде атқарған міндеті мен жауапкершілігі жайында айтып өтті. – Мәслихат қашанда халықтың үнін жеткізетін бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпір. Өкілетті орган ел сеніміне ие болып, сайлаушылардың мүддесіне сай жұмыс істеуде. Осы ширек ғасыр ішінде облыстық мәслихатты Ахет Бақтыбаев, Қуаныш Құрмашев, Едіген Жүнісбеков, Ардақ Сыдық, Серікжан Бескемпіров, Ермек Келемсейіт, Серік Мұқанов сынды тәжірибесі мол, істің ретін жетік білетін мамандар басқарды. Бүгінгі күні Сұлтан Мырзабекұлы Дүйсембінов басшылық етіп отырған депутаттық корпус та өзіне артылған міндетті абыроймен атқарып отыр. Жуырда мәслихаттардың құрылғанына 25 жыл толуына орай Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық конференцияға біздің облыстан да делегаттар қатысып, Сұлтан Мырзабекұлы өңір депутаттарының атқарған қызметі туралы кеңінен әңгімеледі. Қазірде мәслихат депутаттары құрамында өмірден түйгені көп, еңбекте тәжірибесі мол, елге беделді азаматтар жетерлік. Күні кеше ғана «Nur Otan» партиясының өңірлік филиалдары-   ның басшыларымен өткізген кездесуінде Елбасы жергілікті мәслихаттардағы депутаттық фракциялардың партиялық жауаптылығын күшейту  қажеттігін атап өтті. Сол сияқты барлық деңгейдегі мәслихаттардың жұмысын жақсартып, мәртебесін нығайту жөнінде де тапсырма берді. Бүгінгі депутаттық корпустың Елбасының тапсырмасын лайықты орындауға барлық мүмкіндігі бар және оған әрбір депутат белсене атсалысады деп ойлаймын.

Амандық Баталовтың айтуынша, биыл экономиканың барлық негізгі салаларында өсім бар. Әсіресе, өнеркәсіп өндірісі 5,5%-ға ұлғайып, жыл соңында өнім көлемі 1 триллион теңгеге жетсе, ауылшаруашылығында жалпы өнім 800 миллиард теңгені құрап, 103,2% өсім қамтамасыз етілді. Облыс экономикасына 522 миллиард теңге инвестиция тартылып, 46 мың жаңа жұмыс орнының ашылуы арқылы республикадағы ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіліп отыр.

Келесі кезекте жарыссөзге шыққан облыстық мәслихаттың депутаты Найля Үмбетова мен мәслихаттың бірнеше шақырылымының депутаты, Ескелді ауданының Құрметті азаматы Қалабек Тастанбеков мәслихаттардың 25 жылдығына орай көпшілікті құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді.

Салтанатты жиын соңында Алматы облысының жергілікті өзін-өзі басқару саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар ҚР Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»  мерекелік медалімен, «Қазақстан мәслихаттарының республикалық қоғамдық бірлестігінің» «Құрметті депутат» төсбелгісімен, облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен және Құрмет грамотасымен марапатталды. Марапатталушылардың қатарында облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін, «Өлке тынысы» ЖШС-нің директоры Мейрам Жанадилов «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл»  мерекелік медалін кеуделеріне қадады. Әріптестерімізді мерейлі марапаттарымен құттықтаймыз.

Мәди АЛЖАНБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Жердің тілін білген

Жердің тілін білген

14.04.2026
Талдықорғанда жолды жөндеу жұмыстары басталды

Талдықорғанда жолды жөндеу жұмыстары басталды

14.04.2026
Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевты қабылдады

14.04.2026
Доллар бағамының төмендеуі Қазақстан бюджетіне 146 млрд теңге шығын әкелді

Доллар бағамының төмендеуі Қазақстан бюджетіне 146 млрд теңге шығын әкелді

14.04.2026
Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет?

Сумен жабдықтауды есептегіш құралдармен қамту: су есебі не үшін қажет?

14.04.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.